7


  • Учителю
  • Конспект по самопознанию на тему Өмір, қымбатсын маған

Конспект по самопознанию на тему Өмір, қымбатсын маған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін- өзі тану 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған!

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық.

Мұғалiм: Cарсенгалиева Гулбарам Нурланбековна

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің қымбаттылығын ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру.

Міндеттері:

-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

-адамдардың бір - бірімен қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-әрқашанда адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(оқулық, жұмыс дәптері, аудиожазба, бейнеклип,өлеңнің сөзі)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру.

25- сабақ, Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап - қарадан»

атты өлеңін оқып келу.

- Өмір неден тұрады?

- Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

- Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

- Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?

-

Сабақ барысын талқылау:

«Хрустальная грусть» әуені



Дәйек сөз.

Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

Бауыржан Момышұлы

Неліктен шындықты айту соншалықты маңызды?

2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға айтқызу, сосын барлығы қосылып айтады. Дәйек сөзді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

  1. Әңгiмелеу(Мұғалімнің сыйы)

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-"Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін" деп қолындағы жұлдызды теңізге лақтырып жіберіпті.

Сұрақтар:

- Баланың жасап жатқаны туралы не айтасыңдар?

- Баланың жасаған ісінің қандай мәні бар?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, "Өмірдің мәні неде" деген тақырыпта коллаж құрастыру.

«Менің түсінігімдегі ақиқат» тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру:

Ар - намыс.

Шындық.

Адалдық.

Уәде.

Азаматтық.

Жақсылық.

Қымбат өмір.

Абырой.

Кеңпейілділік.

Ақкөңілділік.

  1. Топпен ән айту.

ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА

Сөзі: Серік СЕЙІТМАН

Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өмірңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптердегі 25 - сабақ, 47 беттегі 1 - тапсырма.

26 - сабақ. "Қызыққа толы қас қағым" (оқып, сұрақтарға жауап беру)

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.

Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал