7


  • Учителю
  • Адамның дене мүшелері атты сабақ жоспары (5 сынып)

Адамның дене мүшелері атты сабақ жоспары (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру, адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.



Дамытушылық: Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек. Дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.



Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер жүргізу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақты оқушы өздігінен менгеру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:доп, кеспе қағаздар, дене мүшелеріне байланысты слайдтар, муляж, диалог кітапша.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу, оқу құралдарын ретке келтіру, оқушы назарын сабаққа аудару)

(Психологиялық тренинг) Қазақ тілім өз тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Қызығушылықты ояту». Өткен тақарыптар бойынша сұрақтар қойылады ( Доп лақтыру арқылы).

  1. Адамның дене мүшелерін атаңдар?

  2. Зат есім дегеніміз не? сұрақтарын ата?

  3. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  4. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары?

  5. Сөздердін аудармасын айтындар. Держат, плечо, качество, душа, едят, ходят, части тела.

  6. Қандай сұраулық шылаулар бар? Болымсыздық шылау.



Енді, балалар, бір -бірімізге ризашылығымызды білдіріп, бәріміз бірге қолдарымызды 3 рет шапалақтаймыз.



ІІІ. Жаңа сабақ.. Адамның дене мүшелері.

Сабақтың тақырыбын, мақсат - міндеттерін айтып өту.

Тындалым: Интерактивті тақтада презентация адамның дене мүшелері көрсетіледі.

1. Сөздікпен жұмыс: Жана сөздермен таныстыру.

- бірнеше рет сөзді оқимын, түсіндіремін.

- оқушылар мұғалімнен кейін қайталайды.

- жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады.

Адамның дене мүшелері

Бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық - адамның дене мүшелері . Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, аңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен

сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.

Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Олар:

асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щёткасымен тазалап отыру керек. Шашты шампуньмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі - тазалық.



Лексикалық минимум

Дене мүшелері- части тела

Бас-голова

Мойын-шея

Қол-рука

Аяқ-нога

Тізе-колена

Шынтақ-локоть

Саусақ-палец

Қарын-пуза

Иық-плечи

Қаңқа-скелет

Шаш-волосы

Ауыз-рот

Көз-глаза

Құлақ-уши

Шеке-виски

Маңдай-лоб

Иек-подбородок

Қас-брови

Ерін-губы

Тіс-зубы

Тіл-язык

Таңдай -небо

- муляж, қаңқа бойынша жұмыстар.

- оқылым

-жазылым.

1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс

Айтылым: Диалог кітапшасы бойынша оқушылар кезекпен кезек диалог оқиды.



диалог



- Ираның көзі қандай ? - Ираның көзі көк.



- Светаның беті қаңдай? - Светаның беті ақ.



- Сашаның мұрны қандай? - Сашаның мұрны үлкен.



- Алманың шашы қаңдай? - Алманың шашы қара.



- Игорьдың саусағы қаңдай? - Игорьдың саусағы ұзын.



- Шынардың бойы қаңдай? - Шынардың бойы қысқа.



Тілдесім: « Танысу ойыны »

Оқушылар құрбы достарына сұрақ қою арқылы бір - бірін сипаттап, таныстырады.

  • Танысуға рұқсат етініз? Сіздін атаныз кім? Сіз нешінші сыныпта оқисыз? Сіздін көзініз қандай? Сіздің атаныз, әженіз барма? т.б.



Оқылым: Оқулықпен жұмыс. 1 -тапсырма. 124 бет.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, адамның дене мүшелерін атап көрсетіңдер.

Адам дене мүшелеріне нелер жатады? Бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс.

Адамның бас мүшелеріне нелер жатады? Көз, мұрын, шаш, бет, ауыз, құлақ, ерін, тіс, тіл, мандай, шеке, иек.



Көзбен көреді

Қолмен ұстайды

Баспен не істейді? ойлайды

Аяқпен жүреді



Жазылым. Жазу, дәптермен жұмыс. Тапсырманы тақта алдында жазбаша тексеру.

1.Берілген сөздерді аударыңыз:

1.Бас, мойын, қол, саусақ, аяқ, көз, құлақ, ерін, шеке, қас, тіл, тіс, таңдай, шаш, иек, құлақ, тізе, шынтақ..



2.Берілген сөз тіркестерді аяқтаңыз

1. Адамдар баспен ....................

2. Көзбен ......................

3. Мұрынмен ..........................

4. Құлақпен ...........................

5. Ауызбен ..........................

6. Тілмен ..........................

7. Аяқпен ...........................

8. Қолмен .............................



3.Берілген сөздердің баламасын табыңыз.



части тела Ауыз

голова Дене мүшелері

шея Бас

рука Иек

нога Қол

палец Аяқ

пуза Шаш

скелет Маңдай

волосы Мойын

рот Тіл

глаза Саусақ

уши Қарын

виски Тіс

лоб Көз

подбородок Таңдай

брови Құлақ

губы Қас

зубы Ерін

язык Қаңқа

небо Шеке



Бекіту жұмыстары:

Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Дене мүшелерін атап беріңіз?

2 . Көзбен көруге болмайтын мүшелерді атап беріңіз?

3. Көзбен көруге болатын мүшелерді атап беріңіз?



Адамның дене мүшелерін жеке - жеке қойып, орысша дене мүшелерді айтқызу.



Рефлексия: Не білдім? Не түсіндім? Оқушылардың жауаптары.



Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыға тиісті баға қоямын.



IV. Үйге тапсырма. Сөздік жаттау. 127 - бет, 3 - тапсырма.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал