7


  • Учителю
  • Жыр алыбы-Жамбыл атты кітапханалық сабақ.3-8 сыныптарға арналған.

Жыр алыбы-Жамбыл атты кітапханалық сабақ.3-8 сыныптарға арналған.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл Жабаев - 170 жаста

Мақсаты: Оқушыларға жыр дүлдүлі, қазақ ауыз әдебиетінің алыбы, суырып-салма ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, олардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, «Жыр алыбы - Жамбыл»-кітап көрмесі, ақын-жазушылардың ақын туралы сөздері жазылып ілінді.

Кітапханашы: ХХ ғасырдың Гомері атанған суырып-салма ақындық өнерінің ғажайып жұлдызына айналған Жамбыл Жабаев қазағымен бірге жасайтын тұлға. Қазақ әдебиетінің алыбы жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың 170 жасқа толуына байланысты«Жыр алыбы -Ж. Жабаев» - деп аталатын әдеби кешімізге қош келдіңіздер.Жыр дүлдүлі, атақты Сүйінбай Аронұлының шәкірті, жүз жасаған абыз, ғасыр сөзін сөйлеген күміс көмей ақын, тарих жылнамашысы, айтыс өнерінің саңлағы, халқымыздың талай дүбірлі оқиғасына куә болған Жамбыл ақын Шу өзенінің бойында, Жамбыл тауының бауырында 1846жылы ақпан айының 28-де дүниеге келген. Бала Жамбыл жөргектен шықпай жатып жоқшылық көріп өсті. Табиғатынан пысық, алғыр бала ән мен күйге құмар, ақындық өнерге бейім, естіген жырын қағып алатын құйма құлақ болып өседі. Жамбыл өз заманындағы ұлы ақындардың бірі. Кезінде ақынның шығармалары аударылып, дүниежүзіне тарады. «Қазақ» деген халықты бірінші рет Жамбыл есімімен байланысты таныды. Ол кеңестік саяси жүйені, социалистік даму жолының артықшылықтарын, жаңа құрылып жатқан қоғамның табыстарын жырға қосты. Жамбылдың ұзақ жасауы (бір ғасырға жарты жылдай ғана жетпеген) мен екі заманның бірдей куәсі болған, бар өмірін туған халқының тағдырымен байланыстырып, оның мұң-мүддесін, арман-мұратын жырларына арқау еткен. Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев жүзге қараған шағында 1945жылы 22маусымда қайтыс болған.

1-жүргізуші:Жамбыл жас кезінен байлық пен атақ-даңққа бас ұрмай, жағымпазданбай ақиқатты, адалдықты пір тұтқан. Қаналған мен қорланғандарға ара түсіп, жақтап, қолдап отырған. Оның «Сәт сайланарда», «Мәңке туралы», «Шалтабайға» атты өлеңдері ел билеуші-лердің әділетсіздігін, парақорлығын, қатыгездігін бетке айта білген ақынның батылдығын көрсетеді. Өлеңдері:





2-жүргізуші: Жамбыл поэзиясы-шыншыл поэзия. Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын жырларынан қазақ тұрмысының, қазақ қоғамының әділетсіз болмысын шенеген өлеңдері, оның атын ерте шығарған. Жамбыл шынайы шындықтың ақыны. Ол ұстазы Сүйінбай сияқты, ешкімге жалтақтамай, бетің бар, жүзің бар демей, көргенін жасырмай айтуға дағдыланады.

«Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлеймін сыйынбай. Сырлы, сұлу сөздері, Маған тартқан сыйындай », - деп, бұл сөздерді өз жүрегіне бойтұмар етіп, көзі жұмылғанша домбыраға, киелі өлеңге адал болды. Өлеңдері:





1-жүргізуші: Жамбылдың өлең - жырлары отаншылдығымен, елін, жерін мақтан тұтқан сезімінің байлығымен ерекше бағалы. Әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі өзгерістерді, жаңа қоғамның орнауын, табыстарын ол шаттана жырға қосты. Өзінің жасаруын елінің осы өзгерістерімен байланыстырды. Жалғанды жалпағынан басып өтіп, Жасарып, қайта туып алдым бекіп. Қаусаған отыз тісім қайта шықты Болғанда қызыл иек әлім кетіп, - деген жолдарындағы образдар қандай керемет. Өзінің жасарған көңіл - күйін қалай шебер суреттеген. Қаусаған отыз тістің қайта шығуы- осы жаңарған жастықтың көркем бейнесі сияқты.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері майдан даласын шарлап,жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырды. «Ленинградтық өренім» деген өлеңінің тарихын барлық халық жақсы біледі. Ол Ленинградты қорғаудың нағыз ауыр күндерінде шығарылып, қаланы қорғаушыларға дем берді, жауынгерлерді жігерлендірді. «Ленинградтық өрендерім» өлеңі. Өлеңдері:

1-жүргізуші: Майданнан баласы Алғадай хат жазып, қалай соғысып жүргенін баяндайды. Сонда Жамбыл оған былайша жауап жазады: ... Хатыңды балам, оқыдым, Халіңді білдім сапардан. Қуанып соған отырмын, Гвардеец атанған. Сұраншы, Саурық секілді. Болыпсың, балам, қаһарман. Алғадай деймін аянба, Әкеден тудың Жамбылдай, Жырымды жеткіз ерлерге, Майданнан соққан дабылдай.Енді осы баласы Алғадайдың соғыстан қайтпай, соғыста қаза болғанда арналған өлеңі «Алғадай туралы ой».

2-жүргізуші: Өлең Жамбылдың атын шығарды, Жамбыл өлеңнің киесін көтерді. Бұл - талассыз шындық. «Қор болмаймын өлгенше, Өлеңіме - ақ сыйындым», - деп жырлаған. Ия, Жамбыл баба сыйынған өлең Жамбылдың атын асқақтатты. Мұны ақын-жүрек сезді. Сезіп қана қоймай өлеңмен өрнектеді.

Өлеңдері:

1-жүргізуші: «Асып тұрған ақылым жоқ, жер тесіп кеткендей шешендігім жоқ, біліп тұрған білімім жоқ, оқымаған кісімін. Әйтседе байқаймын, халық көп біледі. Менің білімім - сол халықтың білгендері. Мен халықтың сөзін айттым.» - депті ол. Бұл - ұлылықтан туған кішпейілділік. Ақынның: Жамбыл - менің жай атым, Халық - менің шын атым, Жал- құйрығым, қанатым, - деуі осыдан болар. Жамбылды Жамбыл еткен - ең алдымен, өз халқының мол рухани мұрасы. Оның бостандық, әділдік, теңдік жайлы ойлары да сол халық жырларынан ауысқан. Ақын мұрасының бағалылығы да, өлместігі де сол халқына деген сүйіспеншілігінен, оған деген өлмес махаббатынан. Өлеңдері:





2-жүргізуші: Жамбыл - көп жасаған адам. Көп жасаған адам көпті көреді, халық бір-біріне «Жамбылдың жасын берсін» бата беріп жатады. Ұлыны ұлы ғана таниды. Мұхтар Әуезов мойындаған, Сәкен Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ромен Роллан сәлем салған, Ғабит Мүсірепов сынды сарбаз жазушы еркелеген Жамбыл бабаның ән- жыры, күйлері мен айтыстары , дастандары қазағымен бірге жасайтын ұлттық құндылыққа айналды. Енді тарих доңғалағы кері кетпейді, егемен, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық бренді ретінде Жамбыл есімі жасай береді.

Кітапханашы: Қазақтың ұлы тұлғалары көп. Олар қазақтың тарихында алтын әріппен жазылып, ұлттық мақтанышымыз болып қала бермек. Ал ұлт өркениетінің тарихында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы Абай мен халықтық, авторлық ауыз әдебиетінің энциклопедиясына айналған Жамбыл Жабаев Мәңгілік Қазақстанның символы болып, ұлттық өлшем болып қала береді. Жамбыл: «Уа, әлеумет, құлақ сал! Қария Жамбыл жырласын! Мен сөйлемей кім сөйлер, Заманам менің сырласым», деген еді. Заман өзгерер, уақыт өтер, бірақ өзгермейтін бірақ-ақ нәрсе, ол құрыштай құйылған Жамбыл бабаның өлеңдері.





























































Жыр алыбы - Жамбыл.

Жаңаталап орта мектебі кітапханасында жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 170жыл толуына арналған «Жыр алыбы- Жамбыл» атты поэзия кеші өтті.Поэзия кешінің мақсаты: оқушыларға қазақ ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, ақын өлеңдеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Ақын өлеңдерін 3сынып оқушылары Қанафиянова Арайлым, Тоқтарбеков Әли, 5сынып оқушылары Тоқтарбекова Саяжан, Ыдырышова Назым және 8сынып оқушылары Қажымұханова Айжан, Рамазанова Жібектер нақышына келтіріп оқыса, ағайынды Сая мен Айерке Ержанқыздары Жамбыл аталарына деген арнау өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері оқу ісінің меңгерушісі Абағанова Ғалия мен Кесенбаева Алмагүл, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Мутиханова Мейрамгүлдер қатысып, Жамбыл бабамыз жайлы оқушыларға көптеген мағлұматтар айтып берді. Ақын өлеңдерін жатқа оқыған оқушыларға мақтау қағаздары тапсырылды.

</ Жаңаталап орта мектебінің

кітапханашысы Қажыбаева Бағжамал.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал