7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен Зат есімнің септелуі тақырыбында ашық сабақтың жоспары

Қазақ тілі пәнінен Зат есімнің септелуі тақырыбында ашық сабақтың жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Маликова Н.С.



Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі. №2(2).



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есім, зат есімнің септелуі туралы

білімдерін әр түрлі тапсырмалар, сұрақтарға жауап

беру, жаттығу орындау арқылы пысықтау.

2. Сөздерге жалғау қосып сөйлеуге үйрету.

Дыбыстарды анық айтуларын қадағалау, үнемі

түзетіп отыру.

3. Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Пәнге деген

қызығушылығын арттыру. Оқушыларды өздігінен

жұмыс істеуге, дұрыс, мазмұнды жауап беруге және

сауатты жазуға баулу.



Сабақтың түрі: Пысықтау-жинақтау.



Көрнекілігі: Кесте қағаздар, қима қағаздар, суреттер.



Меңгерілетін сөздер: Септік жалғаулары, зат есімнің септелуі,

атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.



Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Диалог құрау. (Өзара тілдесу арқылы тіл дамыту)

  2. Сабақтың жоспарын оқыту.

  1. Сөздік жаттығу.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Өткен сабақты қайталау.

  4. Тақтамен жұмыс

  5. «Апта күндері» ойыны.

  6. Мақал-мәтелдер оқу.

  7. Қима қағазбен жұмыс.

  8. Диктант жазу.



  1. Сөздік жаттығу.

Тіл - біздің санамыз да, арымыз да,

Жақын ғой өз тіліміз жанымызға.

Бұл тілді біз мақтамай, кім мақтайды,

Бәрі рас ұлттық намыс қолымызда.



  1. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сұрақ-жауап.

  • Үй тапсырмасына не берілді?

  • Септік атауларын, олардың сұрақтарын жаттау.

  • Сабаққа дайынсыңдар ма?

  • Бірінші қандай септік, сұрақтары қандай?



  1. Өткен сабақты қайталау.

  • Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

  • Септік жалғаулары дегеніміз не?

  • Қазақ тілінде қанша септік бар?

  • Зат есімнің септелуі дегеніміз не?



  1. Қима қағазбен жұмыс.

  • Қима қағазда жазылған сөздерді қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Сабаққа - барыс септік;

Оқушының - ...

Тәрбиешіні - ...

Мұғаліммен - ...

Сызғыш - ...

Мектептен - ...



  1. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс..



  1. Тақтамен жұмыс.

(Оқулықтың 91-бетіндегі, 284-жаттығу.)

  • Зат есімдерді тауып, олардың қай септікте тұрғанын айт.



Тиін ағаштың қуысына тығылды. Ол күзде ағаштың бүршігін, саңырауқұлақты жинап алады. Қыстыгүні соларын жейді де, ұйықтайды.



  1. Дәптермен жұмыс.

Жаттығуды қатесіз көшіру.



  1. «Апта күндері» ойыны.

Септік атауларының жанына апта күндерін сол септіктің жалғауын жалғап жазу.

А. дүйсенбі

І. сейсенбінің

Б. сәрсенбіге

Т. бейсенбіні

Ж. жұмада

Ш. сенбіден

К. жексенбімен



  1. Сергіту сәті.

Бірінші күн - Дүйсенбі

Сейсенбінің - қиыны-ай,

Сәрсенбіге - сәттілік

Бейсенбіні - бақыт деп,

Жұмадағы - жақсылық

Сенбіден біз сеніммен,

Жексенбімен - тыныштық.

Орнасын деп көңілмен,

Баршаңызға тілейміз.



  1. Мақал-мәтелдер оқыту.

Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын айту.

  1. Оқу - білім бұлағы

Білім өмір шырағы.

  1. Білімдінің алды жарық,

Білімсіздің түбі ғаріп.

  1. Өнерліге - өмір жарық

Жалқауға жарық жоқ.

  1. Өнерді үйрен де, жирен.

  2. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар.

  3. Ұстаздан шәкірт озар.



  1. Қима қағазбен жұмыс.

Қима қағазға жазылған сөздерді септеу.



  1. Жеке жұмыс (Арман, Әліби)

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма беру.



  1. Пысықтау.

  1. Еріннен оқу диктанты.

Сөздерді еріннен оқу арқылы қатесіз жазу.



Балалар, мектептің, сыныпта, мұғалімді, терезеден, оқушымен.



  1. Диктантты тексеру.



  1. Сабақты қорыту.

(Сабақты тақырыпқа байланысты тапсырма арқылы қорытамыз.)

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік





Зат есімнің септелуі

Көмектес септік





Шығыс септік

Жатыс септік





  1. Үйге тапсырма.

285-жаттығу, 91-бет.



  1. Балалардың білімдерін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал