7


Ежелгі дәуір әдебиеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 9«Г» ӘдебиетСабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиетіСабақтың мақсаты. 1.Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге
предварительный просмотр материала

9«Г» Әдебиет

Сабақтың мерзімі: 22.11.2011

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру

2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

-Балалар бүгін қыркүйектің нешесі?

-7 саны жайлы не білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.

ІV. Cабақты меңгерту

Алып Ер Тұңға жырын оқу

V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үзінді жаттау

VІІ. Бағалау.

8«Г» Әдебиет

Сабақтың мерзімі: 11.09.2010

Сабақтың тақырыбы: Орхон - Енесей жазулары

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру

2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады..

ІV. Cабақты меңгерту

Күлтегін мәнерлеп оқу

V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үзінді жаттау

VІІ. Бағалау.



Сабақтың мерзімі: 13.09.2011 9«Г» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Оқушыларға Қорқыттың өмірі мен творчествосын таныстыру

2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу - шаман халық аңыздарының жемісі.Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі - адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды."Қорқыт ата кітабы" - кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз - қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет,мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа - қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.

ІV. Cабақты меңгерту

Сатылай комплексті талдау

Туған жылы

Туған жері

Күйлері

Жырлары

Қайтыс болған уақыты



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал