7


  • Учителю
  • «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс

«Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс

Мақсаты: мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Эпиграф:

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

  1. Кіріспе сөз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз деп саналады.

Тіл халықтың жаны. Тіл құрыса, халықта жер бетінен де жоғалады. Әрбір адам өзінің ана тілін меңгеріп, ана тілінде еркін сөйлей білуі керек. Бүгін біз 2-4 орыс сынып оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс өткізгелі отырмыз.

Өтетін сайысымыз алты кезеңнен тұрады.

  1. Танысу

  2. Мақал - мәтел

  3. Үй тапсырмасы

  4. Мемлекеттік тілде ән шырқау

  5. Дода (сұрақ-жауап)

  6. Мәнерлеп оқу

І кезең «Танысу»

Сонымен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер, «жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезең «танысу» болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік.

І команда: «Білім», ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».

ІІ команда: «Бірлік», ұраны: «Бірлік болған жерде, тірлік болады».

ІІ кезең «мақал-мәтел»

«Сөз мәйеге - мақал» дегендей, келесі кезекті мақал-мәтелге берейік.

Ендеше, кім Отан, тіл, достық тақырыбына байланысты мақал- мәтел білетін болса, айтуға болады. Кәне, кім бастайды.

ІІІ кезең «Үй тапсырмасы» (диалог)

Кезек үй тапсырмасына де келіп жетті. Үйге сендерге кез-келген тақырыпқа, яғни қалауы бойынша диалог дайындап келу. Ендеше сөз кезегін сіздерге берейік.

ІV кезең Мемлекеттік тілде ән шырқау.

Ән мен өлең сәніміз

Әндетеміз біріміз, - деп келесі кезекті ән шырқау кезеңіне берейік.

V кезең «Дода»

Келесі кезең «Дода» деп аталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі әр командаға 10 сұрақ қойылады. Команда мүшелері сұраққа тоқтаусыз жылдам жауап берулері керек.

VІ кезең мәнерлеп оқу.

Осымен, біздің сайысымыз аяқталды, жарысқа қатысушыларға көп-көп рахмет. Ендігі сөз әділ қазылар алқасына беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал