7


  • Учителю
  • ОББ негіздері пәнінен C++ Builder ортасының визуальды компоненттері тақырыбында сабақ жоспары

ОББ негіздері пәнінен C++ Builder ортасының визуальды компоненттері тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пән: Объектілі -бағытталған бағдарламалау негіздері

Күні: 31.01.2015 Топ: 12-ВТ-3



Сабақтың тақырыбы: C++ Builder ортасының визуальды компоненттері. Қасиеттер, оқиғалар, әдістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: C++ Builder интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен жұмыс жасау, яғни компоненттерді формаға орналастыру, компоненттердің қасиеттерін өзгерту, компоненттерге оқиға жазу, оқиғаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуді және қолданбаны орындауға жіберу мен бағдарламаны тестілеуді үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

</ Сабақтың әдістері: тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы.

Пәнаралық байланыс: алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, интерактивті тақта, C++ Builder 2009 интегралды ортасы, электрондық әдістемелік нұсқау, электрондық Hyper Test 1.0 тест бағдарламасы, слайд, студенттерді бағалау бағдарламасы, видеофайл, электрондық толықтыру тесті материалдары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: үй тапсырмасына берілген C++ Builder ортасының терезі, Standard панелі компоненттері және олардың атқаратын қызметтері туралы теориялық білімдерін тексеру мақсатында студенттерге электрондық ашық тест тапсырмасын беру. Интерактивті тапсырмалар, сұрақтар қою. Тапсырманы орындағаннан кейін студент электронды жауап парағын желідегі көрсетілген арнайы бумаға жіберу керек.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дәріс мазмұны:

1. Компонент қасиеттері

2. С++ Builder оқиғалары

3. С++ Builder әдістері

Формаға орналастыратын әрбір компоненттің Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінде өз бейнесі болады. Object Inspector екі парақтан тұратыны белгілі - "Properties" (Қасиеттері) және "Events" (Оқиғалар).

Жиі қолданылатын оқиғалар 1-кестеде ұсынылған.





OnCreate



Форманы құру кезінде қалыптасады. Берілген оқиғаның өңдеушісінде форманы құру кезінде орындалатын әрекеттерді беру керек, мысалы бастапқы мәндерді орнату.

OnClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады.

OnDblClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын екі рет басу кезінде орындалады.

OnKeyPress



Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады (Enter пернесінің коды #13, Esc пернесінікі - #27 және т.с.с.). Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады.

OnKeyDown

Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған перне және Shift, Alt, Ctrl пернелерінің күйі, сондай-ақ тышқанның батырмасының басылуы туралы ақпарат алады.

Әдебиеттер: [1]- [4]



Жаңа тақырыпты бекіту: Жаңа сабақ бойынша айтылған теориялық білім мен көрсетілген жұмысты қорытындылап, бекіту мақсатында Label, Button, Bitbtn компоненттерін қолдана отырып, әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген өзіндік жұмысты орындату. Өзіндік жұмыстың орындалу ретін видеофайл көмегімен көрсету. Студенттердің орындаған өзіндік жұмыстарын интерактивті тақтада демонстрациялай отырып, тексеру.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты өткен дәрістермен байланыстыра отырып қорыту мақсатында студенттерге компьютерде Hyper Test 1.0 бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындату. Тапсырмада үй тапсырмасы және жаңа тақырып бойынша таңдау тесті беріледі.

Үй тапсырмасын беру: Standard панелі компоненттерінің қызметтерін, негізгі қасиеттері мен әдістерін оқып келу.

Бағалау: «Бағалау» бағдарламасы көмегімен студенттердің сабақ барысындағы білімділік және белсенділік көрсеткіштері бойынша бағалау нәтижесін шығару .



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал