7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. әдебиеттік оқу. Тақырыбы: 'Абай. ҒЫлым таппай мақтанба' 2 сынып)

Ашық сабақ. әдебиеттік оқу. Тақырыбы: 'Абай. ҒЫлым таппай мақтанба' 2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Апта 3

Күні 26. 09

Сынып 2 «В»

Сабақ № 13

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Нұрмаханова Сымбат

Сабақтың тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба

Сілтеме: Б.Т Қабатай С.Р Рахметова. Әдебиеттік оқу 2 сынып

Жалпы мақсаты

Ғылым таппай мақтанба өлеңін оқытып, өлеңнің мазмұнын, мағынасын түсіндіру. Ақынның бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына - ғылым, білім, өнер екендігін, кейінгі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандығын айтып, ақын шеберлігін ашу. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрістерін дамыту.
Сөздік қорларын арттыру. Оқушы жүрегіне Абайға деген сүйіспеншілікті ояту. Ғылым білімге шақыру.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру

Оқыту нәтижелері

Өз бетінше берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді. Сөздік қорлары дамиды.


Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Қолданылатын

модульдер

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғысынан ойлау.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқытуды басқару және көшбасшы


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану


Дереккөздер мен жабдықтар: Плакат, қима қағаздар, бағалау парағы, топқа бөлу кезеңдегі жыл мезгілдерінің суреті.

Қолданылатын құралдар: Үлестірме материалдар, плакат, қима қағаздар, слайд көрсетілімі, А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әуені

Қолданылатын техникалық құрал: Компьютер, процессор, интербелсенді тақта


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Әр сабақта балалар өз ойларын анық айтып, сауатты жазуға үйренеді. Балалардың сабаққа ынтасы артып, үлгермеушілер азая бастайды. Сөздік қорлары дамып, ойлау қабылеттері жетіледі.

Тапсырмалар

wікі

беттерінен

жүктелген

дереккөздер

1.Диалогтық оқыту

2.Сұрақ-жауап

3.Жұптық жұмыс

4.Мағынаны тану

5.Ой қозғау

«Сыңарын тап» ойыны

6..Бағалау

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі


Психологиялық дайындық Оқушыларды топқа бөлу.Жыл мезгілдеріне сай берілген суреттерге қарап, топқа бөлінеді.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға ,

Алға қадам аттаймыз.

Сұрақ-

жауап :

5 минут

I топ Бидайдың қандай пайдасы бар? II топ Нан қалай жасалады? III топ Нанға байланысты тыйым сөздерді айту. IV топ еңбек туралы мақал- мәтелдер айту.

Топтағы оқушылар сұрақтарға ақылдасып жауап береді.

Топтық жұмыс

а)Әр топқа жыл мезгіліне байланысты бір шумақ өлең беріледі. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, авторы кім екенін табады. (Абай) Ал енді балалар А.Құнанбаевтың басқа қандай өлең жолдарын білеміз? Балалардың жауабы тыңдалады. ә)Топтардың алдына қима қағаздар таратылады .Сол қима қағаздарды құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. I топ Абай Құнанбаев. 1.А.Құнанбаев кім? 2.Қай жылы дүниеге келген? 3.Қандай шығармаларын білесің? II топ «Ғылым таппай мақтанба» 4. Ғылым таппай мақтанба -дегенді қалай түсінесің? III топ «Жақсы іс» 5.Жақсы іс-дегенді қалай түсінесің? IV топ «Жаман іс» 6.Жаман іс -дегенді қалай түсінесің? Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Әр топ бірлесе отырып, көшбасшысы қорғайды.

Оқулықпен

жұмыс

А.Құнанбаевтың өмір баянына тоқталып, түсінік беріледі. А.Құнанбаев 1845. 22.08 қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.
Әр топқа өлеңді мәнерлеп оқытып түсінгендерін сұрау. (өлеңнің мағынасы толықтырылады) «Ғылым таппай мақтанба...» - Абайдың ж. жазылған өлеңі. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...» -дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол...» -деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау.

Топтық жұмыс.Әр тапсырма жауабына сай бағаланады.

«Ой қозғау» әдісі

Кеспе қағаздар

Олай болса кестеде берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазамыз. (I топ Білімді, II топ Талапты, III топ Ақылды, IV топ Өнерлі)

Топтық жұмыс

Сергіту

Шырылдады қоңырау, Табыс тілеп көзбенен, Біз сабақты бастаймыз, Жаңа білім алуға Партамызға отырып , Алға қадам аттаймыз. Өзара көз тастаймыз.


Мұғаліммен бірге қимылдайды

Дәптермен

жұмыс

Өз бойыңда қандай жақсы, қандай жаман мінез-құлық белгілері бар деп ойлайсың? Сызбаны дәптерлеріне толтырады.

Менің бойымдағы ұнамды қылықтар

Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар



Сауатты , көркем жазуларын тексеріп бағаланады.

Қолдану

Топтық

жұмыс

Ойын «Сыңарын тап» ойыны:
1.Жақсыдан үйрен, (Жаманнан жирен) 2.Талап тұлпар, (Білім сұңқар) 3.Ақыл азбайды, (Білім тозбайды) 4.Талант қартаймайды, (Білім ортаймайды)
5.Әріптен білім (Әліппеден ғылым)
6.Өнерлі (өрге жүзеді)

Жұптық жұмыс.

Ой қозғау


Абай ата сөзі


Бес асыл іс (жақсы іс)


Бес дұшпанның (жаман іс)


Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Бағалау

Бағалау жүйесі: 6-10 аралығы- «5» 3-5 аралығы «4» 1-2 аралығы -«3» 0- «2»


Бағалау кестесін толтырып өзін - өзі бағалайды, бірін- бірі Формативті бағалау арқылы топ белсенділігі анықталады.

Кейінгі оқу

1.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа айту.

2. Жаман іс, жақсы іс туралы шағын эссе жазып келу.


Сабақты

талдау

Қандай тапсырмалар орындалды?


Тәжірибелік



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал