7


  • Учителю
  • Урок. 'Живопись технология' 10 класс

Урок. 'Живопись технология' 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШАЙМЕРДЕН АЗАТХАН СЕРІКҰЛЫ

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының

жоғары санатты бейнелеу пәнінің мұғалімі


Живопис техникасы және технологиясы

Майлы бояумен сурет салуға көптеген материал негіз бола алады. Майлы живопиське арналған материалдың ішінде мейлінше көп пайдаланылатыны зығырдан немесе кендірден жасалған холст. Кенепті рамаға керіп оны шегелермен қағып, орташа етіп кердім. Шегелерді 4 см сайын әр жеріне ағаш жарылып кетпес үшін қақтым.

Хостты керген кезде оның жіптері кергіштің жақтарына қиғаш болмай, параллель жүруі, оның өзінде кесе көлденең жіптер (арқау) тік, ал ұзына бойлай созылған жіптер (негіз) көлбеу орналасуын қадағаладым. Кенепті алдымен қысқа жақтардан, сосын ұзын жақтардан, сосын ұзын жақтардан, ортадан бұрыш жақтарға жылжи отырып, кердім.

Кенеп кергішке тек саусақтармен жақсы тартып керу өте қиын. Бұл жұмысты жеңілдетуге арналған арнайы қысқыштар бар.

Майлы живописке арналған кергіш өте мықты болуға және жақсы кептірілген ағаштан жасалуға тиіс. Үлкен кергіштер айқастырылған табан ағаштармен бекемдендіріледі.

Кергіштің ағаштарын сүргілеп, ал олардың сыртқы қырын, оған холст тиіп тұрмау үшін, ішке қарай біршама қиғаш етіп алдым.

Майлы бояумен живопись салуға холстты, картонды немесе қағазды біржола дайындау үшін оларды грунттеу керек. Грунттелген материалдар бояу қабатын мықты ұстайды әрі оған майды сорып алмайды деуге болады мұның өзі оны берік әрі ұзақ мерзімді етеді.

Картина салу үстіндегі жұмыс. Этюд әрдайым талапкер суретші шығармашылығының басы мен аяғы бола бермейді, көбіне ол өз композициясын сюжетті картинаны жасауға ұмтылады.

Картина жасау-қиын, уақыты жағынан ұзақ жұмыс. Ол шығарманың бейне бір іргетасы, негізі болып табылатын түпкі ойдан басталады.

Оның пайда болу көздері күрделі, сан алуан, бір-біріне ұқсамайды; мұнда суретшінің өмірлік тәжірибесі, ішкі жан-дүниесі, оның идеялық позициялары, көркемдік бейімділігі, көру әсерлері жымдасып жатады. Түпкі ой пісіп-жетіліп, айқындалып, болашақ шығарма туралы қандай да бір нақты көз алдына елестету пайда болған кезде, оны бейнелеу жолдарын іздестіру, эскиздерді компоновка жасау басталады. Оның үстіне барған сайын сындарлықпен тереңдікке ие бола отырып, түпкі ойда дамып, тереңдеп, өзгере береді. Әрине, сюжеттік түпкі ой бейнелеу шешімінің элементтерін-композиция негізімен колоритті қамтуға тиіс.

Композицияның негізгі алты заңдылығы бар. Олар тепе-теңдік, композициялық орталық, переспективалық кезеңдер, түстік және тондық контрасть, рама және шығармашылық жаңалық. Осы аталған заңдылықтарға жеке-жеке тоқталсақ. Композициялық заңдылықтағы тепе-теңдік дегеніміз картинаны орындамас бұрын дұрыс орналастырып тепе-теңдікті сақтап картинаның тек бір жағына салып екінші жағын бос қалдырмай, барлық жағын қамтып отырып орындау.

Композициялық орталық деп картинаның ортасында немесе көзге ең бірінші түсетін детальдарын атайды. Мысалы пейзаж жанрында орындалған болса ол тау, тас немесе тал тағы басқа нәрселер болуы мүмкін.

Композицияның кезеңдік мәселесі ол сызықтық және ауа переспективасына байланысты. Картинада барлық детальдарды қатар-қатар қоймай бірінің артына бірін орналастыру керек.

Түстік және тондық контрасть дегеніміз суық түстерді қатар қойып немесе жылы түстерді қатар қойып шатастырып алмай суық түспен жылы түсті орнымен пайдалану.

Шығармашылық жұмысты бастаған соң эскиз арқылы оның рамасын яғни көлемін, пішінін анықтаймыз. Мысалы кең даланы салсақ ұзындығын қысқа етіп, енін керсінше ұзартамыз, ал жалғыз талды салсақ ұзындығын ұзын етіп аламыз. Шығармашылық жаңалық деген, әр адамның өзінің шығармашылық туындыларының елден ерекше, дүниеге жаңа қырынан көрінуі.

Ойластырылған полотноға көп мөлшерде дайындық этюдтары салынды.

Эскизде табылған композиция бойынша эскизді торлар бойынша үлкейте отырып кортон деп аталатын қағазға (болашақ картинаның толық көлемдегі суреті) орналастырдым. Бұлай үлкейту көптеген нақтылаулар мен өзгерістерге түрткі болады. Кортон түзетіліп, сурет одан холстқа ауыстырылған кезде тікелей картина жасау үстіндегі жұмыс басталады.

Типтеудің , кейіпкерлерді топтастырудың, суреттің, бояу үйлесімдерінің сарқылмас көзі бола отырып, натура сурет салушыға үнемі көмекке келіп отырады.

Майлы бояумен жұмыс істеудің негізгі ерекшелігі-жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу бетімен жұмысты онан әрі жалғастыра беруге болмайды, холст бетіне жағылған бояулар жаңа түскен күйінде дымқыл тұрған кезде салуға болады, яки картинаны бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, қатайған бояу қабатының үстімен салуды жалғастыруға болады.

Сурет біткен кезде, живопись үшін қажетті контурлардың бәрін тушьпен жүргізіп шықтым, ал көмір жұмсақ шүберекпен сүртіліп тасталды. Содан соң холсть живописьтік маймен майланады да контурлі сурет бойымен тушьпен жалпақ қыл қалам арқылы бояланады-ақ бояусыз бояулармен бастапқыда жалпылама тез салып шықты. Оның мақсаты картинадағы басты жарық пен көлеңкелерді және түстік қатынастарды белгілеу. Кейде бастапқы боямалау бір бояумен, мысалы, охрамен жасалады, осылайша бүкіл форма сомдалып шыққан кезде, қатты көлеңкеленген жерлер екінші мәрте, енді көп бояулармен, бірақ тағыда ақ бояуларсыз, лессировкаланып, яғни жіңішке мөлдір қабаттармен сызбаланып шығады. Бірінші бояу қабаты кепкеннен кейін, екінші рет боялар кезде холст тағыда маймен сүртіледі. Боямалау жасаған кезде бояуларды сұйылту үшін майдың, лакпен скипидардың қоспасы алынады, олардың арақатынасы тәжірибеге қарай белгіленеді, алғашқыда бірдей етіп алуға болады. Боямалауға боялардың әсіресе көлеңкелердегі боялардың күрделі қоспаларын жасауға болмайды-түс салыстырмалы түрде алғанда шамалас болуы мүмкін; жұмыс басында бұған жол беруге болады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Беда Г. В. Основы изобразительной грамоты. Рисунок. Живопись. Композиция. М. 1989г

  2. Как работают мастера живописи. А. В. Виннер. М. 1983г

  3. Е. В. Шорохов. Композиция. Москва. Просвещение 1986г

  4. Р. В. Парнюшкин. Композиция. Ростов-на-дону ИЗА «Феникс» 2002г



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал