- Учителю
- Ашық сабақ Жастардың киімдері
Ашық сабақ Жастардың киімдері
Қазақ тілі
7б - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жастардың киімдері
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: қазіргі жастар киімі туралы түсініктерін арттыра отырып , ашық, шартты райлар , тұйық етістік түрлерін қайталап , әр түрлі жұмыстар жүргізу барысында пысықтау.
2) дамытушылық: оқушылардың тілдерін дамытып , сөздік қорларын байыту, танымдық қасиеттерін арттыру.
3) таза, сәнді киіне білуге , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты түгендеп , сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қайталау барысында сұрақтар беру:
1. Ашық рай дегеніміз не?
2. Шартты рай ше?
3. Тұйық етістік деп қандай етістікті айтамыз?
4. Жолға шығатын киім қандай болу керек?
Өткен сабақты қорыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың эпиграфы : «Жақсы киіну - жақсы ойлаудан басталады»
Жаңа сабақ бастамас бұрын мынадай сұрақтар беру :
1. Қазіргі жастар қалай киінеді?
2. Сендерге қазіргі киім үлгілері ұнайды ма?
3. Өздерің қалай киінгенді ұнатасыңдар?
Ендеше , балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Жастардың киімдері» деп аталады.
1. Оқулықтағы «Жастардың киімдері» мәтінін кезекпен оқу.
2. Мәтін бойынша сұрақтар беру:
а) Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болу керек?
ә) Қыздар қандай түсті киімдер киеді?
б) Жастарға қандай матадан киім тігіледі?
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
жастар - молодежь
үйлесу - соответствовать
жарасымды - подходящий
арзан - дешевый
маңызды - значимо
4. Карточкалармен жұмыс. Әр оқушы тақтада берілген екі етістікті ашық , шартты рай және тұйық етістік формаларына қойып жазады.
Амандас , күл, сула, мақта, жина, сүрт.
5. Оқулықтағы суретпен жұмыс.Оқушылар суреттерге қарай отырып , қыздардың қай уақытқа сәйкес киінгендіктері туралы ауызша әңгімелеп айтады.
6. «Жастардың киімдері» мәтінінен ашық,шартты райлардағы және тұйық етістіктерді тауып, тақтаға жазып, талдайды.
7. Сергіту сәті.
8. 1-баған мен 2-бағанадағы сөздер тіркесін сәйкестендіре отырып сөйлемдер құрастырып жазу
9. Семантикалық кестемен жұмыс.Оқушылар етістік түрлерін кесте бойынша анықтайды.Әр оқушыға әр түрлі сөздер беріледі.Үлгі:Өсті
Тігеді
Шықса
Кию
Білуіңіз
ІV. Сабақты қорыту.Қорытынды кезінде мынадай кесте беріліп , оқушылар оларға бұрынғы,қазіргі,келешектегі киім үлгілерінің суреттерін жабыстыра отырып , қорытынды жасайды. Кесте үлгісі:
V. Үй тапсырмасы. «Жастардың киімі» мәтінінің мазмұнын дайындау ,
3 ашық райдағы ,3 шартты райдағы ,3 тұйық етістік жазу.
VІ. Рефлексия.
VІІ. Бағалау.Оқушыларды сабаққа қатысуларына сәйкес бағалаймын.
Қазақ тілі
7б - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қорықтар
Мақсаты:
-
білімділік: Қазақстанның қорықтары, олардың мақсаты туралы түсінік беру;
-
дамытушылық:қазақ тілінде еркін сөйлей білуге дағдыландыру,тілдерін жаңа сөздермен байыту,туынды зат есімдерді пысықтау,сабақ барысында оқушылардың ойлау,көру қабілеттерін , ой-өрістерін , танымдық қызығушылықтарын арттыру;
-
тәрбиелік: балаларды адамгершілікке , татулыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: тізбектеп оқу , сұрақ - жауап , әңгімелеу, талдау - жинақтау, жұптық жұмыстар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру .
Сабақтың көрнекіліктері : оқулық , бейнеролик , сөзжұмбақ , суретті таблица , стикерлер , кішкентай қорапша , слайд , маркер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет , география , бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Мұғалімнің сөзі:
-Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ өтеді. Себебі , сабағымызға қонақтар келіп отыр.
2. Психологиялық дайындық:
а) шеңбер жасап тұрып , оқушылар бір -біріне тілектер айтады;
ә) келген қонақтарға да тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
(бір оқушы үйге берілген тапсырманы айтады)
Оқушылар тақта алдына шығып , таратылған стикерлерге бір - біріне сұрақтарды жазады да , мұғалімдегі қорапшаға салады.
Сосын кезекпен әрбіреуі бір сұрақтан қорапшадан алып , оған жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру)
Аңшылық кәсіп және жөнсіз аулау ,табиғи апаттардың салдарынан , өзен , көлдер мен мұхиттардың ластануынан кейбір жануарлар мен құстар мүлде құрып кеткен , ал көбі сирек кездесетін түрге айналған.Жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету себептері анықталған соң , проблемалық сұрақ туындайды:
Құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеу керек?
Сол себепті де арнайы қорықтар ұйымдастырылған.
Қорық- ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды.
Мұнда арнайы қорықшылар бар.
Қорықшылар жануарларды бақылайды , қыста қосымша жем береді , ересек жануарлар мен олардың төлдерін есепке алады. Аңшылардың қорыққа рұқсатсыз аң аулауға кіріп кетпеуін қадағалайды.
-
Оқулықтағы «Қорықтар» мәтінін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. (233-234 беттер)
-
Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.
Тұтас табиғи аймақтар - большие природные зоны
Қорықша - небольшой заповедник
Шағала - чайка
Табиғат қазынасы - богатство природы
-
Қорықтар туралы слайд көрсетіліп отырады да,
Оқушылар олар жайлы шағын хабарламалар оқиды.
-
Суретті таблицамен жұмыс.
Туынды зат есімдер жасап жазу.
Таблицаның сол жағында суреттер , оң жағында туынды зат есімдер жасайтын жұрнақтар .
Мысалы : дәрінің суреті + хана жұрнағын жалғап, дәріхана сөзін жасайды , т.б.
-
Тыныштық сәті.
Әсерлі бейнеролик көру.
-
Оқулықтың 234-235 - беттеріндегі ауызша тапсырманы орындау.
Мына сөйлемдерді пайдаланып диалог құрыңдар.
-
Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?
-
. . . .
-
Алматы мемлекеттік қорығы қай өңірде орналасқан?
-
. . . .
-
. . . ?
-
Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы Талас Алатауында орналасқан.
-
Ақмола облысының су - батпақты аймағында қай қорық орын тепті?
-
. . . .
-
. . . ?
-
Оңтүстік Алтай өңірінде Марқакөл мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған.
-
. . . ?
-
Алматы облысының Талдықорған аймағында Алакөл қорығы бар.
-
«Қорықтар» мәтініндегі жұрнақтар арқылы жасалған туынды зат есімдерді тапқызу.
Оларды тақтаға жазып , жұрнақтарын көрсетеді.
Өс-ім-дік-тер-і , аң-шылық, шаруа - шылығ- ы-на , қорық- ша -лар , қамқор-лығ- ы- ның.
9.Сөзжұмбақ шешу: « Қорықтар»
ІV.Сабақты қорыту
-
1 оқушы тақта алдында «Табиғатым» өлеңін оқиды.
-
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Табиғат- біздің байлығымыз. Сондықтан қоршаған ортаны ластамайық , сақтайық. ҚР-ның Конституциясында да айтылған : «Табиғатты қорғау және сақтау- әрбір адамның міндеті».
V. Үй тапсырмасы : «Қорықтар» мәтінін аудару.Жаңа сөздерді жаттау.
VІ. Бағалау.
5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары
-
Үнді дауыссыздар қатарын көрсет
а) қ ,ң ,т
в) ғ ,с ,ш
с) р ,л ,й
д) м, щ ,к
е) з ,д ,в
-
Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін көрсет
а) алтын сақина
в) темір күрек
с) күміс күлкі
д) жүйрік ат
е) терең құдық
-
Жаңа сөзді анықта
а) кепеш
в) мұрат
с) найза
д) зейнетақы
е) жүзім
-
Көптік жалғаулы сөзді белгіле
а) барлық
в) сардар
с) дауылпаз
д) айдар
е) ауылдар
-
У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді тап
а) қону
в) апару
с) суару
д) көңілдену
е) бару
-
Ақылды сөзінің антонимін көрсет
а) ақылсыз
в) жомарт
с) ақымақ
д) сараң
е) қатал
-
Бірыңғай ашық буынды сөзді анықта
а) арман
в) берекелі
с) сапарға
д) ауылдық
е) егіске
-
Туынды сөзді көрсет
а) мұғалім
в) қара
с) оқушы
д) әлемге
е) данышпан
-
Кәсіби сөзді тап
а) сым
в) жылым
с) ауқат
д) азот
е) құдағай
-
Біріккен сөзді анықта
а) құрылысшы
в) көкпеңбек
с) Қазанғап
д) басқар
е) ұстаз
-
Сөз ішіндегі кейінді ықпалды көрсет
а) Арыстанбек
в) үрмелі
с) әркім
д) Айтбай
е) белгілі
-
Термин сөзді анықта
а) бастауыш
в) дәрі
с) қолғап
д) емхана
е) бастаушы
-
Диалект сөзді анықта
а) қант
в) әңгелек
с) құмшекер
д) садақ
е) нарық
-
Тайға таңба басқандай тұрақты тіркесінің мағынасын тап
а) анық
в) бұрылу
с) шошу
д) көмескі
е) қарау
-
Қос сөзді көрсет
а) бүгін
в) тоқсан
с) алып келді
д) қыс бойы
е) өзінен өзі
16. Қысқарған сөзді анықта.
а) грамм
в) ажарлы
с) пединститут
д) мәдениет үйі
е) азан- қазан
-
Дисфемизм сөзді белгіле
а) өмірден өтті
в) құлағының мүкісі бар
с) терең ойлы
д) ақсақ
е) сөзуар
-
Омоним болатын сөзді тап
а) он төрт
в) қаз
с) сенім
д) семіз
е) ыдыс
-
Кірме сөзді анықта
а) ауыл
в) домбыра
с) қашық
д) бақыт
е) бәтеңке
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді тап
а) қазыққа
в) баланікі
с) суретте
д) қағазға
е) адамды
-
Жалқы есімді анықта
а) Орман
в) Қарлығаш
с) Тасбақа
д) Тауық
е) Қарға
-
Буын талғайтын әріптерді көрсет
а) м , с
в) ұ , ү
с) ғ , қ
д) о , е
е) т , к
-
Жуас сөзінің синонимін белгіле
а) тентек
в) айбатты
с) момын
д) асау
е) жуан
-
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсет .
Иненің көзі өте кішкентай екен.
а) иненің
в) көзі
с) өте
д) кішкентай
е) екен
-
Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді тап
а) ал алмау
в) Сарарқа
с) күздігүнү
д) қақ пөлу
е) бара алмау
25. Эвфемизм сөзді анықта
А) саңырау
В) аяғын сылти басады
С) ұрлықшы
Д) өсекші
Е) ақсақ
Тілім менің - тұғырым
Тақырыбы: «Тілім менің - тұғырым» атты сайыс (тіл мерекесіне арналған)
Мақсаты:
а) оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдің қоғамдағы орны мен маңызын ұғындыру
ә) ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру
б) ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін құрметтей білуге баулу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,қанатты сөздер, суреттер
Әдісі: сайыс
Өту барысы
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Мектебімізде жыл сайын 22 қыркүйек «Тіл мерекесі» аталып өтіледі.
Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
Ана тілін сүймейтін, қадірлемейтін адам кемде - кем шығар.
Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тілімізде ән, жыр естіп, бойымызға дарытып келеміз. Біздің тіліміз ұлылар сөйлеген кемеңгер тіл, дана тіл. Ата - бабамыз аманат етіп кеткен осы тілімізді шұбарламай,бізден кейінгі ұрпаққа жеткізейік.
Ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай:
Ана тілі - арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте! - демекші, тілімізді құрмет тұтайық, асқақтатайық!
Тілімізді құрметтегеніміз - елімізді құрметтегеніміз.
Бүгін біз осыған орай сайыс өткізгелі отырмыз.
Сайысқа екі топ қатысқалы отыр: «Ғарыш» және «Жалын» топтары
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
І.Таныстыру, сәлемдесу
ІІ.«Ең тапқыр кім?» ( жылдарға қатысты сұрақтарға жауап беру)
ІІІ. «Ойлы болсаң, тауып көр!» (тілге,әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беру)
IV.«Шебер ойнаушы» (актерлік шеберліктерін көрсету)
V. «Ең білгір топ басшысы» (әртүрлі сұрақтарға жауап беру)
Ең әуелі әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Ал енді сайысымызды бастайық.
І кезең.Сайысымызды таныстырудан бастаймыз.
Екі топ кезекпен шығып, өздерін таныстырады.
ІІ кезең. «Ең тапқыр кім?»
Интербелсенді тақтада жылдар шығып отырады. Оқушылар сол жылдары қандай айтулы оқиға болғандығын айтулары керек.
Егер бір топтан біреу дұрыс жауабын айтса, сол топ тағы да келесі жылдың жауабын айту мүмкіндігін алады.
Тапсырмалар мынадай: 1989 жыл, 2015 жыл, 1991 жыл, 2016 жыл, 1992 жыл, 2017 жыл, 1723 жыл, 2010 жыл.
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң, тауып көр!» (тілге,әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беру)
Торкөздерде цифрлар беріледі, сол цифрларды таңдағанда, астында сұрақтары болады. Үш жауап көрсетіліп отырады, соның дұрысын айтулары қажет.
Берілген сұрақтар үлгілері:
1) «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
А) 1992 жылы
В) 1989 жылы
С) 1986 жылы
2) Үстеудің неше түрі бар?
А) 5
В) 9
С) 7
3) «Құлагер» поэмасының авторы
А) Сәкен Сейфуллин
В) Ілияс Жансүгіров
С) Мағжан Жұмабаев
IV кезең.«Шебер ойнаушы» (актерлік шеберліктерін көрсету)
Қобдишаға әртүрлі сөздер жазылған қағаздар салынады. Содан әр топтан кезекпен шығып, алып отырады. Онда жазылған сөзді қимылмен көрсетулері керек.
Қайық, маймыл,аю,дұрыс істемейтін теледидар,ұшақ,сықырлауық есік , солып қалған гүл,сабаққа кешігіп келген оқушы,мұғалім,пойыз,ақын,доп, сабақ, сызғыш, дәрі ішу,мысық,айна, теледидардағы диктор,қоңырау,«П» әрпі.
V кезең. «Ең білгір топ басшысы»
1 минут ішінде топ басшылары неше сұраққа жауап бере алатындықтары бойынша жарысады.
1 - топ басшысына берілетін сұрақтар:
1) «Қалқаман -Мамыр» поэмасының авторы (Ш.Құдайбердіұлы)
2) Беташар қай кезде айтылады? (келін түскенде)
3) Аптаның бесінші күні (жұма)
4) Арыстан баб кесенесі орналасқан жер (Түркістан қаласы)
5) Күй атасы - (Құрманғазы)
6) Еңбекшілдер ауданында туған әнші - сазгер (Біржан сал)
7) «оқушы» сөзінің түбірі (оқы)
8) «Қыз Жібек» фильмінде Бекежанның рөлін ойнаған актер (Асанәлі Әшімов)
9) Абайдың шын аты (Ибраһим)
10) «Көшпенділер» трилогиясының авторы (Ілияс Есенберлин)
11) «Жаны мұрнының ұшына келу» тұрақты тіркесінің мағынасы (жанталасу)
12) «Баяу» сөзінің синонимі (ақырын)
13) Әліпбидегі 5 - әріп (г)
14) «Ақылды» сөзінің антонимі (ақымақ)
15) Сиырдың пірі ( Зеңгі баба)
2- топ басшысына берілетін сұрақтар:
1) Түйенің пірі
2) «Ақсүйек» ойыны қай кезде ойналады? (түнде, ай жарықта)
3) «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің әкесі (Базарбай)
4) Жеті қазынаның біріне жататын кұс атауы (бүркіт)
5) 2017 жыл санауда қандай жыл? (тауық жылы)
6) Абайдың анасы (Ұлжан)
7) Шоқан Уәлихановтің шын аты (Мұхаммедқанафия)
8) «Тонның ішкі бауындай» тұрақты тіркесінің мағынасы (тату)
9) Қазақстанның Швейцариясы (Бурабай)
10) Әліпбидегі 4- әріп (в)
11) «Ірі» сөзінің антонимі (ұсақ)
12) Тайбурыл қай батырдың аты? (Қобыланды)
13) «Зәру» сөзінің синонимі (қат)
14) «Менің атым-Қожа» шығармасының авторы (Бердібек Соқпақбаев)
15) «Қабаған» сөзінің түбірі (қап)
Осымен, балалар, сайысымыз мәресіне жетті. Қатысқан оқушыларға көптен - көп рахмет.
Көрермендерге де рахмет!
Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарып, жеңген топты анықтап, марапаттайды.
Қазақ әдебиеті
6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Сабақтың мақсаты:
-
білімділік: оқушыларға ақын өмірі туралы мәлімет беру; «Адамдық борышың» өлеңін оқып, талдау, «борыш» деген не екендігін ұғындыру;
-
дамытушылық: өлеңді оқи отырып, ой - өрістерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын арттыру, сөздік қорларын байыту;
-
тәрбиелік: өз халқын, жерін сүйетін адал да ардақты азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, оқыту
Көрнекіліктер: Шәкәрім портреті, ҚР - ның картасы, кесте, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, жаңа өмірмен байланыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын бақылау
2. Сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрап, өткен сабақты қорыту
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, біз бүгінгі сабақта Ш. Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін өткелі отырмыз. Ең әуелі сендер «борыш» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ш. Құдайбердіұлы өмірінен мәлімет
Кесте арқылы түсіндіру
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас»,
«Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырлар, «Жастарға»,
«Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлақ - Айсұлу» поэмалары, т. б.
Шәкәрім -аудармашы
</<font face="Times New Roman, serif">Батыс әдебиетін молынан игерген. А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін поэма етіп, қазақ тіліне аударған.Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарының шығармаларының көпшілігін қазақ тіліне аударды. Мысалдар да жазған.
Шәкәрім -қажы
Ел тану, жер тану мақсатымен қажылыққа барып қайтады. Бұл сапар оның ой -өрісін кеңейтуге үлкен әсерін тигізеді.
1931 жылы нақақтан қайтыс болады.
Картаға қарай отырып, ақын өмірімен байланысты жерлерді көрсету: Шыңғыстау, Семей, Саятқора
-
«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Адамның борышы - халқы үшін адал еңбек ету, арын сақтап, оқып, білім алып, өнер үйрену. Мақтанға салынбай, тек қана атақ, даңққа ұмтылмау керек. Өз басыңның қамын ғана ойламай, дүниеден өткенше, болашақ үшін бар білгеніңді үлгі етіп қалдыруды аманат етеді. Шын бақыт осы екендігіне ерекше тоқталады.
-
Өлеңді оқушыларға оқыту
-
Түсініксіз сөздердің мағыналарын ашу
Мансап - атақ, даңқ
Нәпсі - жаман іс
Тұл - ештеңесі жоқ
Ғибрат - үлгі
IV. Сабақты бекіту
1.«Адамдық борышың» өлеңін оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?
2. Абайдың қандай өлеңдерімен ұқсас жерлері бар?
V. Үйге тапсырма
1.«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
2.«Менің борышым» тақырыбында шығарма жазуға дайындалу.
VI. Бағалау.