- Учителю
- Сабақ Қазақ тілі 'Жай сөйлем түрлерін қайталау '
Сабақ Қазақ тілі 'Жай сөйлем түрлерін қайталау '
Қоразова С.Б. қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арнап жасақталған қысқа мерзімдік жоспары
25.12.2014
08.15-09.00
Қазақ тілі
1-сабақ
4-күн
8 а,б- сынып
Сабақ тақырыбы:
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жалпы мақсат:
Жай сөйлем түрлерін ажырату, сөйлем мүшелері, айқындауыш мүшелер мен оқшау сөздерден өткенді қайталауға арналған жаттығулар, пысықтау, тоқсандық қайталау
Сілтеме:
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
-
Қазақ тілі оқулығы. 8-сынып С.Аманжолов А.Аманжолов Г.Қосымова
-
Ғаламтор материалдары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Грамматикалық талдауға үйреніп, шығармашылықпен ізденеді.
Негізгі идеялар:
Блоктап оқыту арқылы жинақтап білім беріледі.
Сабақта қолданылатын материалдар:
-
А-3 парағы
-
Оқулық
-
Роwer point таныстырылым, бейне таныстырылым
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер
СТО
Оқыту үшін бағалау
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Жұппен жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Оқулық, ғаламтор
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Психологиялық ахуал туғызу
(2 мин)
-
Сергіту сәті
2. Топқа бөлу
Оқушылар сергіту сәтін жасайды, топқа бөлінеді.
Топ міндеті нақтылана-ды.
І.Қызығушылық-ты ояту»
Миға шабуыл
3 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Венн диаграммасы
1.Атаулы с. - Толымды с
2.Жақты с- жайылма с.
3.Жақсыз с- Жалаң с.
Оқушының іс-әрекеті
«Автор орындығына» отырып, жазғанын оқиды.
ІІ. Мағынаны тану.
25 мин
Өткенді қайталау «Интертақтамен жұмыс)
1.Үтірдің қойылған орнын табыңыз.
Бұл өңірде, әсіресе, өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ.
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Қайрат, ақыл, жүрек - үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді, тыныс белгілерін қойып жазыңыз.
1. Сіздің халық .......... ақын халық.
2. Кейбір тамсанып тамашаланған ........ күлген үндерден басқа дыбыс жоқ.
3. Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің ............... көк арбасы десе де болады.
Керекті сөздер: менің байқауымша, Құнанбайдың кәрі шешесінің, биязы
3. Берілген сөздермен сөйлем құрап жазып, үтірдің қойылған орнын анықтаңыз.
1. көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік
2. Өкінішке орай,
3. Біздер, қазіргі заман жастары, ...
Топ мүшелері жеке жұмыс (оқу, түсіну), содан соң жұппен, топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады, тақтаға жазылады.
Әр топтан оқушылар тақтаға орындайды.
ІІІ. Ой толғаныс
(10 мин)
Шығармашылық тапсырмалар (төменде)
Берілген өлең жолдарын толықтырып жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
Ізгілікті ........
Үміттерді ......
.......... ардақтап
Құрметтеші ..... ....
Жаман сөзге ........
.......... бермеші
Ел сенімін ...........
Абыройды ........
Шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Үй тапсырмасын беру
(1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ережелерді қайталау
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады.
Оқушының іс-әрекеті
Күнделікке бағасын қойдырады.
Рефлексия
(2 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.
Шығармашылық тапсырмалар
1. Берілген өлең жолдарын толықтырып жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
-
Ізгілікті ........
Үміттерді ......
.......... ардақтап
Құрметтеші ..... ....
Жаман сөзге ........
.......... бермеші
Ел сенімін ...........
Абыройды ........
Адалдықты ............
................. сатпағын
Осы саған аманат
Жоламасын .........
2. Бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, оқшау сөздерді қатыстыра отырып, сурет бойынша әңгіме құрап жазыңыз.
1. Үйдің іші, жабдығын суреттеңіз.
2. Төрде отырған қарттың кескін-келбетін суреттеу.
3. Дастарқан басындағы әңгіме не туралы?