7


  • Учителю
  • Сызу пәнінен сабақ жоспары 'Геометриялық денелерді жазықтықпен қию' 9-сынып

Сызу пәнінен сабақ жоспары 'Геометриялық денелерді жазықтықпен қию' 9-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Сызу Сынып: 9

Тақырып: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.

Мақсаты: 1.Геометриялық денелерді жазықтықпен қиғанда пайда болатын қиық дененің көрінісі туралы, оның сызбасын құру тәртібі туралы білім беру.

2.Жазықтықпен қиылған пирамида мен конустың сызбасын орындау және интербелсенді тақтамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

3.Сызбаларды дұрыс, таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас (комбинированный урок)

Сабақтың түрі: Теориялық белім беру, тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

Әдіс-тәсілдері: Оқулықпен жұмыс, СТО стратегиялары (қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ЖИГСО, ой-толғаныс, сурет арқылы болжау, топпен жұмыс, спикер сайлау, бағалау кестесін қолдану),

Пәнаралық байланыс: Математика, геометрия, ИВТ,

Ұйымдастыру әдістері: Жалпылама, топпен, жұппен, жеке-дара.

Құрал-жабдықтар: Сызу құралдары, оқулық, тақта, интербелсенді тақта, геометриялық фигуралар.

Сабақтың кезеңдері:

І.Ұйымдастыру. ІУ.Мағынаны ашу

ІІ.Қайталау У.Ой-толғаныс

ІІІ.Қызығушылықты ояту УІ.Бағалау.

УІІ.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Амандасу. Журналға белгілеу. Топқа бөліп отырғызу. Бағалау кестесімен таныстыр, топ спикерлеріне беру.

ІІ.Қайталау. Екі топқа өткен тақырыптардан қайталау сұрақтарын карточкамен беру. (Интербелсенді тақтада көрсетілген).

ІІІ.Қызығушылықты ояту. Интербелсенді тақтада қиылған, жартылай геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетіп, бүгінгі тақырып не жайында болатынын болжату.

ІУ. Мағынаны ашу. Оқушыларға тапсырма беру. (ЖИГСО)

1-тапсырма: Интербелсенді тақтада жазылған. 1-ші топ параграф 25 «Геометриялық денелерді жазықтықпен қию» тақырыбының бірінші бөлімін (конусқа дейін) 72-74 беттегі мәтінді оқиды, 2-ші топ осы тақырыптың жалғасын 74-75 беттердегі конус туралы мәтінді оқып шығады. (Жеке, жұппен, топта жұмыс)

Әр топ мүшелері 1,2-ге саналып, екі эксперттік топқа бөлінеді. Бұл топта әр эксперт өз тақырыпшасын түсіндіреді.

Үй тобына келіп, талдау жасайды.

У.Ой-толғаныс.

1-тапсырма: Топ спикерлері жалпы топқа шығып топ жұмысын қорғайды.

2-тапсырма: Бірінші топ тақтаға қиық пирамиданың аксонометриялық проекциясын (80-сурет ә) тұрғызады. Екінші топ тақтаға қиық конустың (81-сурет ә) аксонометриялық проекциясын тұрғызады.

3-тапсырма: Интербелсенді тақтада көрсетілген қиық геометриялық денелердің бөлігін тауып, орнату.

УІ.Бағалау: Әр топ мүшесін топ спикерлері бағалайды.

УІІ.Үйге тапсырма: Параграф 25 оқып мазмұндау және соңында берілген жаттығуларды орындау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал