7


  • Учителю
  • 'Оқудағы жаңа тәсілдер'рефлекссивтік есеп

'Оқудағы жаңа тәсілдер'рефлекссивтік есеп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жарты жылдық рефлексифті есеп 2013-2014 оқу жылы.


Қазіргі заман өзіне - өзі есеп беріп, өз әрекетін талдай алатын,өз қабілетін жүзеге асырып алған білімді орынды жерде қолданатын өмірін жоспарлай алатын түлға тәрбиелеп шығаруды талап етіп отыр.

Көне қытай ғұламасы Конфуций: Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең -есте сақтармын,ал өзіме жасатсаң - үйреніп аламын деген екен.Мен осы курсқа келгенше бұрынғы оқытуым дұрыс деп ойлайтынмын.Менің ойым өзгерді.Бұрынғы оқытуда топпен жұмыс түрін ұйымдастыра алмай жүріппін.Оқушы орнында болып, топпен жұмыс істей бастағанда өз қатемді түсіндім. Жалғыз жұмыс жасаудан гөрі топта бірлесе отырып алған білім жақсы екен.Өз ойыңды айтасың, басқалардың ойын тыңдайсың.Оқушылар бұрынғыдай тыңдап қана қоймай,тақырып төңірегінде ,өз ойын айтуға,сыныптастарының ойымен бөлісуге үйренеді. Сабақ жоспарын өзгертуден бастадым.Күнделікті сабағымда жоспарлауда, жеті модульдің барлығын емес,әрине бірнешеуін қолдандым..Алғашқыда менде біршама қиындықтар болды.Оқушыларды топқа бөлгенде олар топ ережесіне бағынбай шулап,сабаққа бөгет келтірді.Бағалау кезінде өздеріне жоғары баға қойып алған кездері де болды.АҚТ ны әр сабақта қолдануға жағдай болмады.Себебі кабинетімде белсендітақта жоқ.Сабақ басында психологиялық ахуал қалыптастыру үшін түрлі тренингтерден бастадым.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,сабақ арасында жаттығулар орындадық.Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топпен,ақылдасып,бір шешімге келіп,топ атынан өздерінің призентацияларын қорғауға үйренді.Әр сыныптағы көшбасшы анықтала бастады.Презинтация кезінде суретке деген дарындылығы өте жоғары оқушылар байқалды.Бағалау барысында сол сабақ жоспары бойынша критерийлер құрастырды.Оқушылар критерийлерге сәйкес келсе өздерін сол бойынша бағалады. Топпен жұмыс кезінде оқу мүдесі өте төмен оқушылар топпен бірлесіп белсенді жұмыс атқарды..

Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарынан және осы курсты аяқтаған әріптестерінен ақыл -кеңес ала отырып, құрастыруды жөн көрдім.

Жарты жыл ішінде жаңа әдіс -тәсілдер бойынша мектепшілік семинар өткізіп, тәжірибелерімізбен алмастық. Мектептегі І-ші және ІІ-ші деңгейдегі мұғалімдермен бірлесіп шығармашылық топ құрылды. Сол топтағы әрбір мұғалім жеке зерттеу тақырыбын таңдап, сол бойынша зерттеу жұмысы жасалып, нәтижесі әдістемелік студиясында көрсетіліп, қорғалды.

Зерттеу жұмысымның тақырыбы «Жаңа технологияның тиімділігі арқылы көшбасшыны анықтау 5 «А» сынып оқушыларымен жасалған жұмыс. Бұл тақырыпты алған себебім топтық жұмыс барысында Елдар мен Мирастың көшбасшылықтарын көрсете бастады. Нағыз көшбасшыны анықтау үшін арнайы критериийлер құрдым.Сол критерийлерге сәйкес келген Елдар болды.Әр сабақта топпен,жұппен,жұмыс жасап, сыныптастарының көзқарастарымен келісіп топтың атынан сөйледі.Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамын.

НӘТИЖЕСІНДЕ

Оқушылар үйренді:

1. Топтарға бөлініп жұмыс жасауды.

2. Өз ойларын еркін жеткізуді.

3. Өз-өзін, критерий арқылы бағалауды.

4. Топтағы көшбасшылар таңдауды.

5. Сыни тұрғыдан ойлауды.

6. Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдық, достық қатынас қалыптасты.

7. Берілген тақырып бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізуді.

Мен үйрендім:

1. Жеті модульді кіріктіре отырып, жаңаша сабақ

жоспарын құруды.

2. Бағалаудың жолдарын, кемшіліктерін анықтап, оларды жоюды.

3. Топтық жұмыс арқылы дарынды, талантты оқушыларды анықтауды.

4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беруді.

5.Сыныптағы көшбасшыны анықтауды.

6. Дайын білімді бермей,оқушылардың өздері не бағыттауды.

Болашақта:

1. Жеті модульді кіріктіріп сабақтарды түрлендіру.

2. Талантты мен дарынды оқушылармен қосымша жұмыс жасау.

3. Жас ерекшеліктерін ескере отырып сәйкес білім беру.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал