7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі сабағы. Тақырып: Көктем. 3 Сынып

ҚАзақ тілі сабағы. Тақырып: Көктем. 3 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


3 сынып

Сабақтың тақырыбы:Көктем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Көктем.» тақырыбына байланысты алған білімдерін қорыту.

Дамытушылық: логикалық өй-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасау, сабақта оқушылардың ойлау, сойлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойын дұрыс, толық, тиянақты айта, жаза білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, өзін қоршаған ортаны бағай білуге, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді қорытындылау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

/Балалар бүгін бізге қоңақтар келді./

2) Қонақтармен амандасу.

-Сәлеметсіз бе !

Отырыңдар.

3) Кезекшімен сөйлесу.

-Сыныпта кім кезекші?

-Бүгін кім жоқ?

-Қазір қай жыл мезгілі?

Балалар терезеге қарайық.Көктем жыл мезгілі деп айтамыз, бірақ қар ерімей жатыр.Весна лишь только в нашем кабинете.Зима никак не хочет уходить и не уступает свое место весне.А ведь у нас тема нашего урока «Көктем».

- Балалар, не істейміз? Что же делать?

-Көктемге көмектесеміз!

-Дұрыс ,балалар, көктемге көмектесейік.

Ал ол үшін «Қыс» берген тапсырмаларды орындайық.Снежная Корлева -«Қыс ханшайымы» дала нам нелегкие задания, но если мы их выполним, то и в наши края придет настоящая весна. «Көктем» келеді.


  1. Үй тапсырманы тексеру.

«Көктем» тақырыбына өлең білесіңдер ме?

Наурыз.

Наурыз келді шуақты,

Шаттанбаған бар ма алап?

Жылғалармен су ақты.

Бүрін жарды тал-дарақ.


Көктем.

Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты.

Мамыр.

Мамыр келді ән-думан,

Көлде аққу қалқыды.

Орақ түскен шалғыннан

Жұпар иіс аңқылды.


Көктем.

Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп,

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Сәуір.

Сәуір келіп жетті енді,

Дала гүл-гүл жайнады.

Жырға қосып көктемді,

Әнші құстар сайрады.


-Жарайсыңдар.Бірінші тапсырманы орындап шықтық.

  1. Жаңа сабақ.

1.Работа в парах.

Менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

-Көктемде күн қандай болады?

-Көктемде күн жылынады.

-Көктемде не ериді?

-Көктемде қар ериді.

-Көктемде не жауады?

-Көктемде жаңбыр жауады.

-Көктемде нелер ұшып келеді?

-Көктемде құстар ұшып келеді.

-Қандай құстар ұшып келеді?

-Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл ұшып келеді.

-Көктем айларын ата.

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Қазір қай ай?

-Қазір наурыз айы.

-Көктемде мерекелер бола ма?

-Иә, көктемде мерекелер болады.


Әр мерекенің өз суретін тауып, мәнерлеп оқы.

8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні.

22 наурыз-Наурыз мерекесі.

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

9 мамыр-Жеңіс күні.


Наурыз тойы туралы кім, не біледі?


Наурыз-жыл басы. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді.Наурызды жақсы тілекпен тойлайды.Наурыз көже жасалады.


Посмотрите какие красивые снежинки, но мы не поддадимся ее колдавским чарам. И зделаем все чтобы снежинка растаяла.


Кітаппен жұмыс. 163 бет . 1-тапсырма

Мәтінді оқы, аудар.

Көктемде.

Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.

Балалар тағы қар жауыптыр, бұны да ерітиік.

Мәтін бойынша жауап бер. Карточкамен жұмыс. Балалар өздері сұрақтарды оқып, жауап береді.

1.Қай жыл мезгілі келді?

2.Нелер гүлдеді?

3.Нелер жылы жақтан ұшып келе бастады?

4.Алмас не істеді?

5.Ұяға неше қараторғай ұшып кірді?

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Көктемде наурыз мерекесі болады.

Көктемде құстар ұшып келеді.

Көктемде күн жылы болады.

Көктемде гүл өседі.

Сергіту сәті.

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

-Балалар мына үш қарлығаш өз ұяларын істеп бітіре алмай жүр. Егер сендер сөлемдерді дұрыс құрастырсандар қарлығаштар өз ұяларын тауып сендерге риза болады.


МУЗЫКА ҚОСУ.

Наурыз көктемнің бірінші айы.

Сәуір көктемнің екінші айы.

Мамыр көктемнің үшінші айы.


Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет.

Бірінші, екінші, үшінші.

Балалар, а вы заботитесь как Алмас делаете ли вы весной скворечники, кормите ли вы птиц? Молодцы.


Какая весна без цветов?


Көктем гүлдері.

Бәйшешек,қызғалдақ,қалампыр,меруертгүл

Фонетикалық талдау. Қызғалдақ.

/По времени/ Бәйшешек/

Б-дауыссыз, ұяң

Ә-дауысты, жіңішке

Й-дауыссыз, үнді

Ш-дауыссыз, қатаң

Е-дауысты, жіңішке

К-дауыссыз, қатаң


Жұмбақты шеш. Шешуін үш тілде айт.

1.Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті.

(Қар)

2.Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді.

(Бұлбұл)

Фонетикалық талдауды тексереміз

Сабақты қорытындылау.

Балалар мында қарандар, қар еріп бәйшешек шыға бастады.

Соңғы тапсырма. Сөзжұмбақты шешейік.

1.күн

2.синий

3.праздник

4.птицы

5.подснежник

6.май.

Міне балалар «Қыстың» барлық тапсырмаларын орындадық. Зима здалась и покидает нас, а к нам идет весна.

МУЗЫКА ҚОСУ.

Көктем келiп табиғат қысқы ұйқыдан оянып жатыр. Күн шуағын бiзге сыйлап тұр.

Көктем:

«Құдiреттi күн мен сенi жақсы көремiн,
Құдiреттi күн мен сенен өтiнемiн,
Құдiреттi күн тыныштық бере гөр.
Құдiреттi күн денсаулық пен жылулық сыйла!»

Мен де сендерге балалар денсаулық тiлеймiн!

Весна вам пожелала здоровья, а чего желаете вы сами? Мынау наурыз ағашы тілектерді орындайды. Тілектерінді жазып мына ағашқа жабыстыра қойындар.

ҮІ. Үйге тапсырма.

«Көктем.» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелу.


Бағалау. Сегодня был необычный урок. Благодоря вам к нам пришла долгожданная ВЕСНА. Оценки сегодня тоже необычные.


Көктем сендерге бәйшешек гүлмен бірге бағаларыңды таратады



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал