7


  • Учителю
  • Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы - Жамбыл

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін толықтыру.

Міндеттері:

1.Білімділік: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып,өлеңдерінің идеялық мазмұнын талдау,оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып,пікірін тыңдау, қорытынды жасату, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Өлеңдерінің мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру; Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: ізденіс - талдау сабағы, білімді қорытындылау

Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, модель қорғау, шығармашылық жұмыс.

Сабақта қолданылатын: интерактивті тақта, слайдтар, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Қызығушылығын ояту

География

Жамбыл Жабаев қай таудың етегінде дүниеге келген?

Орыс тілі

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған?

Математика

Жамбыл Жабаев неше жасында қайтыс болды?

Үй тапсырмасын тексеру

</ II. «Мен саған, сен маған» (Әр топқа сұрақ, «Серпілген сауал» )

Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?

(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)

Жамбылға қай ақын бата берген?

(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)

Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?

(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )

Жамбылдың қандай поэмалары бар?

(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)

Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңі

("Ленинградтық өренім" )

Жамбылдың анасының атын

(Ұлдан)

Жамбылдың "Туған өлкем" өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?

("Правда")

Жаңа сабақ

I. Жылдар сөйлейді

1846 ж.------- Ақын дүниеге келді

13 --- Ақын болуға бел байлайды

3000------- Отан туралы жазған өлең жолдары

1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс

1941ж ----- Ұлы Отан соғысы басталды, Мемлекеттік сыйлық берді

1945 ж.------ Дүние салды

II. Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған.

«Балық қаңқасы» топтастыру картасын жасау

1. Сатиралық өлеңдері

2. Отан, туған жер тақырыбындағы өлеңдері.

3. Жамбыл- айтыс ақыны.

III. А) Сатылай кешенді талдау жасау Б).Өлеңдеріне көрініс жасау

I топ- «Ленинградтық өренім»

II топ- «Шағым»

III топ- «Менің пірім Сүйінбай»

(Өлеңдеріне көрініс жасау)

I топ- «Шағым»

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған.

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзығынға боздаған.

Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам

II топ- «Ленинградтық өренім»

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Жабықпағын, Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап болып қол барап,

Қорғап сені ол қалар...

*

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Мне в струе степного ручья

Виден отблеск невской струи.

Если вдоль снеговых хребтов

Взором старческим я скользну,

Вижу своды вашых мостов

Взорь балтийскую голобизну,

Фонарей вечерних рой,

Золоченных крыш острия...

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

III топ - «Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы»

О,Жамбыл, бата дедің бердім саған,

Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.



Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсың сыңғырлаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін аман.

Жамбыл 15 жасында Сүйінбайдан бата алған, 35 жыл бойы ұлы ақынның өнегесін үйренген.

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сиындай.



Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай

IV. «Полиглот»

Жапаның ұлы _______боп ( ақын)

Жақсы іспетті,- дер, әке.



Ағайынды еңіретті

__________ жасына қарамай...( көз)



Мақтанышым сен едің

Нева ..... сүйкімді ( өзені)









V. Суреттер сыр шертеді (Әр топ берілген суретке тақырып қойып, сурет бойынша мағұлматтар береді)

I топ

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

II топ

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығыЖыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

III топ

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы





VI. Модель қорғау: «Жыр алыбы -Жамбыл», «Жүз жасаған бәйтерек»

Бағалау:

Рефлексия: Жамбыл суретінің қасына өз пікірлеріңді жазып, іліндер



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал