7


  • Учителю
  • Урок по казахской литературе на тему: Ш. Құдайбердиев 'Адамдық борышың'

Урок по казахской литературе на тему: Ш. Құдайбердиев 'Адамдық борышың'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша

білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете

түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты,көркем сөздерді қолданып

жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және

ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып оқушылардың

бойына сіңіремін.Өз елінің,жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне

жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті

тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ашық ойлар.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-

жауап, оқыт, СКТТ

Сабақтың көрнекілігі:Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Кезекшімен сұхбат. (Оқушыларды түгендеу, күнді анықтау)

3.Сабақ барысымен, мақсатымен таныстырамын.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Шәкәрім Құдайбердұлы туралы деректер жайында ой толғайды.

Тарихшылар. Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар.

1858жылы дүниеге келді.

1892жылы «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты шығармасы жарық көрді.

1912жылы «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жарық көрді.

1917-1925жылдар аралығында Шәкәрім замана ағымына үн қосады.

1929жылы «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы жарық көрді.

1931жылы қайғылы қазаға ұшырайды.

География пәні бойынша картамен жұмыс. Шәкәрім өміріне байланысты жерлерді көрсетеді. (Шыңғыстау, Семей, Шақпақ, Саятқора)

Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.

(Шәкәрім - Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.

Шәкәрім-ақын. Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана саралап құрғақ бейнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры - Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.

Шәкәрім-аудармашы. Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған. А.С Пушкиннің «Дубровский» повесін поэма етіп Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тіліне аударған. Шәкәрім шығыс ақындарының шығармасын да қазақ тіліне аударған. Бұдан біз Шәкәрімнің бірнеше тіл меңгергенін байқаймыз.

Шәкәрім өлеңдермен қатар бірнеше мысал жазған.

Шәкәрім-қажы. Шәкәрім дін тану емес, ел тану, жер тану мақсатымен қажылыққа барып қайтады. Бұл сапар оның ой-өрісін кеңейтеді. Ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолын емес, ғылым, білім қуған Еуропа халықтарының жолын таңдау керек деген ой түйді.

Мәдениет саласы. «Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгінгі Шәкәрім туралы толғаныс.

Шәкәрімнің құрметіне Жидебай жерінде кесене салынған. Семей қаласында Шәкәрім атында педагогикалық институт бар. Бірнеше ескерткіштер орнатылған.

Шәкәрімнің өзі өлгенмен артында ұрпақтары қалды. Шәкәрім шығармала- рын зерттейтін әдебиетшілер көп.

Шәкәрім шығармашылығы туралы көрмемен танысу.

Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы - адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.

«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.

«Адамдық борышың»

Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті. Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Түсіндірме сөздік.

Мансап-атақ

Нәпсі-жаман іс

Тұл-ешнәрсесі жоқ

Ғибрат-үлгі

Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.

Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Дәптермен жұмыс.Адамдық борыштарды жазамыз.

1.адал еңбек ету

2.білім мен өнер үйрену

3.келешекке жол көрсету

4.үлгі болатын іс қалдыру

Сабақты бекіту.Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары

1.»Адамдық борышың «өлеңі туралы өз пікірің?

2.Неліктен ар мәселесіне жиі тоқталған?

3.Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?

4. «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?

Орта деңгей сұрақтары

1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?

3.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

Төмен деңгейдің сұрақтары

1.Адамдық борыштарды ата.

2.Қандай істерден аулақ болу керек?

3.»Тұл» сөзінің мағынасы?

Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.

2.Сабақ барысындағы оқушылардың берген жауаптарын бағалау.

3.Сабақ аяқталғанын хабарлаймын.


«Адамдық борышың» СКТ

1.Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,Абайдың немере інісі, орыс ойшылы Толстойды ұстаз тұтқан


2.Тақырыбы: «Адамдық борышың»


3. Жанр түрі: Лирика (философиялық)


4. Идеясы: «Өміріңді сарп қыл өлгеніңше

Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»


5.Шумақ саны: 1


6. Тармақ саны: 25


7. Бунақ саны: 2


8. Буын саны: 11


9.Ұйқас түрі: қара өлең


10. Әдеби- теориялық ұғымдар

10.1 Троп- сөзді құбылту

а) омоним- ақ,


11. Түсіндірме сөздік: ғибрат-


12. Өлеңнің түйіні: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт- осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!»

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы


Мақсаты: А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын оқып, талдау жасай отырып,

негізгі ойды, идеяны ұғындыру.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау.


Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл » деген сөзінен бастағым келіп отыр. Біз Абай шығармашылығын өтіп жатырмыз.Абай өз өлеңдерінде адалдықты,әділдікті,қанағат,рақым,талап сияқты адами қасиеттерді ту етіп алған.

Олай болса, біз Абайдың қандай өлеңдеріне тоқталдық? Үйге Абайдың «Мәз болады болысың»,«Сегіз аяқ» өлеңдері берілген болатын.

Надандықты,болыстардың екі жүзділігін сынауға Абайға не түрткі болды.

Сен қалай ойлайсың?

Өлеңді мәнерлеп айту

Осы өлеңге қарап,қандай мақал-мәтел айтуға болады?


Жаңа тақырыпты хабарлау. 1) Ескендір кім ? 2) Ескендір туралы тарихи деректер. Олай болса , біз поэмамен жан-жақты танысамыз .


I бөлім. Жұппен оқыту. Бөлімге ат қою. Ескендір туралы не білдің?


ІІ бөлім. Жекелеп оқу.Осы бөлімді әр оқушыға тарату. Бөлімге ат қою. Ескендір туралы не білдің?


ІІІ бөлім. Бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Ескендір туралы не білдің? Бөлімге ат қой? Сен қалай ойласың?


ІҮ бөлім. Бұл бөлімді интерактивті тақтадан мәнерлеп оқу. Ескендір туралы не білдің? Бөлімге ат қой? Сен қалай ойлайсың?


Енді поэманың айтар ойын, идеясын кім кітаптан оқып береді? Соңынан интерактивті тақтадан поэманың бөлімдері көрсетіледі. Шәкәрім Құдайбердінің «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл»деген сөзіне тоқталамыз.


Сабақты қорытындылау.

Ш. Құдайбердиев. "Бостандық таңы атты"

Дата: 2012. 11.15 8 сынып

Сабақ: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Ш. Құдайбердиев «Бостандық таңы атты»

Мақсаты мен міндеттер: өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың

мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін

дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; патриоттыққа

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: портрет, слайд

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Оқулық бойынша жұмыс 57-58 бет «Бостандық таңы атты»

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

-тізбек бойынша оқу

- тұтас оқу

- өлеңде не туралы айтылған?

- өлеңнен алған әсерінді әңгімеле

- ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек дейді?

3. Жаңа білімді бекіту: Кестені толтыр (дәптерде жұмыс)


Жақсы әдеттер

Жаман әдеттер

Намыс

жігер

адалдық

бірлік

талап

еңбекқорлық

өнерлі

Еріншек

жалқаулық

арамдық

араздық

өтірік

өсек


Түсініп оқы:

Халықтың кемеліне келіп өркендеу үшін ең алдымен азаттық пен білім керек.

-өлеңді бірнеше рет мәнерлеп оқу;

-өлеңді рөлге бөліп бірнеше рет түсініп оқу;

- өлең мазмұнын айту;

4. Үйге тапсырма:57-58 бет мәнерлеп оқу.

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс сабақ. Абайдың өлеңдері және қара сөздері

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының мақтанышына айналған дана, ойшыл, қазақтың бас ақыны Абайдың тәрбие-тәлімге толы нақыл сөздерін, өлеңдерін, қара сөздерінен үлгі алу.

рі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Көрнекілігі: портрет, өлеңдер жинағы

Оқыту әдісі: топпен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, өзбеттік жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка, дене тәрбиесі

Жүру барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі

1 Оқушылармен сәлемдесу.

2 Жаңа сабаққа психологиялық дайындау.

3 Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.Топ басшыларын тағайындау.Құрамындағы оқушыларды топ басшылары бағаласа, топ басшыларын өзім бағалаймын.

2 Үй тапсырмасын пысықтау

Абай ақын өмірі, шығармалары

3 Жаңа сабақ тақырыбы:

Өлең - сөздің патшасы… өлеңі

Ақын өлеңін «сөйлейтін қалам» мәнерлеп оқиды.

Мәнерлеп оқуға бейімі бар 4-5 оқушы ортаға шығып, өлеңді шумақтарға бөліп алып, дауыстап оқиды.1мин. оқушылар өлең мәтінімен іштей танысады.

«Кел, сырласайық!» ( сұрақтарға толық жауаптар қайтару)

1 Өлең ұнады ма?

2 Өлең не жайында?

3 Абай өлеңді неліктен « үлкен өнер» деп таниды?

4 Өлең дегеніміз не?

4 Сабақты пысықтау

1 «Ақынның поэзияға қояр талабы»

2 Сатылай кешенді талдау технологиясы

Тегі

Жанры

Тақырыбы

Идеясы

Шумағы

Тармағы

Буын саны

Ұйқас түрі

Әдеби көркемдегіш тәсілдер

3 «Болмасаң да, ұқсап бақ!»

Шығармашылық тапсырма

«Ұлы ақын» атты Абай ақынға арнау өлең, шағын шығарма, ойтолғау жазу.

4 Сергіту сәті

Ақынның сүйікті ойыны қандай?

Оқушыларға Абай ақын тоғызқұмалақ ойынын жақсы ойнағанын айтамын.

3 Сабақты қорытындылау

«Бетпе-бет студиясы» әдісі

«Сен Абай жайлы тағы не білесің ?» Оқушылар өзбетімен ақын Абай жайлы қарап келген қызықты, мәнді деректермен бөліседі. Мысалы, оның шығу тегі, жеті атасы, өскен ортасы және М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын бастап оқығандары жайлы баяндайды.

Сабағымды Мұқтар Әуезовтың керемет сөздерімен аяқтаймын.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да - Абайдан. Таза әдебиетті сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен ойыма бірге келеді»

5 Оқушыларды бағалау 6 Үйге тапсырма.

8 сынып қаз. әдеб.

29.11.12

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Кәмшат қыз», «Жалғызбын деп жүрмесін»

Сабақтың мақсаты:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал