7


  • Учителю
  • «ОБОГАЩЕНИЕ СЛОВАРНОГО ЗАПАСА У УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА, ПРИМЕНЯЯ МЕТОДЫ ДИАЛОГИЧЕСКОГО ОБУЧЕНИЯ» (методическое пособие для учащихся 6 класса)

«ОБОГАЩЕНИЕ СЛОВАРНОГО ЗАПАСА У УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА, ПРИМЕНЯЯ МЕТОДЫ ДИАЛОГИЧЕСКОГО ОБУЧЕНИЯ» (методическое пособие для учащихся 6 класса)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жaй мұғалім хaбaрлaйды, Жaқcы мұғaлім түсіндіреді,Kеремет мұғaлім көpсетеді, Ұлы мұғaлім шабыттандырады.Уильям УордЕлімізде  әлемдік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен бі
предварительный просмотр материала

Жaй мұғалім хaбaрлaйды,

Жaқcы мұғaлім түсіндіреді,

Kеремет мұғaлім көpсетеді,

Ұлы мұғaлім шабыттандырады.

Уильям Уорд

Елімізде әлемдік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңашылдық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеру - маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Оқушыларға сапалы білім беру мәселесі - өмір талабынан туындайтынын білім беру саласындағы өзекті проблемалардың бірі. Жас ұрпаққа дүниені танытып, білімді де білікті тұлға қалыптастыру.

«Оқытудағы жаңа тәсілдер» модулінің диалогтік оқыту тәсілін таңдаған себебім мынада: қазіргі таңда оқу орыс тілінде жүретін мектеп оқушыларының қазақша сөйлеу дағдыларын дамыту - өзекті мәселе болып отыр, себебі басқа ұлт өкілдері Мемлекеттік тілді білуі - заман талабы. Ал тілді білу және игеру күнделікті қарапайым әңгімелесу барысында жүзеге асады, демек диалогтардан бастау алады.

«Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, қазақ тілі пәнінен оқушылардың сөздік қорын молайту» - бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым - пікірталасқа түсуге дайын коммуникативтік құзыреттілігі мейлінше жоғары дамыған , өз айын еркін жеткізетін, жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндетім:

Диалогтік оқыту тәсілі оқушыларды ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылдыру.

Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогтік қарым - қатынасқа түсуге қалыптастыру.

Оқушылардың сабақ кезінде байқалған өзгерістерін бақылауға алу, анықтау, зерттеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • ауызша және жазбаша сөздік қоры дамиды;

  • сенімді қарым - қатынас арқылы оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

  • пікірталастарға қатысып , өз ойы мен пікірлерін дәлелдей алады;

  • сыни тұрғыдан ойлауы дамиды;

  • оқу, жазу, сөйлеу қабілеттері дамиды;

  • бірін - бірі тыңдауы, бір-біріне қолдау көрсетулері дамиды;

  • өзара және өзіндік бағалауға дағдыланады;

  • кері байланыс орната алады;

  • ақпаратты өздігінен түсініп, талдай алады;

Бұл жұмысты қай сыныппен жүргізсем деген сұрақ туды. Осы мәселе бойынша мектеп психологымен кеңескен уақытта ол мен сабақ жүргізетін сыныптардың ішінен орта буынды таңдауымды ұсынды. Өйткені, орта буындағы оқушылардың мінезі құбылмалы, сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтарын да көп жағдайда осы буында жоғалтып жатады. Сондықтан да зерттеуге 6 сынып оқушыларын алдым. Менің сабақ жүргізетін сыныптардың ішінде 6 сынып оқушыларының теориялық білімдері жоғары, бұл сынып оқушыларына бірінші сыныптан бастап қазақ тілі пәнін жүргіземін, әр оқушының қабілетін білемін. Ал осы сыныптың өзінде сөйлеу дағдысы жақсы дамымаған. Бұл сыныпта сөйлеудің алғы шарттары: өз ойын жүйелі жеткізу, сұраққа толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғардым. Сол себепті, кейбір жағдайда оқушылардың белсенділігі төмендеп көптеген оқушылардың оқыту үдерісінен тыс қалып қоятынын байқадым. Бұл кемшілікпен күресу мақсатымда жұмысымды жүргізуге осы сыныпты таңдап алдым. Бұл сыныптың оқушыларымен жұмыс жүргізу мен үшін ыңғайлы екенін байқадым. Жалпы алғанда оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығушылығы жақсы.

Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Осындай әдістердің бірі - диалог. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Барнс(1971)сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.Сабақта оқушылармен диалог құра отырып оқыту арқылы АКТ - ні, жаңа әдіс -тәсілдерді пайдаланып, талантты және дарынды балалардың жұмысымен көшбасшыларды анықтауда оларды сыни тұрғыдан да ойлантуға болатынына көзім жетті. Осы орайда менің негізгі мақсатым диалогты оқыту арқылы оқушылар белсенділігін арттыра отырып, сабақ барысын басқа модульдермен ықпалдастыру.Оны мен «Біздің отбасымыз», «Байлық пен ақыл», «Жазғы демалыста», «Шие тергенде» тақырыптарында өткен сабақтарымда тәжірибеден байқап көрдім .Әрбір сабақта сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелей отырып,өз

ойларын айтуға, тақырыпты талдауға диалогты оқытудың тиімділігін түсіндім. Жалпы өз тәжірибемде диалогтік оқыту әдісін алудағы мақсатым - оқушылардың ойын ашық жеткізуге мүмкіндік жасау. Ал бұл оқыту үдерісінен күтілетін нәтиже оқушылар белсенділігі артады.

Сондықтан мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің тәжрибемдегі жиі кездесетін мәселені мақсат етіп алдым.Ол -оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы, сөзге шорқақтығы, сөйлемдерді дұрыс құра алмауы.Мен енді алдағы сабақтарымда берілетін тапсырмалардың барлығын осы мәселелерден шығу жолдарына бағыттадым. Диалогтық оқытудың әрекеттерінің өзі осы мақсатымның орындалуына көп септігін тигізді.


Алғашқы міндетім- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан оқушыларды шағын топтарға бөлуден бастадым. Сыныпты топқа бөлуде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында суреттермен топтастыру, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, геометриялық фигуралар, конфеттер негізінде топтастырып отырдым. Оқушылар топтық жұмыста өздерінің жауапкершіліктерін сезіне отырып, постер құруды үйренді. Топбасшысының белсенділігі артты және топбасшысының ұйымдастыру қабілеті арқылы топтық жұмыстың белсенділігін арттырды.

«Жазғы демалыста» тақырыбында өткізілген сабағымда диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп ықтимал сұрақтарын қойдым. Қанаттың отбасы үлкен бе? Отбасының басшысы кім? Қалай ойлайсыңдар ,олар қайда демалып жатыр? деген сауалыма оқушылардың жауабы сан түрлі болды. Сонымен қатар бұл сабағымда оқушыларға «Үндемес» ойынын ойнатқан болатынмын,төрт топқа әр түрлі тақырып бере отырып ,үнсіз бейнелеуін тапсырдым. Бір топтан бірнеше ойдағы сурет шыға ма деп ойлағам, керісінше үнсіз жүріп мағыналы сурет бейнеледі.Тапсырма бойынша оқушылар ойын бір арнаға тоғыстыра білген. 1-топтан неге жайлауды салдыңыздар деп сұрағанымда , Никита «Менің ауылдағы демалысым» мәтіні бойынша «Ауылда атам мен әжем тұрады. Жазда мен ауылда дем алғанды жақсы көремін. Ауылдың жанында көл бар, суға шомыламын» десе, Ажар «Ұлылардың бәрі ауылдан шыққан сондықтан мамыражай ауыл бейнесін бейнеледік» деп өз жауаптарын айтты. 2-топ оқушылары «Бурабайдағы демалыс»тақырыбын бейнелеп, Айдана «Табиғаттың ең керемет жері, таулардан өзеннің сарқырап аққаны, жер бетіндегі тіршілікке жан біткенін бейнеледік» деді. Келесі топ оқушылары «Жаз» бейнесін бейнелеген, Дильназ «Жаз бейнесін бейнелеу арқылы салт-дәстүрімізді көрсеткіміз келді. Аң аулауға шыққан адам бейнесін бейнеледік» деді. Бұл тапсырмалар негізінде де оқушыларым өзара келісім үлгісін көрсете білді.

Диалог менің әр сабағымда көрініс тапты. «Байлық пен ақыл» тақырыбында өткізген сабағымда диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп ықтимал сұрағын қойдым. Әкесі балаларына қандай өсиет қалдырды? деген сауалыма оқушылардың жауабы сан түрлі болды.Ажар «Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады және қалған бауырлары сол баласының «айтқанынан шықпайды» деп өсиет қылды» десе, Айзаа «Байлық пен ақылды, себебі ақылды болсаң бай боласың» деді. Вероника «Жоқ, адамға ақыл ғана керек» - деп ой қозғады. Сынып оқушыларымен осы тақырыпта әңгіме - дебат басталғанын байқадым,тек кедергі болғаны сыныптағы оқушылар басқа тілді балалар болғандықтан ойларын айтқанда сөздік қордың жетпегені кедергі болды ( мен ойларын ашық айтсын деп кейбір оқушыларға ана тілдерінде айтқыздым)

Сұрақтың оқушылар ой-өрісін дамытуда, сыни ойлану, ой қорыту, ой түйіндеу мақсатында алар орны ерекше екендігін пайымдадым.Не үшін?, не мақсатпен?Неліктен? Қалай? Не себепті? деген сұрақтарды қоя отырып, оқушыларды сыни ойлауға жетеледім.

Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар мен де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктес болғанын көрдім. Сабақ оқушыларымның менің сабағыма деген көзқарасын өзгертіп, қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында диалог молынан көрініс тауып, оқушыларымның өзіндік ой - пікірлерін естіп, таң қалған да сәттерім болды. Мен бұрын оқытқан, менің тарапымнан болған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін оқушыларымның көзқарастары әлдеқайда терең жатқанын байқадым. Яғни сыныптағы диалогтың маңыздылығын мен курс барысында терең ұғындым. Оқушыларым менің сабағымда өздерінің пікірлерін білдіріп, ортаға салуға дағдыланды. Білім берудің және білім алудың жаңа тәсілдері модулін мен сабақтар топтамамда кеңінен пайдаландым.

Диалогтік оқытуды пайдалана отырып мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырдым. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл - оқу үдерісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтың дұрыс құрылуына баса мән беру керек деп ойлаймын.

Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылатынына көзім жетті.

Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін. Мектептегі тәжірибе кезінде мен барлық сабақтарыма тақырыпқа байланысты диалог құрастыруға тапсырма беріп отырдым.Оқушылардың қызыққаны сонша, диалогты рөлдік ойындар арқылы жеткізді.Жалпы тарау «Отбасы» жайында болғандықтан, оларға , «Ақанның ағасы», «Балаға неге құлақ береді?» деген мәтінмен жұмыс берілгенде, әр топ әртүрлі ой-пікірін ортаға салып, сабақ өте қызықты өтті.

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін. Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беріп отырдым.

Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын.

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Қазақ тілін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін.

Менің бұл жерде байқағаным оқушылардың бұл өзгеріске оң көзбен қарағандығы. Оқушыларға үй тапсырмасын сұрақ- жауап әдісі арқылы диалог орната отырып, жаңа тақырыпты ашып отырдым. Мәтінмен жұмыс

барысында да сыни ойлауға арналған сұрақтар қойып отырдым.Топтық жұмыс барысында мәтіннің мазмұнына сүйене отырып бірнеше тапсырманы талқылады. Талқылауға уақыт беріп отырдым. Мұнан түйгенім, жаңа бағдарлама стратегияларының оқушыларыма әсері болды.Әркім өз мүмкіндіктеріне қарай сөйлеуге, жауап беруге тырысты.

Басқа тапсырмаларға қарағанда жауап алу үдерісін бағалау және жалпы бағалау туралы тақырыптарында ешқандай қиындық тумайды деп пайымдаған едім, алайда ең қиыны, ең таныс емесі бағалау болып шықты. Бұл біз білетін ескі жүйедегі бағалау емес. Мен бұрын жаңа тақырып беріп немесе сұрақ сұрағанда оны қайталап маған жауап беретін, оқушы тақырыпты айтып береді, толық бағалай аламын деп бағасын қойып жібере салатын едім. Менің үйренгенім бағалау - өте күрделі механизм, тіпті ең маңыздысы десем де болады. Өйткені бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға, оларды қорытындылауға, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ең шешуші фактор деп есептеймін.

Бағалау жүйесінде топтық және жұптық бағалау, топ басшысының бағасы, өзін-өзі бағалау түрлерін қолдандым. «Екі жұлдыз, бір тілек» «Бағдаршам» негізінде бағалау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, олардың белсенділігін арттырдым. Бағалаудың көптеген түрлерін енгізуге тырыстым. Мысалы: смайликтер арқылы, стикермен, критериалды бағалау түрлерін, бағалау парағы т.б түрлері.

Сабақтың кейбір кезеңдеріндегі бағалауда өз-өздерін тексеруі бір үлкен жаңалық болғандай әсер танытты. Қабілеттері жақсы оқушылар өздерін әділ бағалап, қателерін түзеп жатса, кейбір оқушылар қателерін дұрыстап , менде қате жоқ деп мәлімдеу де болды. Ол оқушылармен болашақта жұмыс істеп, «бағаны өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылатынын» түсіндірдім. Қолмен көңіл күйді білдіру кезі сәтті шықты, балалар өз көңілдерін қолмен әділ көрсете білді. Оқушылар өздерін бағалауға болатынын үйренді. Ал мен осы кезде оқушылардың өз - өздерін бағалауы арқылы уақытты үнемдеуге, пәнге оқушылардың өздерінің сенімі арқылы қызығушылығын арттыруға болатынын үйрендім. Оқушыларды бағалау кезінде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолдандым. Сабақ барысында бағалау парағын, топбасшы бағалауын пайдаландым. Алдымен, бағалау критерийлерін өзім жасадым, келесі сабақта критерийлерді оқушылардың өздеріне құруға мүмкіндік бердім. Себебі, бағалау критерийлері арқылы оқушылардың шынайы бағалары анықталды. Сонымен бірге, топ басшының бағалауын да ескердім. Топтардың постерлерін бағалау үшін «Бағдаршам» әдісін қолдандым.

Оқу барысында оқушылардың білім алуда қандай мақсатқа жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін білу маңызды екенін білдім. Бағалау барысында оқушылардың үйренгені бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалауда реттеліп қалды.

Сабақтың сәтті өтуі мен кері байланыс кезінде, оқушылардың рефлексия жазуынан байқадым. Нәтижесінде оқушылар іздену, ойлау арқылы көп нәтижеге жетуге болатындығын түсіндім. Мені қуантқан сәттердің бірі - барлық оқушылардың тапсырманы орындауға тырысуы, дәстүрлі сабақтағы үндемейтін, белсенділік танытпайтын, үнемі үйден дайындығы аз болып келетін оқушылардың сабақта белсенді болып, өз үлесін қосуы ерекше әсер қалдырды.Сабақ соңында топтарды бағалау мен өзін - өзі бағалауы оқушының өзіне деген жауапкершілігі артқандығын да байқадым. Дәстүрлі сабағымды бастаған кезде 6-сыныптан анкета алдым:

Анкета сұрақтары

Табыс критерийі

Оқушы саны

Сәтсіз критерийлер

Оқушы саны

Сабақ барысында

Сабақтағы жасаған жұмыстарыма

Сабақ барысында:мен

Менің көңіл- күйім:

Жаңа сабақ тақырыбы:

Белсенді


Қанағаттанамын

Шаршаған жоқпын


жақсарды


түсінікті

12


6


6


7


10

Белсенді емес


Қанағаттанбаймын


Шаршадым


Нашарлады


түсініксіз

8


14


14


13


10

Анкета нәтижесінде оқушылар аса ынта танытып жауап бермегенін байқадым.Оқушылардың немқұрайлылық танытқаны көрініп тұр. Ал өзгертілген сабақтан кейін дәл сол сауалнаманы сол оқушылардың арасында қайтадан жүргізгенімде төмендегідей көрсеткішке қол жеткіздім:

Анкета сұрақтары

Табыс критерийі

Оқушы саны

Сәтсіз критерийлер

Оқушы саны

Сабақ барысында:

Сабақтағы жасаған жұмыстарыма:

Сабақ барысында:мен

Менің көңіл-күйім:

Жаңа сабақ тақырыбы:

Белсенді

Қанағаттанамын

Шаршаған жоқпын


Жақсарды


түсінікті

17


16


18


18

17

Белсенді емес

Қанағаттанбаймын


Шаршадым


Нашарлады


түсініксіз

3


4


2


2

3

Нәтижесінде оқушылардың алғашқы кезінде қарағанда алға жылжығанын байқадым.

Сауалнама:

Сұрақтар мен тапсырмалар

Дейін

Кейін

1

Сабақ қызықты өтті.

Кейде қызық, кейде қызық емес

Сабақ сынақ секілді болды

2

Мұғалім қызықты етіп түсіндіріп жатқанда мен зейін қойып тыңдаймын.

Тыңдаймын

Компьютермен жұмыс ұнады, "жасырын" суретке қойылған сұрақтар әсер етті

3

Сабақта көптеген жаңа мәліметтерден хабардар боламын.

Шамалы

Бейнежазбалар көру арқылы, интернеттен материалдар алу арқылы

4

Сабақ мені ойлануға мәжбүрлейді.

Әрине, ойланамын

Интернет желісі арқылы жаңа тақырыптарды іздеуге жол ашты

5

Жасырын бейнені табу қызықты ма?

Болған жоқ

Бізді таң қалдырды

6

Топта өз ойыңды жеткізе алдың ба?

Топтық жұмыс болған жоқ

Топта жұмыс жасау қызықты

7

Өзгенің пікіріне келіскеніңе

өкінбейсің бе?

Білмеймін

Ынтымақтастыққа жетелейді


Мұғалімдер әдетте өз сабақтарында туындайтын проблемаларға көңіл бөліп,белсенді түрде оларды шешуге тырысады. Мұғалім өз тәжірибесін өзгерту үшін қызу жұмысқа кірісіп,сонымен қатар жүйелі түрде бұл өзгерістер ықпалының дәлелдемелерін жинаса,ол мұғалімнің іс - әрекеттегі зерттеуді жүргізу үдерісіне тереңдей бастағаны (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 86-бет).

Сабақ барысында кездескен қиындықтар:

  • Оқушылар өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алмай, ұяндық танытуы;

  • Оқушылар кейбір берген тапсырмаларыма ілесе алмауы;

  • Кейбір тапсырмалардың күрделі болуынан уақыттың жетпей қалуы;

  • Бағалау барысында оқушының өздерін жоғары бағалауы.

Кедергілерді жою жолдары:

  • Диалогтік әдісті қолдана отырып «ББҮ», «Постер»,«Мақалды жалғастыр»,«ВЕНН»диаграммасы арқылы оқушыларды өз ойларын тиянақты жеткізе білуге үйреттім;

  • Сабақ барысында Шульманның үш көмекшісін басшылыққа ала отырып,оқушы бойындағы ұяңдықты жеңуге тырыстым;

  • Сабақтарда жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ынтасын көтере отырып,белсенділігін арттырып, уақытты үнемдедім;

  • Өзін - өзі бағалау барысында өзін жоғары бағалаған оқушыларға ескерту беріп,алдағы уақытта өзім қадағалауды ұйғардым.

Менің болашақтағы әрекеттерім:

  • Жоғарыдағы қиындықтарды жеңу,қателіктерді қайталамау, бағалау критерийлерін жетілдіру;

  • Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында және диалогтік әдістерді тиімді пайдалану үшін өзім де үнемі ізденісте болуым керектігін түсіндім;

Сабақ жоспарымды ойлаудың алты деңгейін басшылыққа ала отырып жасадым,сонымен қатар үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді,ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттауға, тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану,өткен материалды еске түсіру,оқушылардың жауап беруіне түрткі сұрақтар арқылы нәтижеге жеткізу.Оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру, ақпарат тарату және мәселені бірігіп шешуге жол сілтеуді басшылыққа ала отырып, сабақтың орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарын құра отырып мына үлгіні басшылыққа аламын:

Педагогикалық өлшемдер арасындағы байланыс

Параметр

Критерий

Дескриптор

Ұпай

саны

Білу

Оқыған материалды есте сақтау,еске түсіру,

қайталау

Пайдаланылған түсініктер мен ұғымдарды біледі.


Нақты фактілерді біледі.

Негізгі ұстанымдар мен ережелерді біледі.

Түсіну

Берілген материалды өз сөзімен басқа формада жеткізу

Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді түсінеді.


Мәтінді басқа (графикалық,диаграмма) формада жеткізе алады.

Нәтижеден туындайтын затты,құбылысты немесе нәтиженің

келешегін болжамдай алады.

Пайдалану

Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда

пайдалану

Әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану.


Нақты жағдайларда ілімді,заңдылықты қажеттілігіне қарай пайдаланады.

Ұстанымдарды,ережелерді,фактілерді жаңа жағдайда пайдаланады.

Талдау

Кешегі білім мен бүгінгі білімін салыстыру,талдау жасау

Жасырын болжамды айқындайды.


Өрбіту логикасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді көре біледі.

Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажыратады.

Жинақтау

Өзінің бүгінгі жинақтаған тәжірибесі негізінде сұрақтар

туындату

Проблеманы шешу проектісін жасай алады.


Эксперимент жоспарын құра біледі.

Болжам жасай алады.

Бағалау

Алған білімнің өзі үшін құндылығын бағалау

Материалдың қажеттілігін айқындай алады.


Жасалған қорытындының жарамдылығын бағалай біледі.


Бұл үлгіден нәтиженің нақтылығын және бағалау,жалпы мұғалім мен оқушы әрекетіндегі бір жүйелікте,тұтастықты басшылыққа алатындығын ескере отырып қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жұмыс жасауды жөн деп отырмын.Әйтседе өз тәжірибемдегі қолданған әдіс - тәсілдерді өздерінің сабақтарында тиімді пайдалану үшін өзімнің меңгерген материалдарымды түсіндіре, дәлелдей отырып, сонымен қатар сабақтарыма қатысуға шақырамын,қолымнан келгенше өз бойыма дарыған ізгі әдіс - тәсілдерді беремін, тәжірибемді көрсетемін. Тәжірибемді көрсете отырып,жол сілтеуге,өз беттерінше ізденуге,оқушыларды білім алуға жол ашу үшін оқудың керек екенін, сондықтан оқу барысында оқушылардың жаңа тақырыпты түсініп,өз бетінше меңгеруіне ықпал жасау,алған білімдерін талдау, бағалауға баулу.Бұл әдіс - тәсілдерді күнделікті сабақтарда жалаң түрде пайдаланып жүргені,болашақта осы әдіс - тәсілдің мағынасына терең үңіліп,байыбына барсаң сабақтың өткізу барысында өзгерістер болатындығын өздерінің сезетіндігін,оқудың қызықты өтетіндігін мойындатсам деймін.

20




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал