7


  • Учителю
  • ТҮРЛІ МЕТАЛДАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ, ЖЕЛІМДЕУ

ТҮРЛІ МЕТАЛДАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ, ЖЕЛІМДЕУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Түрлі металдарды дәнекерлеу, желімдеу

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушыларға дәнекерлеудің мәні, қызметі және түрлерін түсіндіру. Дәнекерлермен дәнекерлеу жұмыстарын көрсету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың бойында құрал- сайман дарды күтіп ұстау, материалдар мен шикізатарды үнемді пайдалану еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығар машылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды жауапкершілікпен жұмыс жасауға, және ұқыпты тиімді жасауға тәрбиелеу, қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмытылдыру.

Сабақтың материалдық техникалық Металл дайындамалар, дәнекерлер(пайка), құрал-жабдықталуы: қалайы қорғасын, егеу, флюстер, кист, желім, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал саймандар.

Пән аралық байланыс: Слесарь ісі, сызу, химия,физика, арнаулы технология.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

2. Оқушылардың арнаулы киімдерін тексеру.

Кіріспе нұсқау

Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларға өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып сұрақтарды оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы қайталау.

1. Кесу тілу дегеніміз не ?

2. Қол араның негізгі типтері?

3. Қол арамен жұмыс жасау?

4. Металды қайшымен кесу?

5. Қалыңдығы 2 мм жалпақ болат темірді немен кесуге болады?

6. Құбырларды немен кеседі?

7. Егеп өңдеу дегеніміз не?

8. Егеу дегеніміз не?

9. Егеу жұмысының негізгі ережелері?

10. Егеу жұмыстары кезінде еңбек қауіпсіздігі?

III.Оқушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру.

Дәнекер деп аталатын аралық металл немесе қоспаның көмегімен металл детальдарды ажыратпай қосуды түзу жөніндегі операция дәнекерлеу деп аталады. Детальдардың дәнекермен қосылған орны тігіс деп аталады.Дәнекерленген тігісті алу үшін қосылатын бетті тотық және май қалдықтарынан мұқият тазалайды да флюспен бүркеп шығады. Содан соң металл тігісі дәнекер еритін температураға дейін қыздырылады еріген дәнекерді тігіске салып толтырады. Дәнекерлеудің екі түрін -жұмсақ немесе оңай еритін дәнекерлермен дәнекерлеу мұнда балқыту температурасы 4000-4500-дан аспайды. Қатты немесе қиын балқитын дәнекерлермен дәнекерлеу мұнда балқу температурасы 4500-5000-тан жоғары болады. Жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлегенде қалайы қорғасын дәнекерлері қолданылады. Қатты дәнекер ретінде көбінесе мыс- мырыш және күміс дәнекерлер қолданады. Дәнекерлегіштің үш түрі: балғалық, маңдайлық және электр дәнекерлегіштері.

IV.Кіріспе нұсқауды пысықтау.

Дәнекерлеу дегеніміз не?

Дәнекерлердің түрлері қандай және балқу температурасы?

Жұмсақ дәнекермен дәнекерлегенде қандай дәнекерлер қолданылады?

Жұмсақ дәнекермен дәнекерлегенде қандай флюстер қолданылады?

Метал бетіндегі тотықтар, таттарды немен тазартамыз?

Ірі бұйымдарды дәнекерлегенде қыздыру үшін не қолданамыз?

Қатты дәнекер ретінде қандай дәнекер қолданамыз?

Қатты дәнекермен дәнекерлеу процесі?

Түрлі металдар мен қортпаларды дәнекерлеу.

Дәнекерлегендегі брак?

Дәнекерлеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі?

Желімнің көмегімен қандай металдарды желімдейміз?

V. Құрал жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын

орындау.

1. Металдарды, дәнекерлерді жұмысқа дайындау.

2. Дәнекерлеу құралдарын қорғасын-қалайыны жұмысқа дайындау.

3. Жұмыс құралдарының дұрыс орналасуын тексеру.

4. Дәнекерлерді пайдалана отырып металл деталдары қосу тәсілдерін көрсету.

5. Желім арқылы ағаш детальдың бетіне тегістейтін қағаз желімді жапсыруды көрсету Оның үстінен жылжып кетпеу үшін кистімен сырып тазалап, қысқышқа қысуды көрсету.

6. Дәнекерлеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

VI.Ағымдық нұсқау.

1-аралау: Оқушылардың жұмыс орындарын аралау.

2-аралау: Оқушылардың жұмсақ дәнекермен дәнекерлегенде техникалық нұсқау картамен жұмыс жасауын тексеру.

3-аралау: Дәнекерлеу немесе желімдеу кезінде іс қимылын, құрал жабдықтарды дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.

4-аралау: Қауіпсіздік техникалық ережелерін қатаң сақталуын қадағалау.

5-аралау: Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кемшілігі бар оқушыларға

қосымша нұсқау беру.

6-аралау: Орындалған жұмыстарды бағалаужәне қабылдау.

7-аралау: Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.

VII. Қорытынды нұсқау.

1.Сабақты қорытындылау.

2.Оқушыларға жаттығу жұмыс орындаусапасына қарай білімдерін тексеру.

3. Үйге тапсырма беру. Қалайы қорғасын арқылы дәнекерлегішпен жұмсақ

дәнекермен дәнекерлеу.



Өндірістік оқыту шебері: Қ.Омаров



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал