7


  • Учителю
  • «Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» Пікір сайыс.

«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» Пікір сайыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мектеп оқушыларының сауаттылығын қалыптастырудағы кітапхананың рөлі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын
предварительный просмотр материала

Мектеп оқушыларының сауаттылығын қалыптастырудағы кітапхананың рөлі.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапханашы мамандығын таңдаған, өз қалаған мамандығына құрмет пен сүйіспеншілікпен қарап, білімдерін жетілдіріп, заманауи технолгияны да меңгеріп жас ұрпақ тәрбиесі мен кітап оқуға деген қабілетті дамытуда кітапханашылардың еңбегі зор.

Қазіргі заманауи технология дамыған заманда оқушылардың талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Әрбір оқырманға дұрыс бағыт беру, сұранысын қанағаттандыру-кітапханашының міндеті.

Егемен еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын шешетін азамат. Қазіргі өмірде, кітаптың адам өмірінен, әсіресе оқушының жан дүниесінен алатын орны қандай? Кітап кейінгі орынға ығысып қалған жоқ па? Заман талабына сай жетік технология бар, не керекті интернет жүйесінен табасың, кітаптың керегі де болмай қалуы мүмкін деген күдікті ой әркімге де келеді деп ойлаймын.

Бірақ олай болуы мүмкін емес. Кітап-біздің рухани құндылығымыз, байлығымыз. Өткен заманның тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де кітапханадағы кітаптан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі- осы кітаптар. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің қажеттілігі мен маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол мызғымас байлықтың қайнар бұлағын «кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастауы кітап оқып, зерттегеннен шыққанын айтып отыру кітапханашының парызына айналды.

Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда кітап әлеміне оқушыны қалай енгізуге болады? Кітап оқуға қалай баулу керек?

Осы сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір ұстаздың есінен бір сәтте шықпауы керек деп санаймын. Оқушыларды сауатты болуға кітап арқылы баулығысы келген мұғалім мен ата-ананың, кітапханашының бірлесе отырып көздеген мақсатына жететініне сенімдімін. «Кітап-білім бұлағы» деген қанатты сөзді оқушы бастауыш сыныптан -ақ естиді. Мектеп табалдырығын аттаған оқушы кітапты жақсылап асықпай түсініп оқуға үйренеді. Кітапты көп оқыған оқушы сауатты да, білімді болатынына сенімін ояту.

Кітапханашыда оқушылармен тығыз байланыста болып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада тәрбие сағаты, тақырыптық кештер, пікір-сайыс, ақын-жазушылардың мерей жастарына арнап әдеби кештер, кездесу кештерін, поэзия кештерін, оқу конференцияларын өткізудің мағынасы ерекше. Осындай іс-шаралардың мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оқыған кітабы жайлы ой-толғаныс жасау, шығармашылықпен ізденуге үйрете отырып, ой-қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту, шығармадағы қойылған проблеманың шешімін өзі табуы санасына сіңіп, оқығанын ықыласпен көңіліне тоқудың қажеттігін түсінеді. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай сауаттылыққа баулу да әр түрлі. Атап айтар болсақ оқушыларға жеке-жеке тапсырма беріп, шағын шығарма мен әңгімелерді бірлесіп оқуды, дауыстап оқу, кітап туралы әңгіме өткізуді 5-8 - сыныптармен өткізген тиімді. 9-11 сынып оқушыларымен әдеби кештер, поэзия кештерін, кездесу кештері мен оқу конференцияларын өткізген де жақсы нәтиже беруде. Кітап оқуға төселген оқушы-зерек, сауатты, тіл байлығы кең болады. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерудің жолы ақын-жазушыларымыздың шығармалары мен көркем әдебиетті оқуына көмек беру. Болашақ жастарымыз білімді, зерек, саналы болуы үшін заман талабына сай жаңа технологияны да меңгерген, көркем әдебиетпен сусындап, кітап оқумен жан дүниесін байытып, жан-жақты адам тәрбиелеуге ықпал етейік.

Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің кітапхана меңгерушісі

Есболатова Айгүл Долдашқыз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал