7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы: 'Еліктеу сөз' (6-сынып)

ҚАзақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы: 'Еліктеу сөз' (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалім: Шарпекова А.С. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Күні:

Сынып: 6

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Еліктеу сөз

Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж.Дәулетбекова. - Алматы «Атамұра» 2011

Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөз туралы ұғым қалыптастырады. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығын, қолданылу ерекшелігін салыстырады. Еліктеу сөздің құрамы, жасалу жолын меңгереді.

Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздерді өз орнымен қолдана алады. Сөйлемде ерекшелігіне қарай қолдана алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Кезең

Уа-қыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал

2 мин

Сәлемдесу, оқушылардан көңіл күйлерінің қандай екендігін сұрайды.

«Тілек ағашын» ұйымдастырады


Оқушыларды шашылып жатқан пазлдар арқылы топқа бөлу

Оқушыларға таратып берілген жапырақша стикерлерге тілектер жазып, сынып ішінде жүріп-жүріп, бір-бірлеріне тілектерін айтады және бір-бірлерімен алмасады, ең соңында тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» апарып өздерінің тілектерін жабыстырады.

Әр оқушы пазлдарды алып, сол пазлдардағы суреттер бойынша топқа бөлінеді. Топтың атын қояды.

Үй тапсырмасын тексеру

2 мин

Дадлидің «Ыстық орындық» әдісін қолдану

Әр топқа түрлі-түсті шариктарды таратып беріп, сары түсті шарикті алған оқушыны ортаға шығарады

Сары түсті шарикті алған оқушы «Ыстық орындыққа» отырып, өткен сабақ бойынша оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.

Өткен сабақтармен байланыс

Жаңа тақырыпқа көшу

Білу

Түсіну

2 мин


15

мин

Интерактивті тақтада қардың үстімен жүріп келе жатқан адамның аяқ дыбысы және өзеннің ағып жатқан үнін естиді.

Жаңа тақырыпты оқытып,«Ментальды картаға» салғызады.

Тақырыпты ашқан соң, топтарға «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау әдісін ұсынады.

Жаңа тақырыпты тыңдау, видеоны тыңдайды. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істейді .Тақырыпты анықтайды.

Топта «Еліктеу сөз» тақырыбын талқылайды, жіктейді, сипаттайды, түсіндіреді, жалпылайды, мысалдар келтіреді, постерге түсіреді.

Өз сөзімен баяндайды, қысқаша түсіндіреді.

Топтар бір-бірінің «Ментальды карталарын» «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Қолдану

9 мин





1 мин

Тапсырма береді. Бақылайды.

Бүгінгі таңнан осы уақытқа дейін болған бір мезетті еліктеу сөздерді пайдаланып қандай сөйлем айта аласыңдар?

Ұйымдастырады


Шығармашылық жұмыс. «Жайлауда» (суретпен жұмыс)

Оқулықпен жұмыс. 297-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айту.

Қосымша: сол сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрастыру


Сөйлем құрастырады.


Тапсырма 1

Берілген сурет бойынша жұмыс, сөздерді қатыстырып, «Жайлауда» тақырыбына мәтін құрастырады. Берілген сөздер: қарш-қарш, маң-маң, абыр-сабыр, дабыр-дұбыр

Талдау


Бақылайды, бағыт-бағдар береді


Жинақтау

10 мин


Бақылайды, бағыт-бағдар береді

А деңгейіндегі оқушылар Бибігүл, Замира, Дания, Алуа, Құмар /1. Төмендегі еліктеу сөздер қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтайды. Қайсысы жеке, қайсысы тіркесіп келген? Шошаң қағып, бет алды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды!... Сәлменді қақ бастан үш-төрт рет тарс-тарс перп-перп жіберді. Ашқарақ азулары сақ-сақ етті... Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. Ашулы тістер сытыр-сытыр, қарш-қарш шайнасады... (М.Әуезов)

B деңгейіндегі оқушылар

Дана, Дильназ, Айгүл

/Дүрс, дір, қаңқ, тарс, зу еліктеу сөздерінен қандай сөз таптарын жасауға болады?/

С деңгейіндегі оқушылар

Алдияр, Мадияр

/Абай өлеңдерінің үзіндісінен еліктеу сөздерді тауып, олардың білдіріп тұрған мағынасын, қандай тұлғада тұрғанын анықтайды/.

Бағалау

2 мин

Топаралық бағалауды бақылайды

Топ басшысы алдын ала таратылып берілген бағалау парағы бойынша бағалайды

Рефлексия

2

БББ кестесін береді


Оқушы жауапатарын тыңдайды

Оқушылар кестені толтырады

Үйге тапсырма беру


Үй тапсырмасын береді

298-жаттығу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал