7


  • Учителю
  • Рзаработка урока в 10 классе на тему 'Атамекен'

Рзаработка урока в 10 классе на тему 'Атамекен'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 10 «Б»

Сабқтың тақырыбы: Атамекен.

Сабақтың мақсаты:
Атамекеннің адамның өсіп дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
- Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы түсінік беру;
-оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы тарихи білімдерін кеңейту;
-өз еліне, атамекенге, туған жерге деген сүйспеншілігін арттыру
Пән аралық байланыс: тарих пәнімен байланыстыра өту.
Сабаққа психологиялық жайлылық туғызу: «Сәлем!» тренинг.

Әр оқушы қазақ халқының 7 киелі санын алып, бірден жетіге дейін таратылған стикерлерге 7 сыныптасының атын жазып шығады. Содан кейін 1. Қолын алу, 2. « Сәлем» деп айту, 3. Құшақтау, 4. Арқасынан қағу, 5. Басынан сипау, 6. Күлімсіреу, 7. Сабаққа жылы лебіз білдіру.


Үй тапсырмасын тексеру: кейінірек сабақ барысында текретін боламыз.

Ой шақыру: екі бейне көрнекілік көрсетіледі. «Атамекен» және «Киіз үй туралы».

Сабақтың тақырыбы ашылады. 21 бет.

Сабақтың эпиграфы: «Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен...»

Ескендір Хасанғалиев.
Әңгімелесу «Ойланайық, пікірлесейік»
Оқушыларға сұрақтар қоя отырып әңгімелесу.
Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
Адамның туған жері әрқашанда атамекен болады ма?
Адамда екі атамекен болады ма? Отан ше?
Сен ойлаған атамекен қандай болады?
Бабаларымыз атамекенді қалай қорғап осы күнге жеткізді?
Атамекеннің көркеюіне қандай үлес қосар едің?
Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені. Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке - ол Атамекен. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамитындығын, Атамекеннің көркеюі, гүлденуі жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты болатындығын айтып әңгімелесу.

Сыныпты 3 топқа киіз үйдің бөліктерінің суреттері арқылы бөлу.

Әр топқа тапсырма беріледі.

Мәтінмен жұмыс: Технологиялық карталар таратылады.

  1. 21 беттегі мәтінді оқып, 3 сұрақ құрастыру.

  1. 22 беттегі ережеге қарап, сөйлемдерді дұрыс құрастыру.


Атамекен - ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған, ата-абаларымыз тұрған жер. «Атамекен» т.б. әндерімізді тыңдағанымызда, әннен жүректі жарып шыққан туған елге деген махаббатты сезінеміз.

Мен де өз елімді сүйемін. Бала кезімнен туған жер туралы әңгімелер мен әндерді тыңдап, іштей мақтаныш сезіміне бөленетінмін.

  1. Мақал-мәтелмен жұмыс.


4. Суреттермен жұмыс.

  1. Мәтіннен түйін сөздерді табу.

  1. Ережеге сүйене отырып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау.


Асанқайғы Жәнібек ханның тұсында

өмір сүрген. Асан аты ел аузында

аңыз, ертегі болып айтылады.

Асанқайғы желмаяға мініп, қой үстіне

бозторғай жұмыртқаламайтын қоныс

іздейді. Асанқайғы жүрген жерінде

жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да

баға беріп отырады.


  1. Мақал-мәтелмен жұмыс.


4.Суреттермен жұмыс.


  1. Мәтіннің жалпы аудурмасын жасау.



  1. Атамекен сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.


  1. Мақал-мәтелмен жұмыс.


4. Суреттермен жұмыс.


22 беттегі «Атамекен» әнін тыңдау. Сөзін жазған Қ. Мырза Әли

Әнін жазған Е.Хасанғалиев.

Суреттер арқылы өз ойларыңды жазыңдар. Топтарға суреттер таратылады, олар өздері керек деп ойлаған суретті алып, класстер жасайды.

  1. Ата қоныс - алтын мекен.

  2. Атамекен - анаң екен,
    Қысылғаңда панаң екен.

  3. Атамекен туған жер:
    кір-қоңыңды жуған жер,
    кіндігіңді кескен жер,
    кісі болып өскен жер.

  4. Қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру.


  1. Қазақстан қай жылы егемен ел болды? (1991)

  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан сайланды? (1991)

  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді? (1992)

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993)

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)

  6. Республика астанасы қай жылы, қандай қалаға көшірілді?

  7. Атамекен сөзіне синонимдер айтыңдар.

  8. Атамекен әнінің авторы кім?

  9. Атамекен әнінің сөзін жазған кім?

  10. Сендердің атамекендерің қайда?


Рефлексия. Жүректен жүрекке .
Атамекенге, Отанға, туған жердің көркеюіне тілек жаз.

Интерактивті тақтада класстер түрінде толтыру.


Бағалау. Оқушылар білімін, белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 23 бет. 5 тапсырма.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал