7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер

Қазақ тілі Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемге тән белгілерді меңгерту, жай және құрмалас сөйлем жөнінде түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін, ББД дамыту.

Тәрбиелік: Ана тілдеріне деген құрметтерін арттыру, өз тілдерінде мәдениетті, дұрыс сөйлеуге, ата-бабаларының мұраларын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, әңгіме, ситуациялық, кітаппен жұмыс, көрнекілік, жеке жұмыс.

Көрнекіліктер: карточкалар, оқулық, Қазақстан картасы т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

Грамматикалық норма деген не? Мысалы...

- Нормадан ауытқулар бола ма? Олар қайда кездеседі? Мысалы...

- Инверсия деген не? Мысалы...

- Сөздер қалай тіркеседі?

- Инверсия қандай сөйлемдерде болады? Хабарлы сөйлемде қолданыла ала ма?

- Жаттығулардың орындалуы тексеріледі. (кейбір оқушыдан, өзгесі кейін дәптерге бағаланады)

3. Жаңа сабақ

а). Жаңа материалды меңгерту. Мысалдар тақтадан көрсетіледі:

Сөйлем: Сөз тіркесі:

Бүгін неше сабақ болады? Сабақ айту, сүт пісіру,

Ауылда атам мен әжем тұрады. кірпік қаққанша

Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын көрсете отырып, сөйлемнің қызметін таныту. Сөйлем бір нәрсе жайында хабар береді, онда бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі болады. (Кеш жарық! Иә, Бәрекелді! Ештеңе емес сияқты айтылыстар сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыштық-баяндауыштық құрылым тән емес).

Сөз тіркесінде тек бір нәрсені атау қызметі ғана берілген. Сөздер тіркесіп, белгілі бір синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

Оқушылар ережені, сөйлемге тән белгілерді өздері табады.

Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі.

1. Бір нәрсе жайында хабарлап, тиянақты ойды білдіреді.

2. Тұрлаулы мүшелері болу керек.

3. Сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерден құралады.

4. Интонациямен айтылуы керек. ( Түн. Вокзал. Кең дала.)

Бастауыш-баяндауыштық құрылым санына қарай сөйлем екіге бөлінеді: жай және құрмалас сөйлем.

Жай сөйлем: Құрмалас сөйлем:

Әйгерім қыста киетін түлкі Абай ағам шайын ішіп болып,

тымағын тігіп отыр. кітап оқып отыр.

(1 баст, 1 баянд, 1 ой) (1 баст, 2 баянд, күрделі ой).





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал