7


Сын есімнің жасалу жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Бекітілді: Г.Каримова 10.11.2016 ж 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы :Сын есімнің жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты : а) Сын есімнің жасалу жолдары жайлы білімдерін толықтыру. Сын есімнің мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.

ә)Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігімен жұмыс әрекеттерін дамыту.Тапқырлық, ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қасиеттерін арттыру;

б) Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу.Білім алуға,оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, шығармашылық, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі ; сызба, смайликтер,үлестірмелі материалдар;

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

II.Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

III.Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1. Сын есім жасалуына және құрамына қарай неше топқа бөлінеді? (негізгі,туынды, күрделі, дара)

2. Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтарды атаңдар?

3.87 - жаттығу

IV.Жаңа сабақты түсіндіру :

Сын есім екі түрлі жолмен жасалады.





  1. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар

  2. Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар

Қай жасалу жолы сендерге таныс?

Мысал келтіріңдер?

Ал , етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтарға тоқтала кететін болсақ.

Етістіктерге мына жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

- ғақ, - гек, - қақ, - кек, - ақ ,- ек: ұрыс-қақ, тай - ғақ

- ғыш, -гіш, - қыш, - гіш: біл-гіш, жаз-ғыш, айт-қыш

-ғыр, - гір, - қыр, - кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, біл-гір

-шақ, - шек: ұрын-шақ, қызған-шақ, мақтан-шақ

-ыңқы, - іңкі, -ңқы, - ңкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі,салбара-ыңқы

-ынды, - інді, -нды,-нді: жаса-нды, асыра-ынды, түй-інді

-малы, -мелі, -палы, - пелі, -балы, - белі:көтер-мелі, таңда-малы, көш-пелі

-ымды, - імді, - мды, - мді: жара-мды, қон-ымды,келіс-імді

- аған, - еген: қаша-ған, сүз-еген

- улы, улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы

-ма, -ме, - ба,-бе, -па,-пе: қыз-ба, ес-пе

- ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық,біт-ік, сире-к, ақса-қ

Тұлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан тұрады.Демек туынды сын есімдер дегеніміз - жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер.Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де,етістіктерден де жасалады. Мысалы : қыс-қы(күн),су-сыз(жер)сын есімдердің түбірі зат есімдер.

V.Оқулықпен жұмыс:94- жаттығу. Туынды сын есімдердің ішінен етістіктен жұрнақ арқылы жасалған сын есімдерд і теріп жазыңдар.

- Қандай сөз табын етістік дейміз ?

Етістік - заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті ? деген сұрақтарға жауап береді.





VI.Деңгейлік тапсырма (үлестірмелі материалдар тарату)

95- жаттығу.Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап айтыңдар.

(ауызша орындау)

VII. Шығармашылық тапсырма

96- жаттығу .Тірек сөздерді пайдаланып, өздеріңе таныс бір адамға мінездеме жазыңдар.

VIII .Қорытынды:

Білімді бекіту : а) тест

1. Сын есімдерді көрсет.

А) Жауын, қар.

В) Жылдам, тез.

С) Суық, таңдамалы.

Д) Мен, сен.

Е) Пай-пай

2. Туынды сын есімдерді тап.

А) Ақ, көк.

В) Айтқыш, таулы.

С) Қатты, суық.

Д) Бақыт, болашақ.

Е) Биік, аласа.

3. Зат есімнен болған сын есімді тап.

А) Ұрыншақ, ұшқыр.

В) Үйсіз, денелі.

С) Көшпелі, қысқа.

Д) Ілулі, киім.

Е) Қызғаншақ адам.

4. Етістіктен болған сын есімді анықта.

А) Тасты жер.

В) Ағашсыз аула.

С) Жазғы кеш.

Д) Еріншек оқушы.

Е) Діни ұйым.

5. «Қаш» сөзіне сәйкес келетін сын есім жұрнағын көрсет.

А) - шақ, шек.

В) - аған.

С) - мды.

Д) - еген.

Е) - кір.





Б)сұрақтар қою

1.Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2.Негізгі сын есім дегеніміз не ?

3.Туынды сын есім дегеніміз не ?

4.Туынды сын есім қалай жасалады ?

IX .Рефлексия:

XI .Бағалау : Жауап бергеніне қарап білімдері бағаланады.

XII.Үйге тапсырма : Ереже жаттау. (етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар)

97 - жаттығу. Берілген туынды сын есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жасаңдар.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал