7


  • Учителю
  • ҚАзақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» (5-сынып)

ҚАзақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Сабақтың мақсаты:

а) А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?

2. Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Электрондық оқулықты тыңдату
Абай (1845 - 1904)
Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев туған әдебиетіне жаңа, өрлеу дәуірін әкелді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама - ойшыл, гуманист, ағартушы болды. Абай қазақтың көркем жазба әдебиетінің негізін салды, әдеби тілін құлпыртып, оны небір айшықты, бейнелі сөздермен байытты. Ақын тек қазақ емес, әлем әдебиетінің биігіндегі жеке дара тұлға болды. Абай поэзиясы - имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия.
Ол «Адамды, Алланы, әділетті сүй» деп артына өсиет қалдырды. «Әкеңнің баласы емес, Адамның баласы бол», «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген қасиетті нақылдары қай заман, қай қоғамда, қай адамзатқа болмасын ортақ тағылым іспеттес.
Абай - өз заманының ірі тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келеді. Ертегішіл әжесі Зере мен байсалды, дана мінезді Ұлжанның тәрбиесін көреді. Семейдегі «Ахмет - Риза» медресесінде білім алады. Орыс тілін өз бетімен меңгеріп, сол арқылы әлем әдебиеті, өнері, ғылымы, пәлсапасына аяқ басады. Алған білімі, үлгі - өнегесін өз халқына тарата бастайды.
Абай - халықшыл, сыншыл, шыншыл ақын болды. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытын алып келді.
Абай өзі араласып жүрген ортасын өзгертіп, түзеткісі келеді. елге пәле әкелуші емес, қоғамына пайдалы еңбек етерлік адамдар шығарғысы келеді... Жас буынды мәдениетке жеткізуді ойлайды. Соларды өзіне қосуға тырысады...

Абайдың өмірін және шығармаларын тірек сызбаға түсіру.


өлеңдері поэмалары күйлері

Абай шығармаларыыыыыыыыы

аудармалары әндері қара сөздері

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Сөздікпен жұмыс: қансонар-жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

Ғанибет-қызық,тамаша

Томаға-бүркіттің екі көзін жауып тұруүшін кигізетін бас киімі

Қырымнан-алыстан

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?

2. Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

3. Өлеңдегі аңшы,қағушы,оның достарының көңіл-күйі,сезімі қай жолдар арқылы беріледі?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал