7


  • Учителю
  • Оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалауды қолдану тәсілдері

Оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалауды қолдану тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалауды қолдану тәсілдері



Муратбаева Назгуль Жаксылыковна

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Талдықорған қаласындағы филиалының тренері

Қазақтан Республикасы



Түйінді сөздер

Формативті бағалау, формативті бағалаудың технологиялық тәсілдері, баға қою қызметі, кері байланыс, оқуды жақсарту, бағалау критерийлері, жетістік (табыс) критерийлері.

Ключевые слова

Формативное оценивание, технологические приемы формативного оценивания, оценочная деятельность, обратная связь, улучшение обучения, критерии оценивания, критерии успеха.

Keywords

</ Formative evaluation, technological methods of formative assessment, evaluation activities, feedback, improvement of education, assessment criteria, the criteria for success.

Аннотация



Мақалада бағалау үдерісінің бүгінгі оқыту талабына сай өзгеруіне байланысты, мектеп тәжірибесіне енгізіліп жатқан «формативті бағалау» терминіне ғылыми тұжырымдамаларға сүйене отырып, анықтамалар беріледі. Оқушылардың білімін әділ және нақты бағалауға мүмкіндік беретін формативті бағалауды мектеп ұстаздары қалай қолданып жатқанына жүргізілген жеке бақылау нәтижелерін талдайды. Формативті бағалау үдерісін іске асырудың тиімді жолдарын теориялық материалдарға сілтеме жасай отырып, нақты ұсыныстар келтірген. Оқушыларға оқу мақсатын айқындауды үйрету, жетістік критерийлер арқылы өзін өзі бағалауға оқушыларды тарту тиімділігін түсіндіреді. Сабақта қолдануға тиімді жетістік критерийлерінің үлгілерін ұсынады. Формативті бағалаудың кері байланыс арқылы жүргізілуін сипаттап, бірнеше технологиялық тәсілдерді ұсынады, оларды қандай мақсатта және қалай қолдануға болатыны жайлы нақты ұсыныстар беріледі.



Аннотация



В статье рассматривается изменение процесса оценивания согласно требованиям современного обучения и предоставляется определение термину «формативное оценивание» используемое в практике школ, на основе теоретического материала. Анализируются результаты наблюдений за применением формативного оценивания учителями в практике преподавания, дающего возможность объективного оценивания знаний ученика. Имеются рекомендации по эффективному использованию формативного оценивания на основе теоретического материала. Объясняется преимущество использования критериев успеха при самооценивании, определения цели учащимися для вовлечения их в процесс обучения. Представляются примеры критериев успеха к уроку. Описывается использование формативного оценивания через обратную связь, а также представлены технологические приемы с рекоммендациями как и с какой целью применять в практике преподавания.



Annotation



The article discusses the changes in the evaluation process in accordance with the requirements of modern education and given the definition of the term "formative assessment" used in the practice of schools, based on the theoretical material. The author analyzes the results of observations of using formative assessment by teachers in teaching practice, enabling an objective assessment of pupils' knowledge. There are recommendations for the effective use of formative assessment on the basis of theoretical material. It explains the benefits of using the criteria of success in self-evaluation, determination of target students for their involvement in the learning process. Represents an example of the success criteria for the lesson. Describes the use of formative assessment through feedback, processing methods are also presented with a recommendation as to what purpose used in the practice of teaching.



«Баға - бұл тәрбие берудің ең бір нәзік құралы. Баға аз болсын, бірақ оның әрбірі салмақты, маңызды болсын».

Василий Сухомлинский



Осы заманғы оқыту мен оқуда бағалау үдерісі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бағалау тек сабақ соңында мұғалім жүргізетін үдеріс деген түсінік қалыптасып қалғандықтан, формативті бағалауды оқыту тәжірибесіне енгізу барлық мұғалімдерге қиын болып жатыр.

Деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған көптеген мұғалімдердің сабақтарына бақылау жүргізу нәтижелері мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануда оқушыларды ынталандырумен шектелетінін көрсетеді. Көбіне олар сабақтарында дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтайды, қол шапалақтайды, фишка, жетон, күлегештер береді, осылайша оқушыларды оқуға ынталандырады. Ал оқушылардың қаншалықты оңтайлы оқитыны, нені жақсы меңгергені, нені меңгере алмағаны жайлы ақпарат алу үшін кері байланысты бағалауды қолданбайды. Формативті бағалау оқушылардың табысқа жетуіне және мұғалімнің одан да тиімді оқытуына көмектесуі қажет. Формативті бағалау оқушы үшін маңызды, себебі оқушы өз алдына оқу мақсатын қоюды, өзінің әрекеттерін бағалау және шешу амалдарын табуды үйренуі тиіс. Формативті бағалау сабақтың өн бойында жүргізіледі және ол оқу мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім әр сабақтың басында оқушылармен оқу мақсаттарын анықтап алуы тиіс. Мақсат оқушы тарапынан қойылып, ол сабақ бойы оқушыларға көрінетін жерде жазылып тұрғаны дұрыс. Әр оқушы бүгінгі сабақта өзі нені үйреніп шығуы тиіс екенін анық біліп отыруы маңызды. Сол үшін сабақ соңында қол жеткізілетін оқу нәтижелерін немесе жетістік (табыс) критерийлерін құрып, жазып қою қажет. Мысалы:

тарих пәні сабағында оқушы жететін табыс критерийлері былай құрылуы мүмкін:

  • Мен Кенесары көтерілісі қамтыған кезеңдерді атап бере аламын;

  • Картадан көтеріліс қамтыған аймақтарды көрсете аламын;

  • Көтерілістің басталу себептерін білемін;

  • Кенесарының неліктен жеңілгенін, оған қатысты тұлғалардың (кемінде 2 тұлға) әрекеттерін түсіндіре аламын.

Қазақ әдебиеті сабағында оқушы жететін табыс критерийлері былай құрылуы мүмкін:

  • Бұл шығарманың қай жанрға жататынын біледі;

  • Шығарманың басты кейіпкерлерін біледі (2-ден астам);

  • Оқылған мәтіндегі негізгі оқиғаларды айтып бере алады;

Сабақ соңында тиімді мұғалім міндетті түрде оқушылармен сабақ мақсатына қол жеткізгендерін, оны критерийлер арқылы өлшеп, қорытындылауға уақыт бөледі.

Формативті бағалау мұғалім мен оқушының арасында тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді. Демек, мұндай бағалау мұғалімге оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат алып, оқушылардың қиындықтары мен кемшіліктерін дер кезінде анықтап отыруын қамтамасыз етеді. Мысал келтіріп көрейік: мұғалім теориялық материалды зерделеуге тапсырма орындатады. Тапсырманың орындалуын бақылайды, қиналып отырған оқушылар «белгі» бергенде (сары түсті карточканы көтерсе), мұғалім оларға жақындап, түсіндіреді, әрі қарай жұмыс істеуіне бағыт береді. Осылайша оқушылар мұғалімнен дер кезінде қолдау көреді. Ал «мен түсіндім» деп «жасыл» карточканы көтерген оқушыларға басқа құрдастарына түсіндіріп беруін тапсырады, бұл оқушылардың білімдерін бекітуге ықпал етеді, екіншіден, қиындығы бар оқушылардың көмек алуына мүмкіндік береді, сыныпта бірін-бірі оқыту ортасы қалыптасады. Жұмыс аяқталғанда «Бағдаршам», «Қол сигналдары», «Басбармақ» т.б. тәсілдермен өзін өзі бағалауын ұйымдастырып, оқушылардың жетістіктерін айқындайды, мұғалімде оқушының білімін әділ бағалауы үшін ақпараты болады.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар оқу мақсатына жетуге бағытталуы тиіс, мұғалімдер сабақты жоспарлағанда мұны мықты ескеруі қажет. Кейбір сабақтарда тапсырмалар жеңіл әрі қызықты болуымен оқушыларды белсенді болуға итермелегенмен, олардың оқу мақсатына жетуіне көмектесе алмайды. Зерттеулерде көрсетілгендей, сәтті сабақтарға тән ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің мақсатпен сәйкестілігі. Басқа сөзбен айтқанда, іс-әрекет үйренудің мақсатына сәйкес келіп, қалаулы нәтижеге жетумен аяқталуы тиіс. Кейбір мұғалімдер ерекше тапсырмаларды қолдануға тырысады, бірақ осы жерде олардың мақсаты жоғалады (егер ол болған жағдайда). Егер тапсырмаларда, оқып білуге қажетті, жақсы нәтижеге жету мүмкіндігі болмаса (яғни жылдам және нақты болмаса), онда олардың мәні ауқымды болмайды. Шындығына келгенде олар пайдасыз болады. Ричард Дарант (2011) [2]. Әрбір тапсырма орындалмастан бұрын, мұғалім оқушыларға жетістік критерийлерін жеткізуі керек (критерийлерді оқушылармен бірге құру тиімді). Жетістік критерийлері оқушыларға тапсырма қалай орындалуы керектігі жайлы түсінік береді, яғни, бала өзінен не талап етіліп тұрғанын жақсы түсінетін болады. Көп жағдайда мұғалімдер тапсырмаларға (шығармаға, эссеге, мәнерлеп оқуға, бақылау жұмыстарына) сай критерийлер ұсынуға көңіл бөле бермейді. Критерийлер ұсынылмағандықтан, оқушылар жұмысты өз білгендерінше, сапасыз орындайды. Алдымен, оқушыларға критерий деген не екенін түсіндіріп алу қажет (критерий - не жайлы сөз болса, соны бағалау үшін қолданылатын өлшем (kk.wikipedia.org/wiki/Критерий). Критерийлерді оқушыларға жұмысты орындамастан бұрын ұсыну қажеттігін естен шығармаған жөн.

Тапсырма орындалысымен, оқушылардың жұмысы қаралып, оқушының жіберген кемшіліктерін түзетуіне көмектесетін формативті бағалау жүргізіледі. Бұл оқушылардың біртіндеп бағалаудан қорықпай, өз жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар алуға дағдылануын қалыптастырады, өйткені ол «баға» қойылғанға дейін жүргізіледі. Аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының жұмысын қарап, ұсыныс беруге бір ғана мұғалімнің қол жеткізуі мүмкін емес. Сондықтан, мұндайда өзін өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері қолданылады, оны "Портфолио", "Жеке бағалау парағы", "Бағдаршам", "Соңғы бес минут", "Егер сіз тұйыққа тірелсеңіз", "Таныстырылым" стратегиялары арқылы жүргізуге болады. Бұл үдеріс - кері байланыс деп аталады. Кері байланыс бұл - қандай да бір қызметтерді, жағдайларды, сұрақтарды, жұмыстарды бағалау; пікірлер айту үдерісі. Бұл жұмыс сыйласымды қарым-қатынасқа бағытталуы тиіс, оқушыға өз қателерін түсінуге көмектесуді, оны қалай жақсартуға болатыны жайлы ойлануына көмектесуді көздейді. Кері байланыс беруді ұйымдастырғанда мұғалім өзі де, оқушыларды да алдымен жұмыстың жақсы жақтарын атап өтуге дағдыландырып, содан кейін ғана нені жақсарту қажет екеніне тоқталуы тиіс. Тиімді кері байланыс мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, оқушылардың өзіне сенімділігін нығайтады, оқушылар оқуға талпынады, өйткені ол өзінің оқуы жайлы ақпарат алып отырады, оқушының өздігінен оқуына ықпал етеді. Мұғалім оқушыдан алған кері байланыс арқылы өзінің оқытуын жетілдіре алады. Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Зерттеулер дәлелдемелері жазбаша кері байланыстан гөрі ауызша кері байланыс тиімдірек деп көрсетеді. Өйткені ауызша кері байланыс дер кезінде ұсынылса, жазбаша кері байланыс кешірек беріледі. Көптеген мұғалімдер өз тәжірибелерінде кері байланысты жүйелі қолданбағандықтан, оның оқуышылардың оқуына айтарлықтай ықпал ететініне күмәнмен қарайды, «уақыт жетпейді», «әр баланың дәптеріне кері байланыс жазып отыру үшін бір сыныптың жұмыстарын тексеруге жарты күн уақыт қажет» деген пікірлерін айтып жатады. Айталық, оқушы диктант жазғанда өзі ауызша айтып бере алатын ережелерді сақтамай, грамматикалық көптеген қателер жібереді. Мұғалім қателерді қызыл сиямен түзетіп, келесі күні қатемен жұмыс жүргізгенде, дұрыс жазылуына қарап, көшіріп береді. Алайда, сол қателерді оқушылар келесі диктанттарда қайтадан жасайды, солай жалғаса береді. Сонда оқушылардың сауатты жазуы үшін не істеуіміз керек?

Егер мұғалім оқушының жұмысын тексергенде дұрыс жазған сөздердің астын жасылмен сызып, қате сөздерді қызылмен сызып көрсетіп, келесі сабақта қателерді өзі тауып, өзі түзеуіне мүмкіндік берсе, бұл емле ережелерін оқушылар естерінде жақсырақ сақтайтын болар? Тыныс белгілердің қойылу ережелерін оқушылардың түсініп, жазу кезінде қолдануы өте сирек орын алады, өйткені тыныс белгілерді жанымен сезінуі керек. Мұғалім қатемен жұмыс жүргізгенде сондай ережелерді топта талқылатып, мысалдармен нығайтуды тапсырса немесе интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тыныс белгілерді шатастырып қойып, оларды дұрыс орналастыруды тапсырса, көзбен көру арқылы оқушылар жақсырақ ойланатын шығар? Мұғалім оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету үшін түрлі тәсілдерді қолданып көруі тиіс, оқушылардан кері байланыс алу арқылы, олардың білім беру тәсіліне қалай әрекет еткені жайлы ақпарат ала отырып, оқытуын жақсартуды ойластыруы керек. Әрине, жазбаша кері байланыс беру көп уақытты қажет етеді, бірақ ол сапалы, маңызды бағалау болатынын ұмытпағанымыз жөн. «Үздік сабақтың алты белгісі» зерттеу еңбегінің нәтижесімен бөліскен Ричард Дарант (2011) табысты сабақ жайлы мынадай тұжырым жасайды: «Ең маңыздысы прогресс дегеніміз - сіздің нені сезіне алатыныңыз. Сондай-ақ оқушылар сабаққа қызығып, өздерінің сұрақтарына зияттарын қолдану арқылы жауап іздестіріп, зерттеу жүргізсе, өз қателіктерінен үйренген кезде, сіз ең үздік жетістіктерге жеттім деп толыққанды сенімділікпен айта аласыз» [2].

Мен курстан кейінгі қолдау жұмысы кезінде мұғалімдердің сабақтарын бақыладым. Сол кезде тақтада жұмыс істеген оқушы тек мұғалім үшін орындағанын көрдім: бірнеше оқушы тақтада үнсіз есеп шығарып жатты, басқалары өз орындарында есептеді. Тақтадағы оқушылар есептерін шығарып болған соң, мұғалім өзі тексеріп, оқушыға бәсеңдетілген дауыспен сұрақ қойып, қателерін түзетті, оқушылар орындарына отырды. Не үшін жұмыс тақтада орындалды? Егер оқушы өзі баға алу үшін есеп шығарса, неге ол өз дәптерінде орындап, мұғалімге жеке тексертпейді? Неге оқушы қиналып қалған сәттер басқа оқушылардың араласуымен реттелмейді? Ричард Дарант (2011) «Үздік сабақтың алты белгісінің» бірі ретінде мұғалімнің сабақ үстінде әр оқушының нені түсініп, нені түсіне алмай қиналып отырғанын анықтауға уақыт бөлінуінің маңызын атап көрсетеді: «Ғұлама мұғалімдер оқушылардың түсіну деңгейін өлшеу мүмкіндігін саналы түрде енгізеді. Бұл мұғалімдер ерекше ықыласпен сабақтың талқыланбаған бөлігіне кірісіп, оқушылар нені түсінген жоқ, олар қандай прогреске қол жеткізді деген қызу талқылауға түседі» [2]. Демек, мұғалім сабақ жоспарын қуаламай, әр тапсырманың мұқият орындалуына, оқушылардың бір нәрсе үйренгенін кері байланыс арқылы анықтауға мән беруі тиіс.

«Формативті бағалау бұл - мұғалімдер оқытатын тақырыптар мен дағдыларды игеруін бағалау үшін қолданылатын құрал. Сондай-ақ ол оқыту кезінде белгілі бір студенттердің қателерін және материалды аяғына дейін түсінбеуін анықтаудың «өзегі» (ор. «сердцевина») болып табылады». (Каль, 2005, 11-б). Мұғалімдердің сабақтарына жүргізілген бақылаулар олардың формативті бағалауды «баға қою» қызметімен шатастыратынын көрсетті. Мұғалімдердің көбі сабақтарында формативті бағалау мақсатында «бақылау парақшаларын» қолданады, онда материалды түсінуі жайлы ақпарат алу емес, баға қоюды сұрайды. Мысалы:

Мектептерде мұғалімдер жиі пайдаланған бағалау парақшасының үлгісіТоптық жұмыс:

А)қатысуы

Ә)идеялар айтуы

Б) сауатты қорғауы









Жұптық жұмыс









Бұл парақшаны топ басшысы қолданды, ол әр оқушыға баға қойып отырды.

Сонда бағалаудың бұл әдісі оқушылардың оқуын жақсартуға қаншалықты әсер етеді? Әр оқушының нені түсінгені, нені түсінбегені жайлы ақпарат алуға мүмкіндік бере ме? Бұл бағалау парағы формативті бағалаудың мақсатына сай құрылған ба?

Ричард Дарант (2011) өз зерттеуінде: «Көптеген мұғалімдерді мынадай сұрақ мазасыздандырады: қысқа уақыт аралығында сіз оқушыларыңыздың жетістіктерін қалай көрсете аласыз? Бұл мүмкін емес және солай істеуге тырыспай-ақ қойыңыз» деп нақты жазады [2]

. Мұғалім қағидалы түрде бағалау тәртібін және өзінің позициясын өзгертіп: біртіндеп оқушының әрекетін бағалау ықыласын баланың өзіне беру арқылы бағалауды бірлескен әрекет ретінде ұйымдастырады. Формативті бағалаудың техникасының негізі - аналитикалық жабдықтарды және қабылдау деңгейінің, таным барысында оқушылардың ілгерілеуін өлшеуге арналған тәсілінде құралған. Бұндай бағалаудың нәтижелерін оқуды жетілдіруде және оқытуда ұсыныстар құрауда қолдануға болады. [1, 156-бет]. Техникалық тәсілдер мұғалім тақырыпты түсіндіру кезінде, оқушылардың тапсырманы орындау кезінде қолданылады. Жаңа материалды қорыту мақсатында тақырыпты меңгерген, меңгермегенін «Қортыуға және сұрақтарға арналған карточка индексі» тәсілі арқылы анықтауға болады. Бұл әр оқушымен жеке жұмыс түрінде жүргізіледі. Оқушы ауызша жауап берсе де болады, егер бірнеше оқушыны қамтығысы келсе, карточкаға жазуын сұрап, жазбаша тексеру де тиімді болады. «Қол сигналдары» тәсілін қолданғанда, мұғалім оқушылардан материалдан нені түсінгенін, нені түсінбегенін қол белгілері арқылы көрсетуін сұрайды, сигналдарға қарап оқушылардан жауап алады. Алынған жауаптар нәтижелері бойынша мұғалім қайта оқу, тақырыпты бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды меңгеруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды. [1, 156-бет]. «Меңгерудің қателігін тексеру» тәсілі оқушыларға қызық, олар мұғалім берген қате ұғымдарды, идеяларды түзейді, өзінің көзқарасын түсіндіреді, тақырыпты меңгермеген оқушы бұл тапсырманы орындауда қиналады, нәтижесінде мұғалім бұл оқушының қиындығын жеңуге көмек көрсетеді.

Өз тәжірибемде жиі қолданатын тәсілім - «жазбаша түсініктемелер беру». Тыңдаушылардың рефлексивтік есептерін формативті бағалау кезінде жиі қолданамын және мұғалімнің есебін жетілдіру үшін тиімділігігіне көзім жетті. Жазбаша жұмысты тексеріп отырып, дұрыс (қызықты) бөліктерді бір түспен, ал жетілдіруді қажет ететіндерді - басқа түспен ерекшелеу керек. Білім алушылар ұсынылған түсініктемелерге сүйене отырып, өз жұмысын жақсарта алады.

Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, формативті бағалауды қалай қолдану қажеттігін жеткілікті түсінуіміз үшін, зерттеушілер Стиггинс, Артер, Шапюи және Шапюи (2005) ұсынған оқытуға арналған бағалауды құрайтын бірнеше тапсырманың негізгілерін атап өткім келеді:

  • Мұғалім оқушыларды оқытудың мақсаттарын дұрыс және нақты түсінуі керек;

  • Жұмыстың күшті және әлсіз жақтарының үлгілері мен мысалдарын пайдалану;

  • Жүйелі сипатталған кері байланысты ұсыну;

  • Оқушыларды өзін-өзі бағалау және мақсатты қоя білуге үйрету;

  • Оқушыларды өзін-өзі тексеруге тарту және білімдерімен бөлісуге, сондай-ақ есебін жүргізуге мүмкіндік беру;

Егер мұғалім пайдаланған формативті бағалау осы міндеттер негізінде жүргізілсе, ол оқыту мен оқу сапасын көтеріп, сыныптағы білім алу үдерісіне көптеген оң өзгерістер әкелетіні сөзсіз.



Пайдаланған әдебиеттер:



  1. «Педагогикалық диалог» журналы, №2 (8) 2014ж, 34-42, 110-115, 154-159-беттер.

  2. «Үздік сабақтың алты белгісі» Ричард Дарант. Үлестірме материалдар, 3-деңгей, Астана 2014ж

  3. «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» (2012). Әдістемелік нұсқау/құр.Дудкина О.И., Бүркітова А.А., Шакирова Р.Х. - Б.: «Білім», 18-бет.

  4. Уильям Д. Оқуды қолдау: сыныпты бағалау және оқуды реттеу. (2007)



  1. «Бастауыш мектептегі формативті бағалау» (2012). Мұғалімге арналған практикалық құрал/құр.Дудкина О.И., Бүркітова А.А., Шакирова Р.Х. - Б.: «Білім», 4-5 беттер.





























7



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал