- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер тақырыбына ашық сабақ
Қазақ тілі пәнінен Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер тақырыбына ашық сабақ
Екібастұз қаласы білім бөлімінің «№ 23 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сабақтың тақырыбы:
«Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер»
Қатысқан: 7-сынып
Дайындаған:
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айнабекова Арм гуль Саулебековна
Екібастұз қ., 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, өзара көмекке үйрету, табиғатты қорғауға баулу.
Білімділік: сөз тіркесі мен күрделі сөздердің және тұрақты тіркестердің айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын білу.
Дамытушылық: байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру,
салыстырып отырылған тілдік тұлғалардың ортақ белгілері мен өзіндік айырмашылықтары жайында ой
қорытындысын жасай алу қабілетін дамыту, ойларын дұрыс, жүйелі жеткізуге баулу, шығармашылық
белсенділіктерінің артуына жағдай жасау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: салыстыру, байқау, зерттеу, талдау, сұрақ-жауап, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылған технология - Б.С. Блумның таксономиясы.
Бірінші деңгей - БІЛІМДЕРОқу тапсырмаларының таксономиясы - бірінші деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
1.00 Білім
1.10 Нақты мәліметтерді білу
1.11 Терминологияны білу
Анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу
Сөздік, түсініктер, терминология, мән, анықтамалар, байланыстар, элементтер
Анықта, айыра біл: Төмендегі мысалдардан тек сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
Екі езуі құлағына жетті, қос нүкте, адал дос, Арал теңізі, қолы ашық, үйіне әкетті, жүгіріп бара жатыр, білімнің шыңы, жетіқарақшы, ақбөкен.
Еске түсір:
1-блок.
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесін грамматиканың қай саласы зерттейді?
Сөз тіркесіне қандай белгілер тән?
Басыңқы сыңар дегеніміз не?
Бағыныңқы сыңар дегеніміз не?
2-блок.
Күрделі сөз дегеніміз не?
Күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
Күрделі сөздер қандай тәсіл арқылы жасалады?
3-блок.
Тұрақты тіркес дегеніміз не?
Тұрақты тіркестерді тіл білімінің қандай саласы зерттейді?
Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі қызметін атқара ма?
Екінші деңгей - ТҮСІНУОқу тапсырмаларының таксономиясы - екінші деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
2.00 Түсіну
2.10 Сөйлем
Айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу, ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру
Маңыздылық, үлгі, анықтамалар, абстракциялау, ұсыну, сөздер, фразалар.
Айналдыр: Төмендегі есімді тіркестердің басыңқы сыңарларын пайдаланып, оларды етістікті тіркестердің бағыныңқы сыңарына айналдыр.
Менің отбасым, берік достық, көне қала, суық жел, бес кітап, оның екеуі, жайнаған бақ.
/Тапсырма жазбаша түрде тақтада орындалады./
Басқа түрде жазу: Төмендегі тұрақты тіркестерді мағынасы жағынан жақын сөздермен ауыстыр. /Жазбаша, дәптерде/
-
Ауладағы дәу төбетті көрген Асанның екі көзі шарасынан шықты. /қорқу/
-
Жиналысқа келген адамдар көп болғаны соншалық - мәжіліс залында ине шаншар жер жоқ болды. /тығыз, толық/
-
Бөлменің іші көзді ашып-жұмғанша құлаққа ұрған танадай бола қалды. /тез, тыныш/
-
Жұмған аузын ашпаған Темірлан іштей бармағын тістеп отыр. /үндемеу, өкіну/
-
Ақырында Дарын Азатты күтпеген жерден мұзға отырғызып кетті. /алдау/
Үшінші деңгей - ҚОЛДАНУОқу тапсырмаларының таксономиясы - үшінші деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
3. Қолдану
қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу , қайта өзгерту, топтастыру
Қағидалар, заңдар, қорытындылар, эффекттер, әдістер, теориялар, абстракциялар, жағдайлар, жалпылау, үрдістер, феномендер, тәсілдер
Жетекшілікке ал. Топтастыр. Оқушылар тақтада берілген мәліметтерді пайдаланып, тілдік бірліктерді анықтайды. Олар - сөз тіркесі, тұрақты тіркес, күрделі сөздер.
Байланыс орнат: Венн диаграммасы. Оқушылар сөз тіркесі мен күрделі сөзді, сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті өзара салыстырады. Содан соң үшеуіне де ортақ белгілерді жазады.
СЕРГІТУ СӘТІ. Оқушылардың бой жазуларына, сергуіне бағытталған жаттығулар орындалады.
Оқушылар «Көктем сен үшін не?» деген сұраққа жауап береді. Әр жауап берген оқушы орнына отырады.
Төртінші деңгей - ТАЛДАУОқу тапсырмаларының таксономиясы - төртінші деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
Талдау
4.10 Элементтерді белгілеу
Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау
Элементтер, гипотезалар, қорытындылар, фактілерді белгілеу, дәлелдер, қасиеттер
Идентификацияла: Төмендегі сөз тіркестерін талдаңыз.
/Тапсырманы кеспе қағаздарында орындайды да, тақтада талдап жазады/
1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа 4-нұсқа
Түркілер мекендеді домбыраны алды Арғынның бұлбұлы ғұлама ғалым
Талдау реті:
СТ жасалу жолы
СТ жасалу тәсілі
СТ байланысу формалары
СТ синтаксистік қатынасы
СТ түрі
СТ құрылымы
Бесінші деңгей - СИНТЕЗОқу тапсырмаларының таксономиясы - бесінші деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
синтез
5.20 Әрекеттер жоспарын әзірлеу
Ұсыну, жоспарлау, жасау, жобалау, модификациялау
Жоспар, міндеттер, спецификация, сызбалық фактілер, операциялар, тәсілдер, шешімдер, құралдар
Жасау. Мына тұрақты тіркестерді пайдаланып, шағын әңгіме жазыңыз. Әңгіменің мазмұны, тақырыбы табиғат, қоршаған орта туралы болуы керек.
Төбе шашы тік тұрды, он саусағындай білу, жерден жеті қоян тапқандай, тайға таңба басқандай.
Ұсыну.
Қазақ тіл білімінде матасуды жеке байланыс формасы ретінде қарастырып, «матасу» деген атау беріп, байланыс формасы қатарына қосқан ғалым - Мәулен Балақаев.
Күрделі сөздерді жүйелі зерттеген ғалым - Нұржамал Оралбаева.
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдар - Е.Ағманов, Ә.Әблақов, Мәулен Балақаев, К.Бейсенбаева, Мырзатай Серғалиев, Талғат Сайрамбаев, т.б.
Синтез - гректің сөзі. Мағынасы - тізбек, құрастыру.
Жобалау. Изафет деген не?
Алтыншы деңгей - БАҒАЛАУОқу тапсырмаларының таксономиясы - алтыншы деңгей
Етістік
Немен әрекеттеседі
Бағалау
6.20 Ішкі сынау
Пайымдау, дәлелдеу, шоғырландыру, салыстыру, стандарттау, бағалау
Мақсат, құралдар, тиімділік, экономика, пайдалылық, альтернатива, әрекеттер жоспары, СТАНДАРТТАР, ТЕОРИЯЛАР, ЖАЛПЫЛАУЛАР
Дәлелде: Оқушыларға қорытынды сұрақ қойылады. Сонымен, сөз тіркесін басқа тілдік тұлғалардан қалай айыруға болады?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын қалай атауға болады? Оқушы жауаптары тыңдалады. Тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.
Үй жұмысы. Оқулық. 231-жаттығу. 144 -бет.
Бағалау. Оқушы белсенділігіне қарай бағаланады.