7


  • Учителю
  • М. Макатаев шыгармаларындагы Бауыржан Момышулы.

М. Макатаев шыгармаларындагы Бауыржан Момышулы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жас ұрпақты Отан қорғау,ерлік пен елдікке тәрбиелеуде қазақ поэзиясының алар орны ерекше.Поэзиядағы ғасырдан-ғасырға желісі үзілмей,ұрпағына өткен күннің шежіресін сырдай шерткен арна -елдік пен ерлік болып табылады.Өз ұлтына деген жанашырлығы жойылған бүгінгі ұрпақт
предварительный просмотр материала

М. Макатаев шыгармаларындагы Бауыржан Момышулы.


Жас ұрпақты Отан қорғау,ерлік пен елдікке тәрбиелеуде қазақ поэзиясының алар орны ерекше.Поэзиядағы ғасырдан-ғасырға желісі үзілмей,ұрпағына өткен күннің шежіресін сырдай шерткен арна -елдік пен ерлік болып табылады.Өз ұлтына деген жанашырлығы жойылған бүгінгі ұрпақтың сансына ұлт,оның сақталуы,көркеюі деген ұғымды сіңіруде Мұқағали Мақатаев поэзиясының орны бөлек.Әсіресе,Халық Қаһарманы, елі ер есімін ертеден-ақ беріп қойған қазақтың қайсар батыры Бауыржан Момышұлы туралы жазған шығармаларының жас ұрпақты ұлтжандылыққа , батырлыққа тәрбиелеуде маңызы зор.

М.Мақатаев Бауыржан батырға сырттай жыр арнап қоймай, батырмен талай жүздескен.Батыр мен ақынның кездесу кездерінде Бауыржан Момышұлының ақын Мұқағали Мақатаевқа деген көңілі өзгеше болған. Мұқағали бірде «Қаламгер» дәмханасында үш-төрт кісімен отырған батыр ағасына келіп,ерке ақын еркінсіп оған өзіне қымыз алып беруін өтінген.Кейін сол қымыздың қайтарымы ретінде «Бауыржан Момышұлына » атты өлең жазып, оны бір кездескенде ақын ағасына оқып береді.

Аға, Саған білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой комейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды,

Қайтерімді білмеймін, не айтарымды...

Сен зәру емессің ғой құрметке,

(Сырлы аяқтың сыры бар ,сыры кеткен...)

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен.

Ешкімнің назарына ілкпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем

Қандай сый тартсам екен,аға саған,

(Білмеймін,жараспай ма,жараса ма?!)

Ешбір сый таба алмасам аға, саған,

Аппақ тонын- атамның тәбәрігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам,-деп пір тұтқан батыр Бауыржан ағасына арнау арнаған.Ақын інжу-маржан сөз тізбегімен жау шапқыншылығынан Отанын азат етуге ат салысқан қазақтың Бауыржандай батыр ұлының ешкімнің назарына ілінбегенін нали отырып,баяндайды.Халық үшін қан майданда,арпалыста шайқасқан қайталанбас ер тұлғаның аты кейінгі ұрпаққа өшпес аңыз болып,халық ұсынған даңқ ұсынылмаған сыйдан да артық екенін ыстық сезіммен жырлайды.

Сыршыл ақын Бауыржандай батырды, жүрегінің тапсырған аманатын осы сазға толы өлең толғаныстары арқылы жеткізе білген.

Бауыржан батырмен келесі кездесуі М.Мақатаевтың сыныптасы,досы,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әбіжан Құтпанбаевтың Мұқағалиға арнаған естеліктерінің бірінде беріледі: Бірде үйіне барсам Мұқағали ерекше көңілді жағдайда екен. «Мен бір пәледен құтылдым.Партия қатарынан шығарып,көзімді біржолата құртпақшы болғандардың аузына құм құйылды,»-деді.Уақиға былай болады.Тәртібі сын көтермейді деген сылтаумен бақылап,аңдып жүрген жаулары,оның қол-аяғын матап,өмірден біржола күдер үздіргісі келді.Бірақ оңай жау емес екенін білген олар партия жиналысын Бауыржан ағаға жүргізуді тапсырыпты.Кезекті мерзім келді.Оны жиналысқа шақырды.Жиналысты Бауыржан аға басқарды.Сөз алушылар ақынды жетесіне жеткізе жамандайды.Осы кезде Мұқағали ақынның ойына бір нәрсе қона кетті. «Бауыржан-батыр.Ол соғыстан да немістен де қорықпайды.» Соны сынамақ және де өзін қорғамақ болып бір сұрақ қоюға сұранады.Бауыржан оған тесіле қарап: «Кәне,қой!»-деді.' «Бауыржан аға,сіз немістен қорықтыңыз ба?»-деді.Ол ашуланып қалды. «Немістен қорықсам,оны жеңер ме едім!». «Рас айтасыз,сіз немістен қорықпайсыз.Ал мына жаман Мұқағали Мақатаевтан неге қорқасыз?»деп сұрағын жалғастырды. «Кім айтты?!»' деп даусы гүр ете қалды. «Мына адамдар менен қорқады,сол себепті сізді пайдаланып мені партиядан шығармақшы.Сіз соған көнесіз бе?»деді. «Жоқ!»деді.Осымен сұрақ доғарылды. «Әй жігіттер,біздің арамызда ондай тентек болуға тиіс.Шығармаңдар!»деп шешім қабылдатты..Бауыржан ағамыз менің дұшпандарымның пірін басты.Соған қуанып отырмын » деп айтыпты.

Бауыржанның батырлық тұлғасы Мұқағалидың «Мұзбалақ» поэмасында айқын суреттелген.Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының 100 жылдығының қарсаңында мектебімізде өткізілген сыныптан тыс шараға қатысу барысында осы поэмамен жақынырақ таныстым.Бұл поэма 1967 жылы жазылған.

Ақынның алдына қойған мақсаты,батырдың батырға тән тұлғасын,мінезін ''Мұзбалақ'' қыран құс бейнесінде суреттеу.

Қалықтады Мұзбалақ,

Қансоқтыны аңсады.

Қарап шығып жүз қабат,

Қалжырады,шаршады,-деп жырлаған ақын «қалықтады Мұзбалақ», «қарап шығып жүз қабат» қаншама «қалжыраса »анау-мынауға бой бермейтін батыр тұлғасын, «Мұзбалақ»түз тағысы арқылы сомдай,зорайта ,биіктете түседі.

Мұзбалақтар әсте бір,

Өлексеге түспейді.

Олардікі басқа өмір,

Басқа тірлік істейді!-деп батырға тән қасиетті,өр мінезін,асыл қасиетін,өзгеге ұқсамайтын, ұлылық,тәкәппарлық мінез-құлқын шебер суреттейді.

Азулары ақсиып,

Арлан бөрі бұлқынды.

Болат тұяқ қақшиып,

Қақ тұмсыққа ұмтылды.

Қос жанарын арланның

Екі-ақ шоқып ағызды.

Жарығынан жалғанның,

Тарлан бөрі жан үзді-деп ақын, Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қарсы «Мұзбалақтай» шүйіліп,фашистерге «болат тұяқ қақшиып», «қақ түмсыққа ұмтылды», «жарығынан жалғанның», «тарлан бөрі жан үзді»-,деп Бауыржанның ерекше ерлегін,Отанға деген махаббатын,жауына деген өшпенділігін шебер суреттеп,көркем тілмен бейнелейді.

Тұғырында жем берді,

Тұтқын бірақ татпайды.

Аш өлуді жөн көрді,

Қыран атын сақтады,-деп ақын батырдың кейінгі тұрмысында елеусіз,ескерусіз қалған шақтарын ''тұғырында жем берді'','' тұтқын бірақ татпайды'',''аш өлуді жөн көрді'',''қыран атын сақтады'',нағыз қазақтың ержүрек қаһарман ұлының бейнесінің символы ретінде суреттеді.Ақынның поэманың ең соңғы бес шумағында айтқан өсиеті.Ол:

Қанаттыны ұстар кім,

Қанаттыны қамама.

Қасиетті құстардың

Қасиетін бағала!

Халық ұғымында қалыптасқан қыран бейнесінің жырдағы көрінісін, қыранның «ата бүркіт», «Мұзбалақ», «ақиық», «хас қыран», «самұрық құс»деген атаулармен берілуі,ақынның өзіндік көркемдік шеберлігі мен идеясы.

«Мұзбалақ»поэмасын оқи отырып Бауыржанның батырлығына тәнті болсам,Мұқағалидың сол батырлықты көркемдей сипаттауынан ақын шеберлігіне тәнті болып,үлгі тұттым. «Мұзбалақ» поэмасы -қазақ поэзиясындағы арысты арна.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал