7


  • Учителю
  • Урок по самопознанию на тему Жақсылық жасай білейік (4 класс)

Урок по самопознанию на тему Жақсылық жасай білейік (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін -өзін тану сабағының құрылымы.

Мектеп 4 ОМ. Мерзімі: 29.12.15ж. №16

Тақырып: Жақсылық жасай білейік.

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық.

Мұғалім: Жакибаева А.З. Сынып: 4 «б» Оқушылар саны: 18Мақсаты: Жақсылық жасаудың дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: -оқушыларға жақсылық арқылы дұрыс әрекеттің мәнін ұғындыру; -оқушыларда қамқорлық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(сюжетті

суреттер)

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық)



Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Үй тапсырмасын тексеру: «Менің жақсылығым» әңгіме.

  • Жақсылық жасау дегеніміз не?

  • Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?



Дәйексөз:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Халық мақалы.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәрі қосылып айту.

-Неге жақсының жақсылығын айту керек?

Әңгiмелеу: «Жақсылық» ертегі.

-Адамның бойында қандай қасиет болды?

-Адам кімдерге жақсылық жасайды?

-Адамның істеген істері дұрыс деп ойлайсындар ма?

-Дұрыс әрекет жасау керек пе?



Шығармашылық жұмыс: жеке жұмыс.

«Менің жасаған қамқорлығым»



Топпен ән айту: «Дос болайық, бәріміз»

Сөзі: Х.Талғаров Әні : И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер!



Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Үй тапсырмасы:

17-сабақ: «Қанат пен Жанат» Б.Әділов әңгімесі. Оқып келу.

Соңғы тыныштық сәтi:

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал