7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 9-класса Әбілхан Қастеев туындылары. Қалау рай

Урок по казахскому языку для 9-класса Әбілхан Қастеев туындылары. Қалау рай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев туындылары. Қалау рай

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

көрнекті қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет бере отырып, адам өміріндегі өнердің маңыздылығын, алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, сөйлем құрау дағдыларын дамыту;

сыни тұрғыдан әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік:

оқушыларды ұлы суретшінің өмірін үлгі - өнеге тұту арқылы ұлтжандылыққа, еңбекке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыр;

рухани - адамгершілік құндылықтарды тереңдетіп өз өмірлерінде пайдалана білуге, өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

- Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

- Жалпы адамзаттық құндылықтарды біледі.

- Ақиқат құндылығы мен шындық қасиеттерін ашады.

Сабақтың түрі: кіріктірілген, шығармашылық, интерактивті

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жеке. жұп, топпен жұмыс, түсіндірмелі, талдау, әңгіме, ой қозғау, сатылай кешенді талдау, АКТ, аудио - видео әдістері,.

Пән аралық байланыс: Өзін - өзі тану, әдебиет, тарих, бейнелеу өнері. Көрнекіліктері: Қастеевтің суреттері, газет - жұрналдар, қосымша көркем әдебиеттер, интерактивті тақта, нақыл сөздер, үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар, стикерлер.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, шеңбер жасау, тақпақ айту, 1, 2, 3сандары бойынша 3 топқа бөлу)



II. Үй тапсырмасын сұрау

1. «Қазақ бейнелеу өнері тарихынан» тақырыбы бойынша 3 - тапсырмада дұрыс сөйлемдер жасау, жалғаулы сөздерді ажырату.

2. Сұрақтарға жауап беру:

Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Оның салалары қандай?

Қазақ суретшілерінен кімдерді білесіңіздер?



III. Жаңа сабақ.

Мақсат қою кезеңі:

Нені білуіміз керек?

1. Қазақтың бейнелеу өнерінің салалары туралы

2. Әбілханның суретшілік шеберлігі

3. Ұлы бабаларымыздан қалған даналық өсиет сөздерін білу

Нені үйренуіміз керек?

1. Қазақ суретшілері туралы;

2. Етістіктің қалау райының жұрнақтарын дұрыс қоя білуді;

3. Жалпы адамзаттық рухани - адамгершілік құндылықтарды бабалар сөзінен үйрену

2. Дәйексөз.

«Озар елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді»

Мақал

1. Дәйексөзді оқыту.

2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?

3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

4. Қорытынды сөз.



Озар елдің дегенде балалар, менің ойыма Ахмет Байтұрсынов атамыздың

«Басқалардан кем болмас үшін бізге білім, байлық және күш керек» деген сөзі келіп тұр. «Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін еңбек ету керек, күшті болу үшін бірлік керек. Осының бәрі болу үшін сабырлық керек» дейді. Сабырлықтың арқасында еліміз озық, ұл, қыздарымыз өнерлі болмақ.



І. Қызығушылығын ояту. Ой шақыру.

«Сурет» туралы не білеміз? Әркім жеке - жеке сөз жасау, тізбектей жазу, жұбымен бөлісу, топта талқылау, топ мүшесінен біреуі жауап беру. Видеоролик көрсету: «Әбілхан Қастеев» Сабақтың тақырыбы: «Әбілхан Қастеев туындылары»

Сабақтың тақырыбында қазақ тіліне тән дыбыстар бар ма? Фонетикалық талдау жасайық (ауызша)

Ә - дауысты,

І - дауысты,

Қ - дауыссыз,



1. Қазақ халқының сурет өнерінің басында кім тұр?

2. Әбілхан туралы не білесіңдер?

3. Қастеев туралы өздерің оқыған тың мәліметтер туралы айтыңдар?

4. Әбілхан Қастеев ұстазының «Бұл өнерді қайдан үйрендің?» - деген сұрағына не деп жауап береді?

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан.

Анамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен - үйрендім деп жауап береді. Осы жауабынан нені байқауға болады?

- Оның өз елінің табиғатын шексіз сүйгенін, оның әрбір затынан өзіне үлгі алғанын және анасына деген құрметін, сүйіспеншілігін, сағынышын байқауға болады.

Бүгін біз еліміздің ардақты ұлы, аты аңызға айналған суретші Әбілхан Қастеев туралы, оның өмір жолының қалыптасуы және шарықтау кезеңдері туралы әңгімелейміз. Әбілхан Қастеев өзінің табиғи сезімталдығының арқасында талай көркем дүниелерді өмірге әкелді, олардың негізгі арқауы туған жерге, өз халқына деген орасан зор сүйіспеншілік еді.



1 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс

жарқын құбылыс - яркое явление;

әкесінен ерте айырылған - оставшись рано без отца;

таңғалдыру - удивить;

даму - развитие;

үлес қосу - внести вклад;

дүниетаным - познание мира;

ерекшеліктері - особенности;

назар - внимание.



(Топпен жұмыс) Топтың аттары:

1. «Жазушылар»

2.«Суретшілер» 3. 3. 3. «Тілшілер»

Топ басшыларын тағайындау

Тапсырмалар:

І топ: Суретшінің өмірі.

ІІ топ: Суретшінің туындылары. Өздері салған суреттер жөнінде әңгімелеу

ІІІ топ: Суретшінің мұражайы. Мұражай жөнінде мәлімет беру 1. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер толтырып, қорғайды.

2. Армандарыңыз қандай? Кім болғыңыз келеді? Әр топ өзінің атына сәйкес армандай отырып, етістікті қалау райға айналдырту.

Интерактивті тақтада етістіктің райлары ережесін түсіндіру. Берілген етістіктерді қалау райға айналдырып жазу.

Берілген етістіктердің райлары бойынша графикалық диктант жүргізу.

Топ бойынша тапсырмалар беру: (топтық жұмыс)



І топ: INSERT стратегиясы бойынша кесте толтыру

ІІ топ: 5 жолды өлең құрау Әбілхан Қастеевке

ІІІ топ: Эссе жазу



Қалау рай туралы мәліметтерді есте сақтап, берілген етістіктерден қалау рай формасын жасап, сөйлемдер құраңдар.

Бару, болу, көру, салу, үйрену, жазу.

Бар+ барғым келеді, бол+ болғым келеді, көр+ көргім келеді, сал+ салғым келеді, үйрен+ үйренгім келеді, жаз + жазғым келеді.

Мысалы: Мен Қастеев атындағы мұражайға барғым келеді.



IV. Бекіту.

Өнер, білім, достық туралы мақал - мәтелдер айту.( Ойын « Кім жылдам?»)

1. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

2. Ақыл озбайды, білім тозбайды.

3. Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

4. Оқу инемен құдық қазғандай.

5. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

6. Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.

7. Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.

8. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

9. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

- Жарайсыңдар балалар, осы мақалдың бәрі не туралы? Өнер - білім, достық, жақсылық туралы.



9. Түйіндеу

Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан дүниесінде ішкі тыныштық орнап, біреуге қиянат жасамаса іс - әрекеті өз жемісін береді.

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың дәйексөзін еске түсірейік.

«Озар елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді» - деп аяқтайық.

Ендеше, барлығың оқуларыңды жақсы оқып, өнерді сүйе біліңдер, келешек елге қалаулы үлкен азамат болып, еліміздің өркендеуіне еңбек етіңдер. Көк туымызды әрқашан биіктен желбірете берейік!



3) Топпен ән айту. Ән «Көк тудың желбірегені».



Үйге тапсырма. Қастеев атындағы өнер мұражайы туралы реферат әзірлеу.

Бағалау. Топ басшылары өз мүшелерін бағалау

Рефлексия. Сабаққа деген өз көңіл - күйлерін білдіру. «Басбармақ»

Сабақ «өте жақсы» ұнады, «жақсы» ұнады, «онша» ұнаған жоқ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал