- Учителю
- Конспект 'Ортамерзімді жоспар' (4сынып)
Конспект 'Ортамерзімді жоспар' (4сынып)
Пән: Қазақ тілі Күні:19.10.15. 4-Сынып Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сүт тағамдары туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді Қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, жемістерді жуып жеуге, тағамдарды дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Негізгі идея: Балаға білім беру. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: диалогты оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық тапсырма
Өтілген сабақты қайталау: Тақырып бойынша бойынша өткен мәтіндер еске түсіру.
1-әрекет
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу.
А) Бір-бірінен бүгінгі көңіл күйлерін сұрату.
Б)Бір-біріне сәттілік тілеу.
2. Тіл дамыту: Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Бүгін күннің нешесі?
2.Аптаның қай күні?
3.Ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексуру, бағалау.
2-әрекет
ІІІ. «Ойтүрткі». (Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу).
Кәне балалар!
-Қандай сүт тағамдарын білесіңдер?
- Жемістер мен көкөністердіңтердің пайдасы қандай?
-Оларды қайдан аламыз?
3-әрекет.
Оқушыларды үш топқа бөлемін.
Оқушылар түрлі суреттерді құрау арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ Қымыз
2-топ Жұбат
3-топ Айран
5-әрекет Өтілген тақырыпты еске түсіру.
1.Қазақстанның белгілі спортшыларын білесіңдер ме?
2.Қазақстанның тұнғыш Олимпиада чемпионы кім?
3.Қандай сөз тіркестерін білесіңдер?
6-әрекет.
Әр топ өз дәруменің ерекшеліктерін сипаттайды.
А)Флипчарт таратылады.
Ә)Топта талқылап, қорғайды.
7-әрекет
Әр топ орындаған тапсырмаларын тақтада қорғайды.
8-әрекет.Грамматикалық тапсырма орындау.
Әр топқа грамматикалық тапсырма беру?
А)Грамматикалық тапсыманы дәптерлеріне орындайды.
Ә) Сүт тағамдарына байланысты сөздерді буынға бөліп, буындар анықтайды.
Б)Орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалау
9-әрекет. Сабақты бекіту
Топтарға: «Тазалық -денсаулық кепілі» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
Әр топ пікірлерін ортада талқылайды.
10-әрекет. Рефлексия.Осы сабақта маған Не ұнады? Не түсіндім? Нені білдім?
11-әрекет. Үйге тапсыма
«Сүт тағамдары» тақырыбына диалог құрау.
12-әрекет. Бағалау.
Өзін-өзі бағалау ( Критералды бағалау)
Топ басшыларымен бірлесе отырып бағалау.
Аты -жөні
Өтілген тақырыптарды игеруі
Грамматикалық тапсырманы орындауым
Топтық жұмысқа белсенді араласуым
Сұрақтарға дұрыс,нақты жауап беруім