- Учителю
- Тақырыбы: 'Табу сөздер' (5-сынып)
Тақырыбы: 'Табу сөздер' (5-сынып)
Пән аты: қазақ тілі
Сыныбы : 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Табу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: әдет - ғұрыпқа байланысты сөздердің балама түрінде айтылуын мысалдар арқылы көз жеткізу және табу сөздерден алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелілігі: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке туысқан арасындағы қарым - қатынасының берік болуына тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, салт - дәстүр, әдет - ғұрнып ұғымдарын дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Танымдық әрі жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс,
мәтін құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: Табу сөздерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап
жазылған көркем әдебиеттен үзінділер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
2. Қ.Мырза - Әли
Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзден ол арыған.
Сипақтама, терлеме,
Сөйле, қане, ұшыңдар,
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа,
Айналады тіл тапсаң.
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қасыңда.
Байлық деген байлық па,
Тіл байлығы жанында.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-
Зымыран сұрақтар
-
Лексика дегеніміз не?
-
Сөз деп нені айтамыз?
-
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
-
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
-
Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?
-
Омоним дегеніміз не?
-
Синоним дегеніміз не?
-
Антоним дегеніміз не?
-
3 қатарға 3 түрлі өлең оқып, оның авторы кім екенін сұрау. Тапқан авторының тапсырмасын орындау.
Тапсырмалар:
-
Басқы әріптерінен «Қазақстан» деген сөз құралатындай етіп төмендегі сөздерге синонимдес сөздер ойлап табыңдар.
Әскер, маңай, жұбай, көрік, мейман, жақ, ас, кідіріс, ар.
(Жауабы: қол, айнала, зайып, ажар, қонақ, садақ, тамақ, аял, намыс)
-
Мына сөздердің антонимдерін жазыңдар.
Қараңғы, алып, аласа, ақ жүрек, жылы қабақ, ыстық бу, көзге ілмеу, аты жер жару, аузы - аузына жұқпау, күн құрғатпай келу.
Жауабы: жарық, ұсақ биік, қара жүрек, суық қабақ, суық бу, көзінен таса қылмау, ауызға ілінбеу, жұмған аузын ашпау, ат ізін салмау.
-
«ВЕНН» диаграммасын толтыр:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ТАБУ
ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөзер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Табудың түрлері:
-
Қазақтың ескі әдет - ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған - туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т.б
-
Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды - жасыл, шешек ауруын - қаарасан, қасқырды - ұлыма деген, т.б.
ІҮ. Сабақты бекіту.
-
Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.
- Тентекжан - ау, мені тастап бара жатқаның ба? - деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б.Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой.
-
Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар - бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.
Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:
-
Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді.
-
Кітаппен жұмыс.
101-жаттығу. (мәтінді оқып, мазмұн желісін сақтап айту, мәтін ішінен табу сөздерді табу)
-
Шығармашылық жұмыс
«Туыстық қарым - қатынас» тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.
-
Топпен жұмыс
«Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп»
-
Тату, көп сөзінің антонимін табу
-
ат, ас сөздері қолданылуына қарай қандай мағыналар беретінін мысалмен дәлелдеу.
-
берілген мақалда табу сөз бар ма? Болса қайсы? Мағынасын ашып түсіндір.
-
«Сатыға кім шығады?» ойыны бойынша өз отбасыларында табу сөздерді қолданып жүргендері болса, соны шапшаң жазу.
Ал, балалар, сендер осы сабақ барысында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде осы атауларды үйлеріңде айтасыңдар ма? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер?
Ү. Сабақты қорытындылау
1. Табу сөздер дегеніміз не?
2. Мұғалім сөзі:
- Балалар, сендердің тілдерің бай, көркем екенін байқадым. Өйткені, сендер сабақта лексика тарауының әрбіреуіне толық жауап беріп, өз ойларыңды жеткізе білдіңдер. Туыстық атауларды да біледі екенсіңдер.
ҮІ. Оқушы білімін бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
1. Табу
3. 103 - жаттығу