7


  • Учителю
  • Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл

Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1-Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке – менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!2-Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, сақар тау, кербез орман көркем бел, лебі жұ
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.


Фанфар:


1-Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!


2-Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, сақар тау, кербез орман көркем бел, лебі жұпар ерке жел. Жанға сая панамыз - Қазақстан көркем жер!


1-Отаным ордасы ғой йгіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Шаңырағы он бес орда тең биіктеп,

Баянды бағы өрлеген жүз бір ұлттың.


2-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Бейбітшілік елін мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді. «Туған Отан - жан мекен, сенен асыл бар ма екен?» деп Арменияның ақын қызы Сильва Капутикян жырлағандай, барша халықтың тағдырын бұртұтас етіп табыстырған, ой - арманын бір арманға тоғыстырған - Ұлы Отанға - Қазақстанға деген сүйіспеншілік.


1-Қазақ жерінде тұрып жатқан туыстас бауырларымыз үшін қабылданған Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.


2-Қазақстан - бүгін міне жеке отау салтанатты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір - біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!

Құттықтау сөз ішкі саясат бөлімінің бас маманы Майбалаева Әлияға беріледі.

Би: Жорға тобының орындауында «Қазақ» биін қабыл алыңыздар.


1-Бүгінгінің биігін көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.


2-Қазақстан бүгін міне достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар - бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Ән: Иният Шерхен мен Асамаддин Бекзаттың орындауында Үндінің «Тум-хи-хо» әнін қабыл алыңыздар.


1-Бүгін міне өрекендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға.

Самға,самға өс, өркенде жайна елім, аршында!


2-Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Би: Шарипова Жазираның орындауында «Араб » биін қабыл алыңыздар.


1-Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Би:9 «б» сынып қыздарының орындауында «Украин» биін қабыл алыңыздар.

Би: 5 «а» сыныбының орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.


2-Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің ,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм-тұзымыз араласпыз әріден,

Дастархандар жайылады сәнімен.

Палауың мен бесбармағың сыбайлас,

Кезек жейміз алма, өрік дәмінен.

Ән: Жаманқұлова Заринаның орындауында «Севгилим» әнін қабыл алыңыздар.

Би: Ораз Рәбияның орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.


1-Қазақстан - жеңісті дана күндер

Қазақстан - толқынды дала күндер.

Қазақстан - әлемді елеңдетіп,

Байқоңырдан зулаған корабльдер.

Би: Тлесбекова Ақеркенің орындауындағы «Үнді» биін қабыл алыңыздар.


2-Қазақ озса ол - қырғыздың мерейі

Қырғыз озса ол - қазақтың мерейі

Қазақ-қырғыз туссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар

Дос туыстар көп болса да дүниеде

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Би: 7 «ә» сыныбының орындауында «Қырғыз» биін тамашалаңыздар.

Би: 8 «б» сыныбының орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.


1-Кім сүймейді ет жақынын туысын

Орыс халқы - туысымның бірісің.

Тұрды биік Туымыздай бұл достық

Ел басына төнген кезде ұлы сын.

Би: 7 «б» сыныбының орындауында «Орыс» биін қабыл алыңыздар.


2- Достық тапса діндер менен білімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Би:9 «ә» сыныбының орындауында «Үнді» биін қабыл алыңыздар.


1-Құрметті қонақтар осымен біздің Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған шағын концертіміз өз мәресіне жетті, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал