7


  • Учителю
  • Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»

Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Н. Әлімқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»













Пән мұғалімі: Алишева А.

Сыныбы: 9 «В»





















Қаскелең қаласы

</ Cабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: Өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, тіл байлығын молайту.

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың түрі: шығармашылық таным сабағы

Сабақтың көрнекілігі: С. Мәуленов портреті, шығармалары, Қазақстанның рәміздері, мақал - мәтелдері жазылған кестелер

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгендеу

  3. Зейінін сабаққа аудару

2. Жан-жақты білімін тексеру кезеңі

Сөзжұмбақ (Отан)

1. Ж.Молдағалиев қандай жырларымен халық жүрегінен орын алған ақын. Отансүйгіштік.

2. 1947 жылы жазған тұңғыш поэмасы. Қызыл галстук.

3. Ж.Молдағалиевтың қанша кітабы жарық көрген? 60 кітап.

4. Ақынның есімін әлемге әйгілі еткен шығармасы. Мен қазақпын.

Респуликаның негізгі нышандары (Тірек-сызба)

3. Сабақтың мақсатын айту кезеңі:

Бекболат Тілеухановтың орындалуында «Менің елім»әнінен үзінді тыңдау.

- Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?

- Отан туралы.

- Ал «Отан»дегеніміз не?

- Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері.

- Ал, біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов ағамыз.

4. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

1. Топтастыру

Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.

- ақынның «Өлеңдер»атты тұңғыш жинағы1948ж жарық көрді.

-«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.

- Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ» т. б жазған

- А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған.

-«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты(1970ж),

1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған

2.«Менің Республикам»өлеңімен таныстыру.

5. Топпен жұмыс, кітаппен жұмыс

1 - топ «Менің Республикам» өлеңін мәнерлеп оқу

2 - топ мағынасын ашу,

3 - топ өлең құрылысына талдау, сөз айшықтарын табу

«Екі жақты түсіндірме күнделігі»



Өзіме ұнаған өлең шумағы ------------------------------Несімен ұнады?

Қызыл бұлттай көрсең қызыл гүлдерін

Көрсең ашық Алатаудың күндерін

Жерінде гүл, көгінде бір жүзген

Ұлан байтақ Республикам бұл менің Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы - қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері кімді болсын таңғалдырады. Әрине осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың.

5. Оқушы түсінігін тексеру кезеңі:

«Еркін жазу» тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.

Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ



6. Бекіту кезеңі:

Балалар, бізге ертегі кейіпкері Алдар көсе тапсырма беріпті

2014 -92 =1922 туған жылы

2008-60= 1948 алғашқы өлеңдер жинағы

2017-24 =1993 қайтыс болған жылы

2001-31= 1970 «Жер нәрі»

2050-68 =1982Таңдамалы шығармалары 3-том

Бүгінгі сабағымды Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймын.

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н. Ә. Назарбаев

Алдағы уақытта біздің басты міндетіміз білім алу, Тәуелсіздік Қазақстан болашағына сапалы біліммен ғана қалана аламыз.

Әнұран бәрі қосылып.



7. Үйге тапсырма беру кезеңі:

С. М «Менің Республикам» жаттау, тақырыпқа сурет салу.

Бағалау

Рефлексия:

1. Өлең сізге ұнады ма? Ұнаса несімен?

2. Қандай әсер алдың?

3. Қай топтың пікірі ұнады? Неге?

4. Топта жұмыс істеу сізге ұнады ма? Сандар арқылы қорытындылайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал