- Учителю
 - 4 сынып қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым- палау.
 
4 сынып қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым- палау.
</ Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым- палау. 47 бет №42
Сабақтың мақсаты:
- 
    
Білімділік: тақырыптың мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушының таным мүмкіндігін анықтау, ойға шақыра білуге анықтау жеке жұптасып шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
 - 
    
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
 - 
    
Тәрбиелік: өз бетінше ойланып жұмыс істеуге тәрбиелеу, өзара мәдениетті қарым-қатынасқа түсуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілік: өз-өзін бағалу парақтары, семантикалық карта, бағалау
критериялар парағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену әдісі, ойын, топпен жұмыс, өз-өзін тексеру, сөздік жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиет, орыс тілі.
Қолданылатын жаңа технология: 7 модуль технологиясы
- 
    
Ұйымдастыру кезеңі
 
1мин
сұрақ-жауап, түсіндіру
Сәлеметсіздер ме?
Бүгін күн қандай шуақты! Бізде бір-бірімізге мейрімділікпен қарап отырмыз.
Сәлеметсіз бе? Оқушылар тыныш отырады.
- 
    
Психологиялық дайындық
 
1-2 мин
- 
    
Біз сабақта үш топқа бөлініп отырдық. Әр оқушы сабақта өзін алдында жатқан бағалау парағымен бағалайды.
 
Әр оқушы өзін бағалау парағын қарап шығады.
- 
    
Кезекшілік сұхбат
 
1-2 мин
- 
    
Балалар, сабақта бүгін кім кезекші?
 - 
    
Бүгін нешесі!
 - 
    
Аптаның қай күні?
 - 
    
Қазақ тілі нешінші сабақ?
 - 
    
Қазақ тілі сабақта қандай тілде сөйлесеміз?
 - 
    
Қазақ тілі біздің мемлекетте қандай тіл?
 - 
    
Бүгін қазақ тілінен үй тапсырмасы қандай берілді?
 
- 
    
Мен бүгін кезекшімін
 - 
    
Бүгін ------------------
 - 
    
--------------- күні
 - 
    
-------------- сабақ
 - 
    
Қазақ тілі сабағында қазақ тілінде сөйлесеміз
 - 
    
Қазақ тілі мемлекеттік тіл
 
- 
    
Кезекпен қайталау
 
6 мин
Карточкалармен жұмыс, топпен жұмыс
Әр топқа 2 мин уақыт беріледі, келесі тапсырмаға да 2 мин беріледі, үшінші тапсырманы 2 мин орындайсыңдар
- 
    
Жаңа сөздерді қайталау.
 - 
    
Әр тапсырманы орындайды бір-бірімен ақылдасып спикер ойларын жазады.
 - 
    
Бағалау парағына әр оқушы өзіне баға қояды.
 - 
    
Спикер парақты қорғайды.
 
- 
    
Елес жетелеу
 
2 мин
Сұрақ-жауап
Тамақтың түрлері қандай болады?
Кім палау түрлерін біледі?
...
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар осы тақырып бойынша біз алдымызға қандай мақсат қоямыз.
- 
    
Дұрыс, біздің мақсатымыз тақырыптың мазмұның ашу, негізгі ойды ұғындыру.
 
- 
    
Сүйікті тағамым - қазақша ет туралы әңгімелеу.45 бет.
 - 
    
Жіктік жалғау ережесін білу. /көсемше жұрнақтары/
 - 
    
Бастарын үстелге қойып мұғалімнің сөзін мұқият тыңдайды.
 - 
    
Бастарын көтеріп өз ойларын айтады.
 - 
    
Сүйікті тағамым- палау 47 бет (дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады)
 - 
    
Сабақтың тақырыбы осы болғанда алдымызға қандай мақсат қоямыз.
 - 
    
жаңа сөздерді меңгереміз, сөйлем құрастырамыз.
 
- 
    
Мағынаны ашу сатысы
 
- 
    
Жаңа сөздерді меңгеру
 
7 мин
Сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Сөздердің дыбысталуын айтады. Оқушылармен бірге дыбыстайды:
палау -плов
той -праздник
қуырма -жаренный
мейіз-изюм
Мұғалімнің артынан қайталайд. Сөздер мен оның аудармаларын оқиды, іштей оқиды, сөздер мен сөз тіркестер құрастырады.
- 
    
ЖИГСО
 
15 мин
Топпен, жұппен, жеке жұмыс
47 бет 2 тапсырма
Стратегияның шарттары:
- 
    
Топ 1, 2, 3-ке нөмерленеді
 - 
    
Әр нөмерленген оқушы-қонаққа барады
 - 
    
Конақта берілген мәтіннің тапсырмасын оқып орындайды.
 
-Үйлеріне қайтыңдар қонақта алған абзацты толық оқып, аударып әңгімелеп береді.
- 
    
әр оқушы нөмірін анықтап, қонаққа барады, қонақта тапсырманы орындайды.
 
№1 - өз ойын ортаға салады
№2 - өз ойын ортаға салады
№3 - өз ойын ортаға салады
Спикер жауаптарын таыңдап? Мәтінді толық аударып, әңгімелейді. Бағалау парағы.
Сергіту сәті
Шығармашылық кезең
5 мин
Топпен жұмыс
- 
    
Шығарма тақырыбы
 - 
    
Кейіпкерлер
 - 
    
Жоспары
 - 
    
Мақал-мәтелдер
 
- 
    
Сұрақтар
 - 
    
Бағалау парағын толтырады.
 
III. Ой толғаныс сатысы
Семантикалық карта
5 мин
Карточкамен жұмыс
- 
    
Семантикалық картаны толтырындар. Көлденең тұрған сөздерге мағынасына қарай келетін сөзді «+» белгі арқылы көрсетіндер
 
- 
    
Семантикалық картаны толтырады.
 - 
    
Үлгі бойынша тексереді.
 
Дөңгелек үстел
5 мин
Жеке жұмыс
- 
    
Әр оқушы өз батасын жазады.
 
1→2→3
- 
    
Оқушылар сүйікті тағамдарына байланысты «синквейін» жазады.
 
Үй тапсырмасы
- 
    
Диалог құру
 - 
    
47-48 бет
 - 
    
Жаңа сөздерді жаттау
 
Тапсырма: Сөйлесуді оқып, түсініп, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
- Уақыт қанша болды?
- Сағат сегіз. Тамақтанайық.
- Әрине, Тамақтануға болады.
- Жүр кеттік.
- Не алайық?
- Кәне, дастарқан мәзірін көрейік.
- Мен палау аламын, сен ше?
- Маған қазақша ет ұнайды.
- Екіншіге не аласың?
- Ыстатылған жаяны жеуге болады, өзің ше?
- Маған да жылқы еті ұнайды. Мен қазы жеймін.
- Тәбетің ашылсын!
- Сенің де асың дәмді болсын!
- Рақмет, Ас дәмді болсын!
ІІІ деңгей
Сөйлесуді жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.
ІІ деңгей
1. Оқулықты жауып қойып, сөйлесуді қысқаша жазыңдар.
2. Үш сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
І деңгей.
«Асханадағы әңгіме» тақырыбына эссе жазыңдар.
