7


  • Учителю
  • Разработка урока 'Мектеп ғимараты'

Разработка урока 'Мектеп ғимараты'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты.Сабақтың мақсаты:Білімділік:тақырып бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сауатты жазуға жәнесөйлеуге үйрету;жекелей, топпен жұмыс істей білу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту; ауызша және жазба
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:тақырып бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;жекелей, топпен жұмыс істей білу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.

Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту; ауызша және жазбаша тілді дамыту қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:мектепті, яғни білім ордасын құрметтеп, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқытудың әдістері: әңгімелеу , сұрақ -жауап, талдау, тыңдалым, сөйлесу, айтылу, жазылу, тілдесу.

Күтілетін нәтиже: мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу.

Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.

Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар, карточкалар

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі

Сабақтың кезеңдері :
І .Ұйымдастыру кезеңі: 1.1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа көңіл аударту.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін. Сыныпта кім жоқ? - Сыныпта ... жоқ.


/сұрақ-жауап,кіріспе сөйлесу/

  1. Қазір қандай жыл мезгілі?

  2. Көктем айлары қандай?

  3. Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

  4. Көктемде қандай мереке болады?

  5. Ұлы Жеңістің неше жылдық мерей тойы?

  6. Ал қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың биыл неше жылдық мерей тойын атап өтеміз?

  7. Олай болса Абай атамыздың бір өлеңін жатқа айтып берейік.


Балалар, бүгін сабақта сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар. Бірінші топ - «Білімпаздар»тобы; екінші «Тапқырлар» тобы. Топ ішінде сендер өздеріңді бағалай отырып, соңында қорытынды баға шығарасыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 2.1. Оқулық: 26-бет, 5-тапсырма. Кесте бойынша «Мектеп» тақырыбына әңгіме құрастыру.

2.2.Мектеп туралы видео-ролик.

«Мектеп» тақырыбына диалог құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/ Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

3.1.Сөздік жұмыс:

Ғимарат - здание;

Білім ордасы - центр знания;

ұғым -понятие;

ереже - правило;

белсенді - активный;

сауатты - образованный;

мәдениетті - культурный;

міндет - обязанность;

мекеме - учреждение.

1.Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп , аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3. Сөз тіркестерін құру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал