7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Тіл мәдениеті

Урок по казахскому языку на тему Тіл мәдениеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif"> 7 «Ә» сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушыларға тіл мәдениетін жете түсіндіру, білімін қалыптастыру, өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау;

Дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- амандасу;

- түгендеу;

- бүгінгі сабақ жоспарымен таныстыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Талдауға берілген сөйлемдерді тексеріп шығу.

Зымыран сұрақтар:

1.Синтаксис нені зерттейді?

2.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата?

3. Сөздердің байланысу түрлерін ата?

4. Сөз тіркесі дегеніміз не?

5. Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?

6. Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді ата. Мысал келтір.

7.Сөз тіркесінің түрлерін ата? Есімді,етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?

8. Сөз тіркесінің құрылысын ата?

9. Матасу, меңгеру, қабысу, жанасу дегеніміз не?

10. Сөз тіркестері қандай синтаксисиік қатынасты білдіреді?

11. Синтаксистік қатынастарды ата?

12. Анықтауыштық,пысықтауыштық,толықтауыштық қатынастар дегеніміз не?



ІІІ. Жаңа сабақ



Тіл мәдениет, білім беру, ғылым, әдебиет, өнер, жалпы, рухани өмірдің барлық салалары үшін қызмет етеді. Оның осы қызметі тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруға, тілдік тәсілдерін жетіліп қалыптасуына кең жол ашады.

Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді:

  1. жазу мәдениеті;

  2. ауызша мәдениеті;

Жазу мәдениетін қалыптастыру дегеніміз - сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, лексикалық нормаға сай дұрыс таңдау, оларды грамматикалық нормаға сай дұрыс түрлендіріп, тіркестіру, сөздерді стильдік нормаға сай дұрыс іріктеп, дәл қолдану.

Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру дегеніміз - сөздерді орфоэпия нормасына сай дұрыс айту және оларды лексика-грамматикалық, стильдік нормаға сай дұрыс қолданып сөйлеу.

Бірақ күнделікті өмірде көпшіліктің сөйлеуінде тіл мәдениетіне нқсан келтіретін кемшіліктер, кісі тосырқап қарайтындай ерсіліктер кездесіп отырады. Мысалы: Жазда бұл жер ыссы болады. Дұрысы - ыстық. Торф ұнтатылды. Дұрысы - ұнтақталды. Абай жасында молдаға оқыды. Дұрысы - молдадан оқыды.

ІV. Бекіту.

288-жаттығу.

289-жаттығу.

V. Қорытынды.

Кейіпкерлер тілінде кездесетін мұндай кедір-бұдырлықтар күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сондықтан жазушы өмірден алып жазады. Кейіпкерлердің тілі, іс-әркеті, мінез-құлқы арқылы олардың бейнесін жасайды. Дәл осындай кісілер тіл тазалығын сақтап сөйлеуге жетелейді.

«Венн» диаграммасы

















VІ. Үйге тапсырма.

291-жаттығу

VІІ. Бағалау .



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал