- Учителю
- «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз»
«Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз»
«Ұшырса ұямыз , қалайша қиямыз»
-
жүр :Алтын ұя мектебім аялаған ,
Жас жаным жапырағын саялаған .
Қарлығаш ұландарың қанат қақты ,
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам .
2 жүр :Сен - бұлақ өзге қуат келмегенде ,
Шарапат сусын болған шөлдегенде.
Ғалым да , диқан дағы сенен ұшты ,
Сенен ұшпақ біз сияқты түлектер де .
1 жүр : Иә , мектеп - сіз бен біздің біліммен сусындаған , тәлім алған алтын ордамыз .
2 жүр : Мектеп - қасиетті шаңырақ , киелі мекен , ендеше білімнің қара шаңырағына қош келдіңіздер , қадірлі қонақтар !
1 жүр : Армысыздар жиналған ата - ана , ұстаз ,
Той , жиынсыз өмірдің мәні болмас .
Арамызда талпынып , қақты қанат ,
Он бір жылда оң , солын таныған жас .
2 жүр : Келешек қой осылар барға шүкір ,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр .
Жүректері лүпілдеп , тебіреніп ,
Қолдарына аттестат алғалы тұр .
1 жүр : Құрметті қонақтар , ата - аналар , ұстаздар ! Міне , көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты . Кеше ғана тұлымдары желбіреп , жүректері лүпілдеп , мектеп қабырғасын аттаған ұл - қыздарыңыз , ойы толып , білім нәрімен сусындап , кәмелеттік аттестат алуға , алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр . Қарлығаштарымызды қанаттарың талмай самғай беріңдер деп қарсы алайық !
2 жүр : Бүгінгі кеш , бүгінгі соңғы тілек , арнау мен аманатымыз соларға арналады .
1 жүр : Сезіледі жүректердің лүпілі ,
Жиі - жиі соғатындай бір түрлі .
Бозбала мен бойжеткендер сендерге ,
Еркелік те жарасады бұл күні .
2 жүр :Бал - балалық балауса өткенімен ,
Қанат қағар самғар сәт жеткенімен .
Қоштасудың қиыны - ай ұстаздармен ,
Қоштасудың қиыны - ай мектебіңмен.
1 жүр :Осы бір сәт уақыттың сыйы ма екен ,
Өмірге аттау күрделі түйін екен .
Мектеп деген балалық шағың болса ,
Балалықпен қоштасу қиын екен .
2 жүр : Алдарында сан тарау жолдары тұр ,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр .
Үлкен өмір есігін ашпақ міне ,
Келген қауым қол соғып қолдай отыр - деп , бүгінгі кештің себепкерлері - бітіруші түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық !
1 жүр : Әлі есімде мектепке алғаш барғаным ,
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным .
Санай ашып «Әліппенің» парағын ,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым .
11 «а» сыныбының алғашқы ұстазы ____________________________ және
2 жүр :Бүгін мен ғалым , яки болсам ақын,
Өзіңсің елден бұрын қол соғатын.
Ұрпаққа арнаса ғой жұрттың бәрі ,
Дәл сендей бар өмірін, бар сағатын.
Өзінің бітіруші түлектерімен 11 «а» сынып жетекшісі , қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ешімбетова Райхан келе жатыр.
1 . Оқушылардың тізімі:
1 жүр : Әліппемен ашып өмір есігін
Тербетті сені «Білім» деген бесігің
Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өстік алғашқы ұстаз есімін .
11 «ә» сыныбының алғашқы ұстазы _____________________________ және
2 жүр :Сен менің анамдайсың , ағамдайсың.
Мен үшін армандайсың , алаңдайсың.
Дүниеде сенен артық ақылшым жоқ,
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансың.
өзінің бітіруші түлектерімен 11 «ә» сыныбының жетекшісі , ағылшын пәнінің мұғалімі Китжанова Айқияш келе жатыр.
1. Оқушылар тізімі:
1 жүр :Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
11 «г» сыныбының алғашқы ұстазы _____________________________ және
2 жүр :Сенсің мінсіз мұрагері ілімнің,
Ақылшы , дос бал - балалық күнімнің.
Сен - дәулеті , жаңалығы ертеңнің ,
Сен компасы жөн сілтейтін бүгіннің .
11 «б» бітіруші түлектерімен бірге сынып жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Мархабаева Нұрсұлу Егізбайқызы келе жатыр.
1. Оқушылар тізімі:
1 жүр :Бұлақты іздерсіңдер , шөлдерсіңдер ,
Шырақты жағарсыңдар , емдерсіңдер .
Тұрақты тұтқасы жоқ дүниенің ,
Мұратты үміттері - сендерсіңдер .
2 жүр : Қарлығаштай ұшқалы тұр шәкірт те бір ,
Көктемдей сағынышқа батыпты өңір ...
Шектелмей бәріңе де , бәріңе де ,
Тілейміз сұлу ғұмыр , бақытты өмір ! - дей отырып , № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебін бітіруші түлектерге кәмелеттік аттестат беру салтанатына арналған «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз .
1 жүр :Мектептегі өмір енді өткеніміз ,
Алаңсыз шақ , балалық көктеміміз .
Қуантады , біресе қорқытады ,
Бір - ақ күнде есейіп кеткеніміз .
2 жүр :Үзілмесін тіршілік тынбас әні ,
Үлкен өмір есігін кімге ашады .
Алыстағы армандар шақырғанмен ,
Қоштасарда көңілді мұң басады .
1 жүр : Әуезі ән , жаны раушан , күн жүрегі,
Жел басқан сезімді де идіреді.
Бүгінгі қыз - бозбала түлектері,
Еліміздің алтын қазық тіректері.
2 жүр : Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяңдап оларға да келейін
Уақыт бөліп , бізге тілек білдірер
Қонақтарды таныстырып өтейін - дей келе бүгінгі кешімізге келген қонақтарды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер .
1)
2)
3)
4)
5)
1 жүр :Бәрі сын араласаң өмір ауылың,
Бәрі шын , қоштасарда қоңырау мұң .
Мәнісін ұғарсыңдар мектептегі ,
Дауысын сағынғанда қоңыраудың !
2 жүр :Қарлығаштай ұшқалы тұр шәкіртте бір,
Көктемдей сағынышқа батыпты өңір.
Шектелмей бәріңе де , бәріңе де,
Тілеймін сұлу ғұмыр , бақытты өмір! - деп бүгінгі бітіруші түлектерге жүрек жарды тілегін жеткізу үшін алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына береміз .
1 жүр :Арта берсін мерейің мен беделің,
Төбесіне көтереді сені елің.
Соғып тұрған жүрегі сен мектептің,
Лүпіліңнің пәктігіне сенемін!
_________________________________________________________әнін өзіңізге арнаймыз құрметті Гүлсара Жарылқасынқызы !
2 жүр : Бәрінің шуағы мол , нұры басым
Бәрінен сыр ұғасың , жыр ұғасың
Қалайша тебіренбессің ғажайып үн
Жүректе құйып жатса шұғыласын - деп ауданымыздан келген қонағымыз
------------------------------------------------------ береміз.
Келесі құттықтау сөзді Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі Мүсіреппеков Жексенбек ағайға береміз.
1жүр : Бүгін керек қазағымның бірлігі
Бірлік болса арта берер тірлігі
Осыларды басқаратын даналар
Аман болсын ауылдағы ағалар!
Құрметті қонақтар ! ___________________________________
қабыл алыңыздар !
2 жүр :Абзал жан , биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Қимастықпен салтанатты шақта бұл,
Құттықтауға сөз алады баршаңды - дей отырып , бұйрық оқуға метеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Ажар Абатниязқызына сөз кезегін береміз . (Аттестат тапсыру )
1жүр :Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуанттыңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді .
________________ қыздарыңыздың орындауындағы __________________ қабыл алыңыз Ажар Абатниязқызы !
1жүр : Қолда барда аттестатың құжатың
Шақырады алдан асыл мұратың
Егемендік алып біздің мектептен
Аяғыңды еркін басып тұрасың
Құрметті ұстаздар , ата - аналар ! Бітіруші түлектерге аттестат ұсыну сәті де келіп жетті . Осы рәсімді кешімізге келген қонақтарға тапсырсақ .
1жүр :11 « а» сыныбының бітіруші түлектеріне аттестатты тапсыру салтанатын атқару үшін ----------------------------------------- ортаға шақырамыз .
2 жүр : 11 « ә» сыныбының бітіруші түлектеріне аттестатты тапсыру салтанатын атқару үшін ----------------------------------------- ортаға шақырамыз .
1 жүр : 11 « г» сыныбының бітіруші түлектеріне аттестатты тапсыру салтанатын атқару үшін ----------------------------------------- ортаға шақырамыз .
1 жүр :Бүгін дербес есеюге қол жеткендей,
Алыстағы арманға ой кеткендей.
Бір - ақ күнде ұл біткен бозбала боп,
Бір - ақ күнде қыз біткен бойжеткендей.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер кәмелеттік аттестаттарыңыз құтты болсын !
2 жүр :Бүршік жарып бір сезім төсімізде,
Алғаш қалам ұстадық есімізде .
«Әліппені» ұстатқан ұзтаздарға,
Тілек берсек құрметпен кешімізде - деп алғашқы рет әліппені ұстатып , әріп танытып , білім нәрін берген алғашқы ұстаздарға сөз береміз
-
А» сыныбының алғашқы ұстазы
1 жүр :11 «Ә» сыныбының алғашқы ұстазы
2 жүр : 11 «г» сыныбының алғашқы ұстазы
2 жүр : Мұраның байыбына барып терең
Мұғалім бастап еді «Әліппеден»
Ұраның , тұмарың боп көкірегіңде
Шынайы ұғым тұрсын «ұстаз» деген
Құрметті алғашқы ұстаздар өздеріңізге арналған _____________________________
қабыл алыңыздар!
1 жүр :Алдымызда қол бұлғап асқақ арман
Үлкен өмір - ендігі басталар ән
Осы күнге жеткізген жетекшілер
Жанымызға жақындау басқалардан - деп , түлектердің қанаттарын қатайтып , бірге жүріп , қызықтарын бірге бөліскен , ақылшы болған сынып жетекшілеріне сөз кезегін береміз .
2 жүр : 11 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ешімбетова Райхан
1 жүр : 11 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Китжанова Айқияш
2 жүр :11 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Мархабаева Нұрсұлу Егізбайқызын
шақырамыз
2 жүр : Биік сенің ұстаздық қасиетің
Мінезің жоқ қиынға бас иетін
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған
Жүрегімде әр кез айтқан қасиетің .
Құрметті сынып жетекшілер өздеріңіз ұшырғалы отырған түлектеріңіздің орындауындағы
____________________________________________ қабыл алыңыздар!
1 жүр :Мерген ұл , ширақ қызды шынықтырған,
АӘД әлемінен сыр ұқтырған.
Жандарбеков Бағдат ағай арқасында,
Отан қорғап, қорықпауды қыраттардан.
АӘД пәнінен білім берген Бағдат ағайға
2жүр :Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар.
Баласы жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік , адал дос табылар.
1 жүр :Он бір жыл бойы оқытып тәлім - тәрбие берген барлық ұстаз қауымға алғысымыз шексіз. Сіздердің жанұяларыңызға шаттық , дендеріңізге саулық , отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
2 жүр : Ата - ана деген ата мекен,
Әр адам ата - анамен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен - дей келе , ұл - қыздарымызды түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеп өсірген , Ұлттық Біріңғай Тестілеуден жоғары бал алған түлектеріміздің ата - аналарына сөз береміз .
11 «а» сынып оқушысы ____________________________________________
1 жүр :11 «ә» сынып оқушысы ______________________________________
2 жүр :11 «г» сынып оқушысы ______________________________________
2 жүр : Қыз өсірген аяулы ару етіп ,
Нәзіктікті ұстатты қару етіп.
Ұл өсірді әкеміз ұлағатты,
Естіді ме ұлынан жаман атты ?
Осындай ата - аналарға балаларына сапалы білім , саналы тәрбие бергені үшін
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп ұжымының атынан алғыс жариялау үшін мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызын ортаға шақырамыз .
Құрметті ата - аналар ________________________________________
1 жүр :Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ бүгін сан түлек.
Айтылар бүгін сан тілек,
Егілер бүгін сан жүрек .
Енді қолдарына өмір белестерінің жолдамасын алып , жүректері лүпілдеп , сезімге толы жанарлары мөлдіреп мектеппен қимай қоштасқалы тұрған түлектердің де айтар алғысы аз емес шығар . Сөз кезегін 2014 жылғы бітіруші түлектерге берейік .
11 «а» сынып оқушысы _____________________________________________
-
жүр :11 «ә» сынып оқушысы _____________________________________
-
2 жүр :11 «б» сынып оқушысы ___________________________________
2 жүр : Бәрі сын , араласаң , өмір - ауылың
Бәрі шын , қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғарсыңдар өткен күннің
Дауысын сағынғанда «Қоңыраудың»
Құрметті бітіруші түлектер сыныптастарыңыз ____________________________
қабыл алыңыздар !
1 жүр : Жағатұғын әр балаға бақ шамын
Төрдегі оның тот баспайды ақ тағын !
Шәкірт қауым , барлығың да әрқашан
Ұстаздардың үміттерін ақтағын !
2 жүр : Пәк сезімді көкірегіне түйгендер
Бір - біріңнің көңіліңе тимеңдер
Балалықтың базарына қол бұлғап
Қоштасудың соңғы биін билеңдер
«Қоштасу» вальсі
1 жүр : Үлкен өмір - тым қатал сынақтардай
Біздерге әлі беймәлім сұрақтардай
Өз жолыңды өмірде табу үшін
Жармасайық жолына құлап қалмай
2 жүр : Қош бол енді , мектебім - думанды өмір ,
Шарықтайды сан арман қуған көңіл
Сан тарауға кеткенмен сапар шегіп
Түбі бізді күтеді туған өңір
1 жүр : Еліктіріп алдағы өмір әні бізді
Тулатады бойдағы қанымызды
Санамызға сіңіріп білім берген
Қош бол енді , ұстаздар , жаны ізгі !
2 жүр : Басталғал тұр менде саналы күн
Қош , мектебім , сыныбым - ана жырым
Қалып барады өзіңнің құшағыңда
Екі көзі мөлдіреп балалалығым
1 - 2 жүр : Бетке аламын енді өмір бұлты , желін
Сыныбымды қия алмай іркілемін
Қош кешегі күндерім , қош мәңгіге
Менің қамсыз сәбилік күлкілерім !