7


  • Учителю
  • Бауырсақ бізде қонақта қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі

Бауырсақ бізде қонақта қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Бауырсақ» бізде қонақта»

Мақсаты: Балалармен жыл бойына өтілген тақырыптарды пысықтау. Ертегі арқылы оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Балаларды достыққа шақыру. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету. Білім беру салалары бойынша алған білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлері, орман көріністері, слайд, суреттер, пішіндер, плакат, үлестірмелі құралдар, смайликтер, музыка.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, қайталау



Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, алдымен үш тілде амандасып алайық.

-Балалар біз енді өзімізді далада серуенде жүргендей сезінейік. Ауа райы бүгін қандай?

-Ағаштар қандай?

-Адамдар қалай киінген?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар үш тілде амандасады.

-Сәлеметсіз бе?!

-Здраствуйте!

-Good morning!

Балалар сұраққа жауап береді.

Іздену-ұйымдастырушылық

- Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз қызықты болмақ. Өйткені ертегілер елінен қонақтар келе жатыр.

/слайдтан ертегі суреттерін көрсету/

-Барлығымыз«Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Бауырсақ жолда қандай аңдармен жолығады?

- Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Бауырсақтың осы аңдардан құтылуына көмектесеміз. Ол үшін аңдардың әртүрлі тапсырмаларын орындаймыз .

Есіктен Бауырсақ келеді:

- Сәлеметсіздер ме, балалар? Менің атым- Бауырсақ, мені

қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атамнан кеттім,

Мен әжемнен кеттім,

Тыңдамадым атамды,

Тыңдамадым әжемді,

Үйімді де сағындым.

- Балалар, Бауырсақ ең алдымен қандай аңға жолығады?

Топқа қоян келеді.

-Бауырсақтың осында екенін мен естіп, әдейі келдім. Бауырсақ, мен сені жеймін!

Тәрбиеші: Жоқ, Қоян, балалар Бауырсақпен бірге сенің айтқаныңды орындауға әзір, тек сен Бауырсаққа тиіспе!

Қоян: Олай болса, Бауырсақты құтқару үшін менің тапсырмамды орындаңдар!

Қоян тапсырма береді.

Тәрбиеші: Балалар, Қоян немен қоректенеді? Ендеше, төменгі және жоғарғы жолақта тұрған сәбіздерді санаймыз. Төменгі жолақта тұрған сәбіздерді жоғарғы жолақта тұрған сәбіздермен санын теңестіреміз.

- Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, сәбіздің түсі қандай? Ол жеміс пе, көкөніс пе?

Қоян балалардың біліміне тәнті болып шығып кетеді.

Топқа Аю келеді.

- Бауырсақтың осында екенін мен Қояннан естіп, әдейі келдім. Бауырсақ, мен сені жеймін!

Тәрбиеші: Жоқ, Аю, балалар Бауырсақпен бірге сенің айтқаныңды орындауға әзір, тек сен Бауырсаққа тиіспе!

Аю: Олай болса, Бауырсақты құтқару үшін менің тапсырмамды орындаңдар!

Тәрбиеші: Балалар, Аю сендермен «Ұқсас пішінді тап» ойынын ойнағысы келеді екен.

Дидактикалық ойын: «Ұқсас пішінді тап»

- Ал, енді балалар кім аю туралы тақпақ айтып береді.

-Жарайсыңдар, балалар!

Аю балалардың біліміне тәнті болып шығып кетеді.

Қасқыр келеді.

-Бауырсақтың осында екенін мен Қояннан, Аюдан естіп, әдейі келдім. Бауырсақ, мен сені жеймін!

Тәрбиеші: Қасқыр сен алыстан шаршап келген шығарсың, Бауырсақты қоя тұр, бізбен бірге бой сергітіп ал!

-Ендеше, сергіту жасап, қасқырмен бірге сергіп алайық.

/бейнероликке карап әуенмен сергіту жаттығуын орындау/

Қасқыр билеп шығып кетеді.

Топқа түлкі келеді.

-Бауырсақтың осында екенін мен Қояннан, Аюдан, Қасқырдан естіп, әдейі келдім. Бауырсақ, мен сені жеймін!

Тәрбиеші: Жоқ, Түлкі, балалар Бауырсақпен бірге сенің айтқаныңды орындауға әзір, тек сен Бауырсаққа тиіспе!

Түлкі: Олай болса, Бауырсақты құтқару үшін менің тапсырмамды орындаңдар!

Тәрбиеші: Балалар, түлкі қандай аң? Ол туралы не білеміз?

/түлкінің суретін көрсету/

-Ендеше түлкінің бірінші тапсырмасы «Анасын тап» деп аталады. Алдарыңдағы үлестірмелі құралдың оң жағынан аңдардың баласын тауып, сызықпен қосамыз.

-Ал енді, балалар, түлкі өзінің бейнесін геометриялық пішіндерден құрастырып жапсырғандарды қалайды екен.

Бұл түлкінің екінші тапсырмасы.

-Жарайсыңдар, балалар. Түлкі енді ормандағы үйіне қайтпақшы екен. Бірақ ол кетер жолды ұмытып қалған екен. Кәнекей, біз, мына тұрған әр түрлі ұзақ адасқан жолдардан, дұрыс және тез жететін жолды тауып берйік. /тақтада плакатта түлкінің үйщігіне апаратын түрлі адасқан жолдар сызылып тұрады/

Түлкі: Жарайды, ендеше, өте білімді балалар екенсіңдер, мен жолды ұмытып қалмай тұрғанда тезірек үйшігіме жетейін. Рахмет! Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап,Бауырсақты аман алып қалдық.

Бауырсақ алғысын айтып қоштасып шығып кетеді.



Балалар экранға назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.







Сұрақтарға жауап береді.

- Қоян, түлкі, қасқыр, аю.

















Балалар Бауырсақпен амандасады.













Сұрақтарға жауап береді.

- Қоян.













Балалар қоянның тапсырмасын орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

-Сәбіз

-Түсі - қызғылт.

-Көкөніс.

















Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Алдарына таратылған суреттегі нәрселер қай пішінге ұқсаса, сол пішіннің астына апарып суретті орналастырады.

Тақпақ айтылады:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.



Балалар Қасқырмен бірге әуенмен сергіту сәтін орындайды.









Балалар түлкі туралы әңгімелейді. Суреттерін қарайды.









Балалар бірінші тапсырманы орындайды. Алдарыңдағы үлестірмелі құралдың оң жағынан аңдардың баласын тауып, сызықпен қосады.



Балалар алдарындағы қиылған геометриялық пішіндерден түлкі бейнесін желімдеп жапсырады.



Балалар түлкіге үйшігігн тез және дұрыс апаратын жолды маркермен басып сызып тауып береді.







Балалар түлкімен қоштасады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші: Балалар, біз қандай ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындадық?

-Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Ендеше, балалар, сендер бүгін Бауырсаққа көмектесіп көп еңбектендіңдер, сондықтан мен сендердің шаршағандарыңды басатын, және көңіл-күйлеріңді көтеретін смайликтер таратамын.

-Оқу іс-әрекетіне барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар! Жарайсыңдар!

/аттарын атап кету/

Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өтілген тақырыптарды есіне түсіріп, тапсырмаларды түсіне және орындай білу керек.

Болуы керек: Ұйымшыл және оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы болуы керек;

Қолынан келуі керек: Өз бетінше жұмыстана білуі керек.















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

















«Бекітемін»



№35 «Балдырған» бөбекжайы директоры:

________________ Кабдрахманова М.М

«__» __________2016 жыл



















«Бауырсақ» бізде қонақта»

Қорытынды есеп бері іс-әрекеті

/№8 ортаңғы тобы/

















Дайындаған: тәрбиеші А.У.Карабасова





























Ақтау қаласы

2015-2016 оқу жылы















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал