7


  • Учителю
  • Аққулар ұйықтағанда поэмасы 8 класс

Аққулар ұйықтағанда поэмасы 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8-класс Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сезімді өлең- жырдың пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру. Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету. Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

Дамытушылық:Оқушылардың өз ойын дұрыс тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге,еркін сөйлеуіне дағдыландыру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға,көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап,сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,музыка,география,

Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:

1. Мәнерлеп өлең оқу.

2. Композициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.

3. Шығармашылық ізденіс

4. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(тренинг)

II.Үй тапсырмасын пысықтау.

III.Жаңа сабақ. - Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық (қасиет деген ұғым)басымырақ болады.Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

Табиғат

Жанымды алсаң,

Алшы менің,

Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім,

Қалсын елім, - деген Мұқағали

барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды.Барлық шығармасын соңғы өлеңіндей жазды.Өйткені,

"Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі".Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма "Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.

\М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам» деген алғысөзден оқып беру\.

- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің мазмұнын оқып,теориялық талдау.

1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар?

2.Туған жер ,Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

3.«Сызат», «Алау» сөздерінің мағынасын түсіндір.

1.Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген ?

2.Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?

3.Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып -деген өлең жолындағы «күй» сөзінің мағыналарын түсіндір.

1.Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың

диалогін екі оқушы кезекпен мәнерлеп оқыңдар.

2.Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы

қарттың сөзінде не мән бар?

3. « Қасиет», «Қасірет» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы поэманың құрылысына талдау жасалынады.

Оқиға соңы. Эпилог

Оқиғаның шешімі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның дамуы.

Оқиға қалай басталуы

VI. Үйге тапсырма:

1."Жетім көл аққулары» - эссе жазу.

3. Поэманы оқып, өзіңе ұнаған шумағын жатта.

(мүмкіндігі келсе сурет салу)

VII.Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал