7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты:

  1. Дара және күрделі етістіктермен таныстыру, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, ізденушілік, танымдық қабілеттерін дамыту

  3. Табиғатты, өсімдікті, құстарды аялауға баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу

Типі: жаңа материалды меңгерту

Түрі: ертегі сабақ

Әдісі: түсіндіру, топтық, жеке жұмыстар, сәйкестендіру

Көрнекілігі: Слайдтағы суреттер, үлестірмелер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Психологиялық дайындық

Адам- сенің есімің,

Табиғат- тал бесігің.

Қамқоршысы бола біл,

Тимесін еш кесірің.

б) Топқа бөлу

I. Қызығушылығын ояту

1-слайд. Ағаштың суреті.

- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ертегімізді бастайық

-Ерте , ерте, ертеде су болмай бір құс су іздеп жүріп, бір ағашты көреді. Ол ағашты құрттар жеп, әр жерін тесіп тастайды.

-Енді мен не істеймін? Маған кім көмектеседі? деп зарлайды. Оның даусын естіген құс қасына келеді.

-Саған, мен көмектесемін, ағаш дәрігері кім екенін білмеймін, бірақ іздеп көрейін- деп ұшып кетеді.

2-слайд. Құстың даусын естіп, табу

-Бізде сол ағашқа көмектесейік, қарлығаштың тапсырмасын дайындайық

3-слайд. Қарлығаштың тапсырмасы.

«Тапқыр болсаң талас жоқ»

1-топ 2-топ

Әтеш мөңіреді Шөп тікті

Ит ұшты Қарға оқыды

Ағаш үрді Шар өсті

Сауысқан шақырды Қыз ұшты

Сиыр өсті Тігінші жарылды









3-топ

Әсет фломастермен суреттер шығарды

Ақын өлең салды

Дәрігер балаларды пісті

Оқушы есеп емдеді

Пеш үстіндегі сүт жазды

4-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, бір құстың әнін естиді.

-Ол қандай құс? - бұлбұл

-Ол бұлбұлдан көмек сұрайды.

-Кешір, қарлығаш! Менің әнімді аң да , құс та, адам да жақсы көреді. Сен көмекті адамнан сұра,- дейді бұлбұл.

5-слайд. Бұлбұлдың тапсырмасы

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. «Өткенге шолу»

-Етістік деген не?

-Етістіктің сұрақтарын ата

3. 1 минут ішінде етістікті білдіретін сөздерді жазу

6-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, бір құсқа соғылып қалады. Сол құстың дауысы. Қандай құс?(Үкі )

-Ол үкіге бәрін айтады. Бірақ үкі көмектесе алмайтынын айтады. Өйткені ол күндіз көрмейді.

7-слайд. Үкінің тапсырмасы

II. Мағынаны тану

а) Күн ретін жазу

ә) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

б) Тақтамен жұмыс

Оқушылар бір-бірден өздері ойлаған етістікті тақтаға жазады.

Дара Күрделі

Ұшты ұшып жұр



Осы етістікті сұрақ қою арқылы күрделіге айналдыру.

Ережемен таныстыру.

8-слайд. Қарлығаш ұшып келе жатып, сауысқанды көреді. Оған болған жайды баяндайды. Одан көмек сұрайды.

-Әркімнің өз жұмысы бар, менің уақытым жоқ,-дейді сауысқан.

9-слайд. Сауысқанның тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

4-жаттығу- 1 топ

5- жаттығу - 2 топ

6-жаттығу- 3 топ

10- слайд. Қарлығаш ұшып кетеді. Ол көлде жүзіп жүрген бір құсқа келеді. Оған ағашты емдеу керек деп өтініш айтады. Дауысын естіп, табу

-мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Мен саған ақыл айтайын, орманда үйсіз, жұмыссыз жүрген құстар да бар. Солардың бірін тауып, өтініп көр, -дейді аққу.

11-слайд. Аққудың тапсырмасы

Топтық жұмыс

1-топ

Ем- Қарта-

Жаз- Түн-

Ұйқы-

Сөздерді дара және күрделі етістіктерге айналдрып жаз.

2-топ

Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

Сатты,қалды,сөйледі,сүртті,ойнады,сүзді.

3-топ

Сөйлемдерді толықтырып жаз.Етістіктің астын сыз.

Балалар хайуанаттар бағына ---------------.

Қызық кітап --------------------.

Қарлығаштар ұшып -------------.

Ертең тауға ----------------------.

12-слайд.Қарлығаш аққудың ақылын тыңдап,ормандағы сенделіп жүрген бір құсқа тап болады.Сол құстың даусын тыңдайық.Ол қандай құс?(көкек)

13-слайд.Көкектің тапсырмасы:

Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Кестемен жұмыс:





14-слайд. Қарлығаш не істерін білмей ұшып жүріп, бір құсқа кездеседі.Ол қарлығашты тыңдап, ағашқа келіп,құрт ауруын жазған екен.

-Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

-Тоқылдақ

15-слайд. Тоқылдақтың тапсырмасы:

III.Ой толғаныс.

Сабақты қортындылау.

Семантикалық карта толтыру.



өсті

гүл

ұшып жүр

шашты

қарға

кетіп қалды

бала

қуанды

ойнап жатыр









Бекіту. Етістік сөзін топтастыру.

-Дара етістік қалай жасалады?

-Күрделі етістік қалай жасалады?

Үй тапсырмасын беру. Ертегіге ат қойып,ертегі жазып келу.

Бағалау.

Рефлексия.

-Сабақ сендерге ұнады ма?





















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал