- Учителю
- Ш. Құдайбердиев 'Қалқаман - Мамыр' поэмасы (ашық тәрбие сағаты 8-сынып)
Ш. Құдайбердиев 'Қалқаман - Мамыр' поэмасы (ашық тәрбие сағаты 8-сынып)
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Абайдың ізбасары, қазақ халқының бес арысының бірі Ш.Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы, төл туындысы «Қалқаман-Мамыр» поэмасымен таныстыру, оқушылардың әдебиет пәнінен коммуникативтің құзіреттіліктерін арттыру.
1. Білімділік: Ш.Құдайбердиев шығармашылығы туралы білім алады, «Қалқаман -Мамыр » поэмасының тақырыптық идеясын ашады.
2. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, сұрақтар қою арқылы белсенділігін арттырады , өздігінен білім алуға дағдыланады.
3. Тәрбиелік: өнер-білім алуға, салт-сананы сақтауға, пікірін еркін жеткізе білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақты (тақырыпты) игеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары класстер, кіші дөңгелек үстел, іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, формат беттер, карточка, тест
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру. Өздерінің көңіл-күйлерін әртүрлі табиғат құбылыстарына теңейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақта біз қазақтың бас ақыны Абайдың он жетінші қара сөзін өткен болатынбыз.
Жартысынан қара сөзді рөлге бөліп сұраймын.
Жартысынан Абай шығармашылығы бойынша тест тапсырмасы беремін.
ІІІ.Жаңа сабақ
Қазақ қоғамының рухани өсуіне үлес қосып,жастарды ғылым-білім,өнер-өнегеге баулуды мұрат еткен ұлы Абай мектебінің шәкірті,талғамы биік талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен танысамыз. Сабақтың мақсаты таныстырылады.
Үш топтағы оқушылар Шәкәрім туралы Класстер толтырады.
Шәкәрім
Оқушылардың сызғандары тақтаға ілінеді.
Өмірі , шығармашылығы туралы қысқаша айтып өту. Шәкәрім 1858 жылы 11-шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семейдегі Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. (Абай мен Шәкәрімнің туыстығы слайдтан көрсетіледі.)
Демек,Шәкәрім Абайдың немере інісі. Шәкәрім жеті жасында хат танып,әрі қарай өз бетінше ізденіп оқыған. Араб,парсы,түрік тілдерін жетік білгендіктен,Фирдауси,Низами,Сағди,Физули, Науаи сынды шығыс классиктерінің шығармаларын талдап оқыған. Солардың әсерінен "Ләйлі-Мәжнүн" атты ғашықтық дастанын жазған. Ол Абайдың тапсырмасымен «Еңлік-Кебекті» де жазып,сәтті аяқтаған. Сонымен бірге батыс әдебиетінен де көп мағлұмат алып, А.С.Пушкиннің "Дубровский" повесін поэма етіп қазақ тіліне аударады. Ол 1895-1906 жылдары қажылық сапармен Меккеге барған уақытында Стамбул кітапханаларының бай мұраларымен танысады.
Шәкәрім шығармашылығында басты орын алатын жанр бұл Абай ұстаздығымен дарыған дастаншылдық яғни поэма жанры. Жалпы Шәкәрім бірқанша поэма жазған және аударған.Олар:"Қалқаман-Мамыр","Еңлік-Кебек", "Нартайлақ пен Айсұлу","Мұтылғанның өмірі","Ләйлі-Мәжнүн",А.С.Пушкиннен аударған "Дубровский" поэмалары. Соның ішінде мазмұны және көлемі жағынан "Қалқаман-Мамыр" сәтті жазылған.
Қалқаман -Мамыр поэмасының мазмұнымен танысасыңдар.
«Кіші дөңгелек үстел» әдісі. 3 топқа 3 бөлімге бөлінген поэманың мәтіндері таратылады. Поэма мәтінімен танысқан оқушылар дәптерлеріне сұрақтар құрады. Әр топтан 2 оқушы басқа топтарға барып өздеріне берілген тақырыпты түсіндіріп шығады, сұрақтарын қояды.
Балалар түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар қояды.
Проблемалық сұрақ Қалқаман мен Мамырдың ата-аналары, туған туыстары екеуінің қосылуына неге қарсы?
Оқушылардың жауаптарын слайдтағы «Қалқаман- Мамыр » шежіресі арқылы өзім толықтырып кетемін.
Жеке оқушымен жұмыс Е.Садықоваға, Д.Сакеновке карточка беру Тарихтың «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңімен байланысты екенін айтып өту.
IV.Қорытынды жасау.
Сабақ басындағы класстер кестесіне жаңа сабақ арқылы толықтыру енгізу.
Сабақтан алар тәліміміз:
« Ата салттан аттауға да болмас,
Жүрек қалауын тастауға болмас».
Ү.Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма Поэма желісінен Қалқаман, Мамырдың бейнесін жазып келу