7


  • Учителю
  • Мен інімді жақсы көремін (сабақ жоспары)

Мен інімді жақсы көремін (сабақ жоспары)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:___________

Пәні:___________________

Сыныбы_______

1-тақырып. Мен және менің отбасым

2-сабақ. Мен інімді жақсы көремін



Мен інімді жақсы көремін

Білімділік:





Дамытушылық:



Тәрбиелік:



Тақырыптың аясында қысқа мәтіндерді игеру арқылы тілдесім әрекетіне баулу.



Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыта түсу.

Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде кішілерге қамқор болуға үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері.

Жетістік критерийлері:



Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): кіші інісін таныстыра алады, туысқандық атауларға байланысты сөздерді меңгереді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): кіші інісін қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен інісі туралы мәтін құра алады, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді.

Негізгі түсініктер:

Жақсы көремін, кімді?, інімді, ағамды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, оқушылардың отбасыларының суреттері, қимақағаздар, үнтаспа, А4 парағы, смайликтер

Оқыту

әдістері:

Түсіндіру, сұрақ- жауап, «Шаттық

шеңбері» тренингі, «Жеке әңгіме» техникасы сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:



Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, Білгеннің пайдасы. Балалар әдебиеті (электронды кітапхана).





Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма



Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті



Оқушыларға

психологиялық

ахуал

туғызу



Мұғалім оқушыларды

«шаттық шеңберіне» тұрғызып, Оларға

мынадай сұрақ қояды:

- Сендер отбасы мүшелеріне қатысты қандай әдемі сөздерді қолданасыңдар?

Ал, енді сол сөздерді бір-бірімізге айтайық.

Оқушылар шаттық шеңберін құрады. Мұғалімнің қойған

сұрағына жауап береді. Бір-біріне әдемі сөздер айтады.

Біз тату- тәттіміз.

Біз бақыттымыз!

Әр күніміз қуанышқа

толы.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.

Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып

бойынша сұрақтарға жауап

береді.



І. Қызығушылықты ояту



Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында

Е. Елубаевтың «Інімнің етігі» өлеңін

оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды:

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, өлеңде кім туралы айтылған? Өлеңде інісі неге жылайды? Інісінің етігін төсегіне алып жатуы дұрыс па? Сендердің інілерің бар ма? Інілерің қандай? Сипаттап беріңдерші.

Оқушылар жауап береді.



ІІ Мағынаны тану

2. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты

жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Сөздерді

дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

Ә) Оқулықтағы суреттермен жұмыс.

Суреттердегі қысқа сөйлемдерді оқиды, оқушыларға түсіндіреді, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Сөйлемдерді тыңдайды, оқиды, қайталайды.

Ә) «Дұрыс айт!»айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.



Айтылым. Жаңа сөздердің

дұрыс айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтінмен жұмыс.

С. Дүйсенбиевтің «Ақылды тентек» әңгімесін үнтаспадан тыңдатады. Тақырыпқа қатысты сөздерді тапқызады. Әңгіменің желісі бойынша сұрақ қояды:

- Кейіпкердің інісі қандай?

- Әжесі інісін неліктен «ақылды

тентек» деп атайды?

- Інісі не істеді?

- Ол ақ қозыны қалай құтқарып алды?

- Әжесі інісін не үшін жақсы көреді?

Тыңдалым. Айтылым. Тілдесім. Әңгімені тыңдайды,

сөздерді дұрыс айтуға дағдыланады, сұрақтарға жауап береді.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу

үшін 2, 4-тапсырмаларды орындатады.

Оқылым. Суреттің орны-

на қажетті сөзді қойып

оқиды. Жазылым. Суреттің

орнына қажетті сөзді қояды,

толықтырып жазады.

Б) Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Тілдесім.

Үш досынан кімді

жақсы көретінін сұрайды.

ІІ. Мағынаны

тану



«Сыр сандыққа» сөздер.



«Сыр сандыққа» салынған

Сөздерді есте сақтайды, талдайды.



5. Сергіту сәті.

Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Сергіту жаттығуын жасайды.

Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды

ІІІ. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушыларға «Менің

інім» деген тақырыпта тақтаға

кластер құрғызады.

Тақтада кластер құрады



IV. Бекіту

Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін 5-тапсырманы орындатады.

Үш досынан кімді

жақсы көретіндіктерін сұрайды, тілдесімге түседі.

V. Бағалау



Формативті бағалау.

Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» үлгісі бойынша

өзін бағалайды.



VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы

орындау



VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып

береді.

Оқушылар сабақтан алған

Әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл -күйлерін білдіреді.

Оқылым. Суреттің орнына

қажеті сөзді қойып оқиды.





























































КІМ?

аға

әпке

іні

сіңлі

қарындас

















КІМДІ?

Ағамды

………мді

………мді

………мді

………ымды









Мен жақсы көре …

Сен жақсы көре … .

Ол жақсы көре… .









-сің

-мін

-ді







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал