7


  • Учителю
  • Конспект к уроку казахского языка 6 класс на тему: 'Отбасы'

Конспект к уроку казахского языка 6 класс на тему: 'Отбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: ОтбасыСабақтың мақсаты: Отбасы туралы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.Білімділік: «Отбасы» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйл
предварительный просмотр материала

Павлодар қаласындағы №11

мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі


Жолдасбекова Күлкен Жұмахановна

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Отбасы

Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Білімділік: «Отбасы» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру .

Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Туысқандық қарым-қатынасты дәріптеу, туыстар арасындағы сыйластыққа, отбасы дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі отбасы мүшелерінің суреттері, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық түрде бірлесіп білім алу

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, кластер, жеке жұмыс, бес жолды өлең, ой қозғау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

б) Кезекші сөзі

в) Сәлемдесу, бір - біріне сәттілік тілеу

1. Үй тапсырмасын тексеру. 3- тапсырма.18 бет

«Бір үйде біз нешеуміз?» өлеңін жатқа оқу., жаңа сөздерді жаттау.


2. Өткен тақырыпты тексеру мақсатында сөздік диктантын жүргізу.

Отбасы -семья

Тату- дружная

Інім - младший брат

Қарындасым- младшая сестра

Ағам - старший брат

Туыс - родственник

Қадірлеу, сыйлау - уважать, ценить

3. Тест сұрақтарына жауап беріңдер. (Бір - бірін тексеру, бағалау)

1 Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар.

А) үй, пітер, бөлме.

В) аға, сіңлі, іні.

С) дәрігер, ұшқыш, сатушы.

2 Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

А) орталығы В) орталықы С) орталыгы

3 «Қарындасым» деп кім айтады?

А) әкесі В) әпкесі С) ағасы


4 Үндестік заңы екі түрге бөлінеді ме?

А) иә В) жоқ С) білмеймін

5 Отбасы мүшелерін жасына қарай жазыңдар.

А) іні В) ата С) шеше Д) әпке.

6 Сызбаға сәйкес сөзді табыңдар.

Түбір + қосымша.

А) ана В) қарындас С) әкесі


II. Жаңа тақырыпты меңгерту. Отбасындағы дәстүрлер

Сөздік

дәстүрлер - традиции

құрмет - уважение

қамқор - забота

қарсы алу - встречать

көмектесу - помогать

Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу,туған күнімен құттықтау.

Кеше менің туған күнім болды.Әкем мен анам маған ұялы телефон сыйлады.Туған күнге достарым келді. Біз мерекелерді отбасымен қарсы аламыз.

Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.

Сұрақтар:

1. Біздің отбасымыз қандай?

2. Отбасымызда нелер көп?

3. Олар қандай дәстүрлер?

4. Наурыз мерекесінде әжем не дайындайды?

5. Біз не істейміз?

6. Келген қонақтарды кім қарсы алады?

7. Қонақты қайда отырғызады?

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.(3 минут)

Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу. 3 мин

2-тапсырма. Суретті қолдана отырып, диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдр.

- Райхан , сенің отбасың қандай?

- Менің отбасым үлкен және тату.

-Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар ?

- Менің отбасымда өте жақсы дәстүрлер бар.

- Мысалы,...

Сергіту сәтін өткізу. Ана туралы ән

Шет жүрсем сағынарым

Шабықсам, шабынарым

Анашым, бір өзіңсің табынарым.

Анашым шалқып күлсең

Алымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды

3-тапсырма.

Берілген сөздерге тәуелдік жалғау қосып, сөйлем құрастырыңдар.

Отбасы, қарындас, туыс, әпке,сіңлі.

ІІІ.Тренинг «Әңгімені қалпына келтіру»

Бірінші оқушы мәтіннен бір сөйлемді жазып алады да, екінші оқушыға жалғастыруға береді. Солай тізбек бойынша барлық оқушылар мазмұнына сәйкес логикалық бірізділікке өз сөйлемдерін жазып шығады. Содан кейін соңғы оқушы дауыстап оқиды.

Бұл құрылған мәтінде кімдер туралы айтылған? Ол кім деп ойлайсыңдар?

Отбасы

VI. Жазылым - дәптермен жұмыс

1-тапсырма: Фонетикалық талдау жаса: 1 нұсқа - нағашы, 2 нұсқа -сіңлі

2-тапсырма: Жалғауларын жалғап, септіктерін анықта:

Жолдас..., әкем..., бауыры..., туыстар.., жездем..., атам... .

( -тың, -нің, -ға, -на, -мен, -ды, )

3. Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Туыстарымызға, достықтан, сыйлау, әжеме, атасымен

IV. Тілдесім.

5-тапсырма: «Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттегі көріністі сөйлету.

VI. Ой толғаныс-«Бес жол өлең»

Тақырып - Отбасы

Сын есім- 2 - тату , сыйлы

Етістік - тұрады, сыйлайды, құрметтейді

Сөйлем - Менің отбасым тату тұрады

Синоним - Шаңырақ

6-тапсырма. Схема бойынша кластер жасап, әңгіме құрастыр.






Ой толғаныс саты -«Еркін жазу»

«Отбасы демалысы» атты 5 минуттық эссе жазу

VII. Рефлексия. Қорытынды.

Бағалау парағын тапсыру, бір-бірін бағалау.

Сонымен бүгін сабақта не білдік, нені үйрендік ?

Үй тапсырмасы: 1. «Отбасы демалысы» туралы презентация жасау .

2. Отбасы туралы 3-4 берілген мақалды жаттап, мағынасын түсіндір.

Ата -бәйтерек, бала - жапырақ.

Ақылды адамға ағайын көп.

Ағайын жақсы болса - қанатың



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал