7


  • Учителю
  • ҚАзақ әдебиеті 'Мағжан 'сағындым' өлеңі' 8 класс

ҚАзақ әдебиеті 'Мағжан 'сағындым' өлеңі' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:10.12.2013ж

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 «б»

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңі. Лирика туралы түсінік

Мақсаты.

Білімділік мақсаты: қазақ халқының ұлтжанды ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен оқушылардың білімін тереңдету. Ақын шығармаларының орыс, европа ақындарымен үндестігін дамыту.

Дамытушылық мақсаты:шығармашылық ізденіске жол ашу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу

Пәнаралақ байланыс: қазақ тілі, тарих, орыс әдебиеті

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

І Сәлемдесу

ІІ қатысым тексеру

ІІ Психологиялық даярлық

М:«Мақтау сөз жан жылытар» деп бекер айтылмаса керек. Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін, бір бірімізге мақтау сөз айтайық.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға,

Шығарар олар бір таңда...М. Жұмабаев

Деп Мағжан атамыз жырлағандай, бүгінгі сабақтарыңызға іске сәт. Өз өзімізді көрсете білейік.

ІІІ Қызығушылығын ояту.

М: ақын деген кім? Қандай ақындарды білеміз?(оқушылар өздері білетін ақындарды тізбектей айтады)

Өткен сабағымызда қай ақынды оқыдық?

(о:Сұлтанмахмұт Торайғыров )

М: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білеміз?(оқушылармен пікіралмасу)

VI Мағынаны тану

«Мағжан» топтастыру: болжау стратегиясы. «Мағжан деген кім?» деген сұраққа жауап береміз.(стикермен тақтаға «Мағжан» сөзіне топтастыру іледі)

Мағжан ақын, алаш қозғалысының қайраткері, зерек, аудармашы, ақындардың ақыны, «қазақтың Пушкині».қуғын сүргінге(репрессияға) ұшыраған.

М:кітаппен жұмыс және қосымша мәліметтермен жұмыс . бүгінгі сабағымызды , яғни мағжан туралы ойды қалыптастыруды төмендегі жоспарға сәйкес жүргіземіз

  1. Мағжанның туған жері

  2. Балалық және жастық шағы

  3. Білімі

  4. Шығармашылығының басталуы

  5. Ақындық жолы

  6. Мағжан аудармашы

М: мағжан туралы мәліметтермен танысып болсақ, сабағымызыдың келесі бөлімі «Даналық ойдан дән ізде» бөліміне береміз.

  1. «Мағжан ақындардың ақыны» С. Мұқанов

  2. Мағжан Жұмабаев Мәскеуде В.Я.Брюсов ашқан Жоғары әдеби көркем институтта оқыды. В.Я.Брюсов Мағжанның талантына сүйсініп, «қазақтың Пушкині» деп атады.

Ал орыс әдебиетімізге шолу жасап А.С.Пушкин туралы не білетінімізді пысықтап алайық(ой бөлісу )

  1. Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,

Ақындардың мұздай мөлдір маржаны....

....Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,

Ұлы Абайдың ұрпағы деп басыңды и! Ж.Әбдірашев

М: неліктен «Ұлы Абай» деп тұр? Абай туралы не білеміз?(қысқаша шолу)

М: Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,

Ақындардың мұздай мөлдір маржаны....

Алаш қозғалысы туралы естуіміз бар ма? Тарихымызға шолу жасайық(оқушылар өз білгендерін айтады)

М: алдарыңызға таратылған үлестірмелі карточкаларда «Алаш қозғалысы » туралы қысқа мәлімет бар. Соымен танысып, негізгі ойды ортаға саламыз.

(Оқушылар мәтінмен танысып, ой бөліседі)

М: 3. Мағжанның өлендерінде ойды тербететін, адамның ішкі күйіне күшті әсер беретін сыршылдық бар.Сыршылдық белгісіжаратылыс һәм әйел туралы жазған өлеңдерінде ашық көрінеді.Әйел туралы жазған өлеңінде Мағжанның сыршылдық сипатының үстіне өлеңінің ішкі мақсатында, көздеген идеясында да зор күш бар.

Ы.Мұстанбайұлы.

Сергіту сәті: ана, қыз туралы мақал мәтелдер айтып сайысқа түсейік

М: Мағжанның бізге оқуға берілген «Сағыныш» өлеңін мәнерлеп, тізбектеп оқимыз.

М: бұл өлең лирикалық өлеңге жатады. Себебі: лирика дегеніміз ақынның сезімін, көңіл күйін,қуанышы мен сүйенішін, арманын,өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын аса бір сезімталдықпен сыр ғып шертетін өлеңдегі мәнер.(лиризм туралы түсінікпен танысып, оқып шығайық)

М:қане, оқыған өлеңімізді қорытындылып талдайық. Екі топқа бөлініп:

І топ: ақын өлеңде кімді сағынады?

ІІ топ: ақын өлеңде нені сағынады? Деген сұрақтарға жауап беруі керек.

Рефлексия: сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Үй тапсырмасы: М.Жұмабаев «Сағындым» өлеңі. Лирика туралы түсінік

Бағалау:

1.Белсенді оқушыларды бағалаймын.

2.Сабақ аяқталды,сау болыңдар!!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал