7


  • Учителю
  • «Сөз сыры» танымдық сайысы 6-сынып

«Сөз сыры» танымдық сайысы 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Сөз сыры » танымдық сайысы


Мақсаты : білімділік - оқушыларды өз ана тілінің қадір- қасиетін біліп , көркемдігін

сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету :

дамытушылық - тіл әуезділігін , байлығын, шешендігін көрсететін

нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын , ой-өрісін

дамыту.

тәрбиелік- тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді

оқушы бойына сіңіре отырып тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,

мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.


Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сөз сыры » танымдық сайысына қөш келдіңіздер!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін, - деп Мағжан ақын айтқандай , еліміздің болашағы-тек жас ұрпақтың қолында.

Құрметті оқушылар бүгін біз үш топ болып ( «тапқырлар», «зеректілер», «жүйріктілер») . «Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жаңашырлары» атағын жеңіп алады .

Қазылар алқасын сайлау.

Ана тілін-әрекеттің азығы,

Бар ғалымды танымның қазығы.

Ой- санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Сайысымыздың 1-бекіті- «Тапқыр болсаң тауып көр»

  1. Бауыр

Жүрек алып ұшты

Бүйрек

( Жүрегі алып ұшты.)

  1. Жіп

Ине қазу

Тарақ

( Инемен құдық қазғандай )

  1. Асық

Қоржын түсті

Айна


( Асығы алшысынан түсті )

  1. Көз

Мұрын шығу

Құлақ


( Көзі шарасынан шығу )

  1. Ит

Мысық төгілді

Тауық

(Ит басынан ірікіт төгілді)

  1. Таяқ

Шыбық тастам жер

Бұтақ


( Таяқ тастам жер )


Осымен біз сайысымыздың бірінші бекетінен өтіп, өз мақсатымызға жеттік.


Осы тілде Абай атам жырлаған,

Мұқағали шаққандай ма мұң маған?

Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,

Осы тілде бесік жырын тыңдағам.


Енді «Өлең- сөздің патшасы» бекетіне сапар шегеміз. Бұл бекеттітің сіздерге

берер тапсырмасы- тіл, Отан, туған жер туралы өлеңді мәнерлеп оқу.


3-бекет «Әзіл- көңіл кілті» деп аталады . Мұнда сіздер әзіл сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет. Олай болса мұқият тыңдаңыздар әрі ойланып дұрыс жауап беруге

тырысыңыздар.

  1. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? (Бетін қисық болса)

  2. Қорқақ неден қорқады? ( Көлеңкесінен)

  3. Тауық түс көре ме ? ( Тауықтың түсіне тары кіреді)

  4. Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын аппағым дейді)

  5. Қар жанады ма? ( Қалауын тапса қар жанар)

  6. Шошқа үре ме ? ( Ит жоқта шошқа үреді )

  7. Отқа түсіп күймеуге бола ма ? ( Отан үшін отқа түс , күймейсің)

  8. Қандай кілт аспанда болады? ( Кісідегінің кілті)

  9. Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты? ( Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты)

4-бекет «Киелі сандар сыры» деген атаумен өз тапсырмаларын ұсынады.

  1. «Үш бәйтеректі» атаңыз ( Ілияс, Бейімбет, Сәкен )

  2. «Бес арыс » деп кімдерді атаймыз ? ( А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов , М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж. Аймауытов.)

  3. Жеті күн ( бүгін , ертең , бүрсігүні , арғы күні , қасиетті күн, соңғы күн , азына )

  4. Үш биді атаңыз ( Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би )

  5. Үш арсыз ( күлкі , ұйқы, тамақ )


Жүргізуші:

  • Ана тілім -күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туадын.

Тауысар ма ырысыңды , қорыңды,

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын ?!

5-бекетке де келіп жеттік. Бұл бекетте жеңіске жетулеріңіз үшін тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашуларыңыз керек.

1.Қас пен көздің арасында (лезде)

2. Қара қылды қақ жару ( әділ)

3. Төбе шашы тік тұрды ( шошыды)

4. Тайға таңба басқандай ( анық )

5. Аузына құм құйылды ( үндемеу)

6. Көзге түртсе көргісіз ( Қараңғы )

7. Тонның ішкі бауындай ( тату)

8. Бет моншағы үзілеу ( ұялу)

9. Жарғақ құлағы жастыққа тимей ( мазасыздану )

10. Күн тигізбей өсірген ( мәпелеу )


Соңғы бекет - ойтолғау.

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл . «Егер мен президент болсам ...» деген тақырыпта өз пікірлеріңізді айтуға шақырамыз.

  • Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді қазылар алқасына береміз.

Сайыстың жеңімпаздары марапатталады.


Жүргізуші:

  • Тіл қасиетті , құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықтар да тіл өз ұрпағының қанына , жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ - жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындатпау әлемге -

Жастар үшін болса екен басты арман ! - деп біз де жастарымызға үміт арта отырып , «Сөз сыры» атты сайысымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал