- Учителю
- Қос сөздер. ҚАйталама қос сөздер 6-сынып
Қос сөздер. ҚАйталама қос сөздер 6-сынып
6 сынып Қазақ тілі
18.08.2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Қосарлама қос сөздер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбие беру
Сабақтың көрнекіліктері: слайд,
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасы
1.Дара сөз, күрделі сөз деген не?
2.Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
3.Күрделі сөздерді ата.
4.Біріккен сөздер деген не?
5.Кіріккен сөз дегеніміз не?
6.Аң - құс, жәндік, өсімдік атауларына мысалдар келтір:
Жаңа сабақ
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.
Қос сөздің түрлерін түсіндірту:
Қос сөз
Қайталама қос сөз
Қосалама қос сөз
Жасалу жолдары:
Көре - көре көсем боласың,
Сөйлей - сөйлей шешен боласың
1.Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.
Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті
2.Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары
қосымшасыз бір түбірдің қайталануы
Барар -бармасымды Құртқа біледі.
3.Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып
қайталануы арқылы жасалады.
Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті.
4.Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу
мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.
Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп
Үрейді ұшырды.
5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық
өзгерістерге ұшырап жасалуы.
Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.
6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы
Жаттығу жұмыстарын орындау
88-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт.
Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.
89-жаттығу
Суретке қарап, әңгіме құра
Жаңа сабақты қорытындылау:
Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөздер нешеге бөлінеді
Қайталама қос сөз деген не?
«Тау-тау» қалай жасалған?
«жүзбе-жүз» қалай жасалған?
«Орынды -орынсыз» қалай жасалған?
«Ет-мет» қалай жасалған?
«Жалт-жұлт» қалай жасалған?
«Қып-қызыл» қалай жасалған?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Үй тапсырмасы: жасалу жолдарын жаттау,90 - 91 жаттығулар
Бағалау:
Бөрлі негізгі жалпы білім беретін қазақ мектебі
Бекітемін_______
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары Бергалиева Ш.М.
«11» қазан 2013ж
Ашық сабақ
Пәні:Қазақ тілі
Тақырыбы: «Қос сөздер. Қайталама қос сөздер»
Өткізген: Асенеев А.М.
2013-2014 оқу жылы