7


  • Учителю
  • Разработка урока на тему: 'Шылау'

Разработка урока на тему: 'Шылау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі: 6 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Шылау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шылаудың түрлері туралы білімдерін кеңейту, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Дамытушылық: теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуін дамыту, ойын жинақтай білуге , нақты жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отанын, жерін сүюге, білімді , білікті тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың әді -тәсілдері: сұрақ - жауап, сәйкестендіру, синквейн, кубизм стратегиясы.

Сабақтың көрнекі - құралдары: АКТ, кеспелер, тест, постер, маркер, сурет, кесте.

Сабақтың типі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың түрі: қорыту сабағы.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Қолданған модульдер

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Колабративті ортаны орнату;

  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  5. Сыныпты топқа бөлу (геометрикалық фигура арқылы)

Оқушылар шеңберге тұрып, бір -біріне жақсы тілектерді айтады

Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру;

Жаңа әдіс - тәсілдерді қодану;

Мақсат қою кезеңі:

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Шылау

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта біз не істейміз? Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? (оқушылар өздері бүгінгі сабақтың мақсатын шығарады)

  • Дұрыс, бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар арқылы шылау туралы білімдерімізді кеңейтеміз

Сыни ойлауға үйрету;

Жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану;


Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

  1. Тапсырма:

«Кубизм» стратегиясы (2 минут)

  1. Шылау дегеніміз не?

  2. Шылаудың лексикалық мағынасы бар ма?

  3. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола ала ма?

  4. Шылау түрленеді?

  5. Шылау неше топқа бөлінеді?

  6. Мысал келтіріңіз.

  • Өте жақсы. Біздің сыныбымызда шығармашылық топ бар. Қане, сол шығармашылық топтың үй тапсырмасын көрейік.

(Оқушылар «Шылау әлемінде » ертегісін көрсетеді)

  1. Тапсырма: Постер құру және қорғау (15 минут)

  1. Топ: «Септеулік шылау»;

  2. Топ: «Жалғаулық шылау»;

  3. Топ: «Демеулік шылау».

  1. Тапсырма:

Балалар, 9 мамырда қандай мереке? Өте жақсы.

Суретке қарап, шылауды қолданып, сөйлем құру. (жеке жұмыс, дәптерде) (3 минут)

Сергіту сәті (АКТ) «Қара жорға» (1 минут)

  1. Тапсырма: Берілген мәтіннен шылауды тап.

(2 - минут)

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 61 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

Келесі тапсырма «Жеңіс» тақырыбында

  1. Тапсырма: «Жеңіс» тақырыбында 5 жолды өлең жазу (3 минут)

Тірек сөздер: жеңді, тойлаймыз, күресті, жырлаймыз.

  1. Тапсырма: 10 сұрақтық тест (3 минут)


Сыни ойлауға үйрету;

Жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану;

Білім алудағы басқару және көшбасшылық;

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру;

Білім беруде АКТ қолдану.

Бағалау:

Бағалау критерийлері: (1 минут)

  1. қате: - «5»;

  2. қате - «4»;

  3. - 4 қате - «3»;

5 қате - «2».

Тақтада дұрыс жауаптар шығады. Оқушылар бір - бірін тексереді.

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Үйге тапсырма беру:

  1. Ережені қайталау;

  2. Ой- толғау жазу: «Жеңіс жырын жырлаймын»

Сыни ойлауға үйрету;




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал