7


  • Учителю
  • Сәкен Жүнісовтің « Ақырғы бәйге» шығармасындағы жазушының суреткерлік шеберлігі.

Сәкен Жүнісовтің « Ақырғы бәйге» шығармасындағы жазушының суреткерлік шеберлігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: әдебиет Сыныбы:5 сынып Күні: 12.04.2016ж



Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов « Ақырғы бәйге». Жазушының суреткерлік шеберлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әңгімені оқыта отырып, жазушының суреткерлік шеберіне талдау жасату, композициялық талдау жасату.

Сабақтың міндеттері:1.Білімділік: Сабақтың тақырыбын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;2. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, саналылыққа, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.3. Дамытушылық: Оқушының өз ойын жинақтай білуін, сөйлеу мәдениетін, жүргізіп оқу қабілетін дамыту, білгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.



ІІІ. Жаңа тақырып

1. Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құру.

* «Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы»;

* «Қошқарбайдың Шашубайы -өнерлі бала»;

* Бәйгеге қосуға дайындық»;

* «Мөңке мінген Құлагердің шабысын-ай!»

* « Дара келе жатқан Құлагер Көкөзек сайында көрінбей кетті»;

* «Ақанның Құлагерден айырылып қалуы».

2. Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Ат сыншысы - тұлпар болар құлынды дәл танып, жүйрік аттарға баға бере білетін адам. Олар өздері ат жаратып, бәйгеге қоспаған, көбінесе бәйге алдында жараған аттарды байқап көріп, қайсысы қай орынды иемденетінін болжаған. Ат сыншылары қазақ қоғамында зор беделге ие болған. Толыбай сыншы, Күреңбай сыншы, Киікбай сыншылар болған.

IV. Сергіту.

Оқулықпен жұмыс.

1. Шығармадағы эпитет, теңеу, метафораларды табу, дәптерге жазу.

Мысалы: Оқжетпестің қайрақ тасындай , майда жалы жібектей,шұңғыл табақтай кең ойпат т.б. теңеулермен жазылған.

2. Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жағдайын оқу.

6.Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

Оқулықта берілген 10 сұраққа оқушылардан жауап алу.



Сабақты қорыту.



Кейіпкерлерге сипаттама. Әр топ оқушылары кейіпкерлерге сипаттама жасайды.

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру. Шығарманы оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал