7


  • Учителю
  • УРОК КОНСПЕКТ ШЕШЕНДЫК СОЗДЕР

УРОК КОНСПЕКТ ШЕШЕНДЫК СОЗДЕР

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер

Мақсаты: білімділік - шешендік сөздер туралы жалпы мәлімет беру. тақырыбы, өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін көрсету. Түрлі әдіс-тәслдерді пайдаланып, оқушыға сауатты түрде меңгерту. Шешендік сөздердің ел арасында ауыз әдебиетімен жеткен,үш бидің шешендердің сөздерімен кең көлемде таныту. Дамытушылығы: шешендік сөздердің мәнін ашу, мағынасын түсіндіру, өмрде алатын орны ереке екенін түсндіру. Тәрбиелігі: адалдық мен мейірімділікке баулу,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіре оқыту, сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілгі: кестелер, тірек сызбалар мен суреттер, кітаптар, үн таспа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру.

Сабаққа зейіндерін аудару.

Сыныпты топқа бөлу.

Алтын сандық ашылды,

Ішінен жұлдыз шашылды-деп,

алдымыздағы алтын сандықтан, өз жұлдыздарымызды алып, жүрегімізге жақын тартып, өміріміз бен бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз.

Ал, балалар сендерге сәттілік орнымызға отырамыз. Сендерді даналық ауылы күтуде. Жұлдыздың түсіне қараймыз.

Қызыл түстер - Төле би ауылына

Сары түстер - Әйтеке би ауылына

Көк түстер - Қазыбек би ауылына қоныстансын.

Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

  1. Сұрақ-жауап.

Үйге не берілді? Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры қандай жыр?

Лиро-Эпостық жыр дегеніміз не? Оған тағы қандай жырлар жатады?

Лиро-Эпостық жырдан басқа тағы қандай жырлар бар?

Батырлар жыры дегеніміз не? Оған қандай жырлар жатады?

Лиро-Эпостық жыр мен батырлар жырының айырмашылығы қандай?

  1. Жырдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер бар ма? Олар кімдер?

  2. Кейіпкерлерге мінездеме беру (Қозы Көрпеш, Баян, Қодар, Сарыбай, Қарабай).

  3. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында кездесетін ауыз әдебиетінің үлгілерін сұрау. Жырдан мысал келтіріп оқып беру.

  4. «Бұл қай сәт?» жырдан үзінді оқу, оқушылар қай сәт екенін табады.

Жаңа сабақ. Шешендік сөздер.

  1. Шешендік сөздер туралы түсінік. Оның түрлері.

  2. Үш би. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

  3. Үш би ауылына саяхат. Үш деңгейде сұрақтар қойылады (ой білдіру, пікір алысу).

  4. Тірек- сызбамен жұмыс

  5. «Біз ойымызды қорғаймыз». (Шешендік сөздердің мазмұнына қарай постер)

  6. Қортынды. Билерімінің жыр шумағы

Жүрегіме жеткен жалау


І. Шешендік сөздер туралы түсінік. Оның түрлері.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы- шешендік сөздер. Шешендік сөздер - елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, ұтқыр, өткір, көңілге қонымды болғандықтан елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған. Ондай дауды билер шешіп отырған. Олар бата-тілек, насихат-нақыл сөздер түрінде де айтылған.

Шешендік сөздер ас-тойларда, жәрмеңке жиындарда айтылатын, дау-тартыс, ақындық, шешендік айтыстармен ғана шектелмеген. Ауылдағы ойын-сауықтарда, той-томалақтарда көпті көрген қарттар үлгілі, өнегелі сөз айтып отыратын салт болған.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, үлкенді-кішіні сыйлауға шақырады. Мысалы мол шабындыққа таласып жатқан екі кісіге он үштегі бір бала айтыпты деген сөз бар:

Өзім атым Күдері-

Ер Көшектің баласы.

Талассаң бағың кетеді,

Таласбасаң нетеді.

Бірлік қылсаң, ағалар.

Анау тұрған шабындық,

Баршаңызға жетеді.

Шешендік сөздерді Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, М. Әуезов, М. Көпеев, т.б. ақын-жазушылар зерттеген.

Қазақ шешендері: Үш би, Сырым Датұлы, Досбол Қорлыбайұлы, Жиренше шешен, Құлдық шешен, Байдалы би, Қанай шешен, Бөлтірік шешен, Аяз би, Арғынбай шешен, Майқы би, т.б. Осы би-шешендердің айтқан көптеген шешендік сөздері бар. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу, Жиренше шешен мен Қаракөз айым, Байдалы мен Айғаным.

Шешендік сөздерге:

1.Шешендік арнау (шешендік сын).

2.Шешендік толғау (шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік толғау).

3.Шешендік дау (жер дауы, жесір дауы, мал дауы).

Шешендік сөздер

Жер дауы

Шешендік арнау Шешендік дау Жесір дауы

Шешендік толғау Мал дауы

Шешендік сын


Шешендік толғау Шешендік өсиет


Шешендік нақыл

ІІ. Үш би. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Төле би. Қиын-қыстау кезде қоғамдық өмрдің сахынасына шықты. Оның туылған жөнінде нақты деректер жоқтың қасы. Бір зерттеулерге қарасағанда, ол Шу өңірінде 1663 жылы дүниеге келіп, 1756 жылы қазығұрт қойнауында қайтыс болады. Халық аузында аңыз бар. Оның бала күнінде түсінде аян беріпті «бөз» аласың ба, «сөз» аласың ба десе, сөз аламын депті. Содан Төле би би-шешен болған екен.

Қазыбек би. Сыр бойында дүниеге келген. 1667 жылы дүиеге келіп, 97 жасында 1764 жылы дүиеден өткен. Әкесі -Келдібек, бабасы-Бұлбұл. Бала би, дана би атанып, жастайынан ел дауын шешіп, шешендік танытқан. Он үш жасқа толған соң хандыққа тіуке хан отырып, үш жүзге, үш биді қояды.

Әйтеке би. Алты алашты аузына қаратқан би болған. Туған жері мен жылы, қайтыс болған жылы мен жерленген жері белгісіз. Үш би бір ананың баласында қатар өскен.

Сендер де шешендік сөздердің жақсы үлгілерін көп оқып, көңілге тоқуға тырысыңдар. Шешендік сөздер сендердің ой-саналарыңды оятып, жақсы мінезге, зерек болуға үйретеді. Ұтқыр, ойлы сөйлеуге үйретеді.

ІІІ. Үш би ауылына саяхат. Үш деңгейде сұрақтар қойылады (ой білдіру, пікір алысу).

  1. Төле би ауылына

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы өз ойларыңды айтыңдар.

  1. Қазыбек би ауылына

Қазақтың атақты би-шешендерінің сендер үшін пайдасы бар ма?

  1. Әйтеке би ауылына

Билердің қатысуымен дүниеге келген «Жеті жарғы» заңы туралы айтып беріңдер.

ІV. Тірек- сызбамен жұмыс .

Үш топ өздерінің ауылдарының атымен берілген билеріне тірек-сызба арқылы өз түсініктерімен мәлімдеме береді.

V. «Біз ойымызды қорғаймыз». (Шешендік сөздердің мазмұнына қарай постер)

1. Төле би ауылына

Жерден ауыр не? Тақырыбында шешендік сөз беріледі. Соны оқып, мазмұнын плакатқа сурет етіп (постер) салады және қорғайды.

2. Қазыбек би ауылына

Дүниеде не өлмейді? Тақырыбында шешендік сөз беріледі. Соны оқып, мазмұнын плакатқа сурет етіп (постер) салады және қорғайды.

3.Әйтеке би ауылына

Балдан тәтті не бар? Тақырыбында шешендік сөз беріледі. Соны оқып, мазмұнын плакатқа сурет етіп (постер) салады және қорғайды.

VІ. Қортынды. Билерімінің жыр шумағы

Жүрегіме жеткен жалау

Үш топ билердің өлең шумағымен қортындылайды.


Сабақты пысықтау:

  1. Шешендік сөздер дегеніміз не? Оның түрлері

  2. Қандай би-шешендерді білеміз?

  3. Өз ойларымен эссе жазу.


Үйге тапсырма

  1. Үш бидің өмірі мен айтқан шешендік сөздерін оқу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал