7


  • Учителю
  • 'Тамырын жайып тереңге' (7 класс)

'Тамырын жайып тереңге' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп 52 негізгі мектеп

Мерзiмі: 03.12.2015жыл. № 13- сабақ

Мұғалiм: Өтемісова Ботакөз Саттығалиқызы.

Класс 7 «а», «ә» Оқушылар саны ---

Тақырыбы: №13 Тамырын жайып тереңге

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сүйіспеншілік,жағымды қарым-қатынас, адамгершілік


Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата- баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру;

Міндеттері:

- балаларға отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;
- туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктері мен отбасындағы жағымды қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

3. Үй тапсырмасын тексеру:

№12 сабақ Қарым-қатынас мәдениеті

  1. Шегенің ақылды адамның қолына түспегенде тағдыры қалай болар деп ойлайсыңдар?

  2. Адамдар арасында осындай жағдайлар кездесе ме? Мысал келтіріңдер?

  3. Өздерің қандай тұжырым жасар едіңдер?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый» М.Әуезов

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

бәріміз қосылып айту.


  1. Мұғалім сыйы

1.Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

2.Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлерің бар?

3.Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

1.Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?

2.Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?

3.Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Өз отбастарында үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер, олардың мағынасын ашып, дәптерлеріңе жазыңдар.

2.


  1. Топпен ән айту.

Сәби болғым келеді.сөзі: М.Мақатаев

Әні:Т.Рахимовтікі.


  1. Үй тапсырмасы.

№13-сабақ. Ақылды егінші. Ұшқан ұя оқып, мазмұн айту.

Өз ата, әжелеріңнен ұрпақтарына қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап, қысқаша шығарма жазыңдар.

  1. Сабақтын қорытынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал